Меню

Страницы

Статья

Ситуационный центр Ikomek

Петропавл қаласының iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы

iKOMEK 109 – Петропавл қаласы әкімдігінің тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін, коммуналдық қызметтердің барлық колл-орталықтарын біріктіретін және қала тұрғындарымен байланыс орнатудың бірыңғай нүктесі болып табылатын байланыс орталығы.

Барлық тұрғындардың өтініштері арнайы реестрге тіркеліп, тіркеу нөмірі беріледі және ары қарай тиісті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге белгіленген мерзімде шешу үшін жолданады.

Қалай жүгінуге болады:

Егер сіз қала тіршілігін қамтамасыз ету немесе коммуналдық шаруашылық саласындағы қандай да бір мәселе бойынша қиындыққа тап болсаңыз, келесі байланыс арналары арқылы iKOMEK 109 орталығына тегін жүгінуге болады:

  • 109 қысқа нөмірі арқылы (ұялы және қалалық телефоннан тегін);
  • WhatsApp: +7 (771) 091-09-00;
  • Instagram: @ikomek_petropavl.

Біздің басты мақсатымыз — қала тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және қалалық қызметтер мен ведомстволардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Нәтижелер:

iKOMEK жедел әрекет ету және мониторинг орталығының енгізілуімен тұрғындардың коммуналдық қызметтерге жеке барып шағымдану жағдайлары 5 есеге азайды.
Орталықтың басты артықшылығы — көптеген мәселелерді қашықтан шешу мүмкіндігі және оларды салалар бойынша нақты бөлу.

Қалалық қызметтер порталы — iQala

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Комиссияның хаттамасына сәйкес, iQala жобасының Астана қаласындағы табысты тәжірибесі негізінде бұл жобаны еліміздің өңірлерінде енгізу тапсырылған болатын.

2023 жылдың соңында Петропавл қаласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін автоматтандыру жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Smart City жобасы аясында sqoqyzmet.kz бірыңғай порталы жұмыс істеп тұр. Бұл портал арқылы 43 қызмет түрі ұсынылады. Портал іске қосылған сәттен бастап қаланың тұрғындарына 5000-нан астам қызмет көрсетілді.

Артықшылықтар:

  • «Бір терезе» қағидаты азаматтардың уақытын үнемдеуге және коммуналдық мекемелерге жеке бару қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді;
  • Қызметтерге жеке де, заңды тұлғалар да жүгіне алады;
  • Қала әкімдігінде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін фронт-кеңсе жұмыс істейді;
  • Сонымен қатар, «Севказэнергосбыт» ЖШС ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған.

P.S.: Кесте өзекті, дәл сайттағыдай.

Кәсіпорын атауы

Басшының ТАӘ

Байланыс телефоны

Тупик орналасқан жері

Көмір атауы

"ЮНА-LTD" ЖШС
info@una.kz

Дядин Алик Мамедович

8-777-262-86-00
Бухгалтерия: 46-79-82
41-33-22

Петропавл қ., Чкалов өткелі, 20

Майкөбен көмірі
Екібастұз көмірі
Жалын көмірі

"Отын-LTD" ЖШС
Otun.ltd@mail.ru

Данилов Евгений Андреевич
Бухгалтер: Светлана Анатольевна

8-701-513-90-77
Бухгалтерия: 31-72-24
8-771-380-16-52

Петропавл қ., Еңбек д-лы, 18А

Екібастұз көмірі
Шұбаркөл көмірі
Майкөбен көмірі

"Трудо-оглы А." ЖК
TMS5656@mail.ru

Трудо оглы Аблахат
Менеджер: Турумухамбетов Муратхан Сансызбайұлы

39-79-35
8-778-637-86-39
Менеджер: 8-701-727-09-58

Петропавл қ., Панфилов көш., 276

Шұбаркөл көмірі

"Пром Инвест Уголь" ЖШС
Prominvestygol2010@mail.ru

Шевченко Игорь Петрович

40-08-40
40-08-87
8-705-889-51-15
8-701-511-74-04

Петропавл қ., Ленинград көш., 116

Қаражар көмірі

 

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы