Қала әкiмi Болат Жұмабеков тұрғындармен кезектi онлайн режимдегi кездесуiн өткiздi

Қала әкiмi Болат Жұмабеков тұрғындармен кезектi онлайн режимдегi кездесуiн өткiздi

Бұл жөнiнде ол өзiнiң Facebook-тегi жеке парақшасында бөлiстi

«Тұрғындарды онлайн режимде қабылдадым.

Кездесу барысында қойылған сұрақтардың басым бөлiгi тұрғын үймен қамту, жер мәселесiне қатысты болды.

Тұрғындар тарапынан келiп түскен сұрақтардың барлығы бақылауда болады. Жауапты органдарға бiрқатар тапсырмалар жүктедiм.

Өткен жылы бiз жиi келетiн сұрақтарды топтастырып, әлеуметтiк желiге салған болатынбыз. Биыл да сол үрдiс жалғасады. Келесi жұмада өзектi сұрақтардың бiрқатарына жауап беретiн боламыз» — дедi қала әкiмi.

Естерiңiзге сала кетейiк, қала бойынша тұрғындарға көмек беретiн, ikomek жедел әреккт ету орталығы жұмыс iстейдi. 109 нөмiрi бойынша хабарласып мазалаған сұрақтарыңызға жауап ала-аласыздар.

WhatsApp (8-77-109-109-00) және Instagram-парақша: ikomek_petropavl.

IKomek — 109 Петропавловск