Меню

Страницы

Статья

Кітапша

КітапшаКітапшаКітапшаКітапшаКітапшаКітапша

 

Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде «www.egov.kz» порталы арқылы некені бұзу туралы өтінішті берудің келесідей қадамдық нұсқасын ұсынады.

1 қадам. «www.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ЖСН мен құпия сөз немесе

ЭЦҚ қолданып, авторизациядан өту қажет.
2 қадам. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.

3 қадам. «Отбасы жағдайы» парағына өтіп, «Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

 

4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.

5 қадам. Алдымен өтініштің түрін тандау қажет:

6 қадам. Неке қию туралы акт жазбасына сұраныс жасау қажет.
Сұраныс АХАТ бөлімімен дәлелденіп, сұраныстың мәртебесі «Жазба табылды» деп өзгергеннен кейін «бұдан әрі» батырмасын басамыз.
7 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет: Өзіңіз туралы мәліметтер толтырамыз (неке бұзылғаннан кейінгі тегіңізді көрсетуіңіз қажет).
Осымен, бір жаққа қатысты мәліметтерді толтыру аяқталып келеді.
8 қадам. Бұдан кейін, Сізді өзіңіздің электрондық-цифрлі қолтаңбамен бекітуге жататын «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.
9 қадам. Енді тек екінші арыз берушінің (жұбайыңыздың) қол қоюын күту қалды, яғни, ол өтінішті растау қажет (өтініш растауды 48 сағаттан артық емес уақыт күтеді, одан кейін жойылып кетеді).
10 қадам. Екінші арыз беруші (жұбайыңыз) порталдағы өзінің жеке кабинетіне кіргеннен кейін, «қызметтер алу тарихы» бөлімінде некені бұзуға өтініш беру қызметі қосылғанын көреді.

11 қадам. «Қарап шығу» батырмасын таңдау қажет.
12 қадам. Пайда болған өтінімде барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты жіберу қажет.
13 қадам. ЭЦҚ қолданып, қол қою қажет.
Өтініш АХАТ бөлімімен қабылданғаннан кейін, Сізді келесі – төлеу кезеңіне аударып жібереді.
Бұл кезеңде Салық органы мен СТК көрсететін терезе ашылады (910 – «Жалпы белгінген тәртіп» таңдау қажет), кейін, «Төлеу» батырмасын басу қажет (қызмет құны — 2 АЕК)
Бұдан кейін, Сізді электрондық үкіметтің төлеу шлюзына аударып жібереді, бұнда, көрсетілген тәсілдерінің бірімен мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болады.
Егер барлығын дұрыс жасап, төлем ойдағыдай өтсе, Сіз электронды чек пен қызмет төленгендігі туралы хабарлама аласыз.
Осымен аяқталды, осы сәттен бастап сіздер ресми түрде некені бұзуға электрондық өтініш бердіңіз.
Өтінішті растағаннан кейін, тағайындалған күні (өтініш бергеннен кейін бір ай мерзім беріледі), Сіздер АХАТ бөліміне келіп, ресми түрде некені бұзасыз. АХАТ бөліміне келмеген жағдайда, өтініш жойылып кетеді.

💥Назар аударыңыз: бұл қызметпен некелерін 01.06.2008 жылдан бастап тіркеген, ортақ кәмелет жасқа толмаған балалары жоқ, бір біріне мүліктік немесе басқа да дауы жоқ қана азаматтар қолдана алады!

Біздің меке-жайымыз: Қазақстан Конституциясы көшесі, 72.

8-715-2-31-06-26

«www.egov.kz» порталы арқылы тууды тіркеуге өтініш берудің келесідей қадамдық нұсқасын ұсынады:

1 қадамwww.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ЖСН мен құпия сөз немесе ЭЦҚ қолданып, авторизациядан өту қажет.

2 қадам. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.

3 қадам. «Бала» парағына өтіп, «Баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышында «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.

5 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет:
Өтініштегі ең бірінші толтырылатын терезе – арыз берушінің тұрғылықты облысы, мысалы, «СҚО». Келесі – тұрғылықты жері бойынша және өтініш жіберілетін АХАТ бөлімін таңдаймыз (мысалы:Петропавл қаласы), сосын өтініш берушінің байланыс телефонын көрсетеміз.
Өтініштегі келесі қадам – баланың ата-анасы туралы мәліметтерді толтыру, бұнда қызыл түспен белгіленген және толтырылуға міндетті болып келетін барлық жолдарды толтырамыз. Баланың ата-анасы туралы барлық жолдарды толтырғаннан кейін, «бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Сізді өтініштің «Бала туралы мәлімет» деген келесі кезеңіне аударып жібереді.
Бұл кезеңде автоматты түрде медициналық мекемеде толтырылған баланың туу туралы медициналық анықтамасындағы мәліметтер шығады, яғни: жынысы, туған күні, туылған мекеменің атауы. Одан кейін баланың деректерін толтырамыз: оған берілетін тегін, атын, әкесінің атын. Барлық қажетті жолдарды толтырғаннан кейін «Одан әрі» батырмасын басамыз, Сізді келесі «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.
6 Қадам. Бұл кезеңде өтінішті өзіңіздің электронды цифрлық қолтаңбамен бекіту қажет.
Осымен, Сіз онлайн-тәртіпте баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беруді ойдағыдай аяқтадыңыз!
Берілген өтініштің мәртебесін Сіз менюдың оң жаңындағы жоғары бұрышта орналасқан «қызметтер алу тарихында» қарай аласыз. Яғни, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін, ол көрсетілген АХАТ бөліміне түседі. АХАТ бөлімі, Сіздің электронды өтінішіңді қабылдап, тіркегеннен кейін, Сізге автоматты түрде баланың туу туралы куәлігі қашан дайын болатыны, АХАТ бөлімінің мекен-жайымен мен телефондары көрсетілген хабарлама келіп түседі.
Хабарламада көрсетілген күні Сіз АХАТ бөлімінен баланың дайын туу туралы куәлігін алып кете аласыз. Алуға келгенде, өзіңізбен бірге: баланың туу туралы медициналық куәлігінің түпнұсқасы және жеке куәлігіңіз болу қажет.

egov.kz порталы арқылы онлайн түрде қайтыс болуды тіркеуге өтініш берудің қадамдық нұсқасын ұсынамыз:

1 қадам. «www.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ұсынылған амалдардың біреуін таңдап, авторизациядан өту қажет.
2 қадам. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.

3 қадам. «Отбасылық жағдай» парағына өтіп, «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетілер енгізу» қызметін таңдаңыз.

4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышында «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.

5 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қажетті жолдардың барлығын толтыру керек: облысы, өтініш жіберілетін АХАТ бөлімі, қайтыс болған адамның ЖСН-ы.
Өтініштегі келесі жолдар – қайтыс болған жері: елі, облысы, ауданы, қайтыс болу себебі, диагнозы, нақты қайтыс болу күні, қайтыс болуды тіркеудің негізі, құжат нөмірі, берген мекеме, берілген күні – дәрігермен берілген қайтыс болу туралы

медициналық куәлік бойынша толтырылады.

6 қадам. «Өлімді тіркеудің негізі» жолын толтыру барысында алдын ала сканерленген қайтыс болу туралы медициналық куәлікті жүктеу қажет (екі бетін). Сканерлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, құжатты телефонға суретке түсіріп, компьютерге жүктеп қоюға болады.
7 қадам. «Өтініш беруші туралы ақпарат» жолын толтыру барысында компьютерден арыз берушінің марқұммен туыстық қатынасын растайтын құжаттарды жүктеу қажет, мысалы: туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, т.б. Себебі, қайтыс болу туралы куәлік марқұммен туыстық қатынасты растаған жағдайда ғана беріледі. Бұл құжаттарды да алдын ала сканерлеп қоюға немесе телефонға суретке түсіріп, компьютерге жүктеп қоюға болады.
8 Қадам. Келесі кезең – қызметке қол қойып бекіту. Қызметті электронды цифрлық қолтаңбамен немесе бір реттік СМС-хабарлама арқылы қол қойып бекітуге болады.
Осымен, қайтыс болуды тіркеуге онлайн тәртіппен өтініш беру аяқталды.
Егов порталындағы жеке кабинетіңізде «Қызметтер алу тарихы» бөлімшесінде қызмет көрсету нәтижесімен танысуға болады: бұнда құжаттың дайын болу уақыты көрсетілген хабарлама түсу керек.

Біздің меке-жайымыз: Қазақстан Конституциясы көшесі, 72.

8-715-2-31-06-26

Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
Қызметті онлайн қалай алуға болады?

Некені тіркеуге өтініш берушіге: «www.egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы некені тіркеуге өтініш берудің келесідей қадамдық нұсқасын ұсынамыз:
1 қадамwww.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ЖСН мен құпия сөз немесе ЭЦҚ қолданып, авторизациядан өту қажет.

2 қадам. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.
3 қадам. «Отбасы жағдайы» парағына өтіп, «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.

4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.

5 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет:
Өзіңіз туралы мәліметтер толтырып, болашақ жұбайыңыздың ЖСН теру қажет. «ТАӘ табу» деген батырманы басу қажет, бұл жүйеде ЖСН бойынша қажетті адамды /болашақ жұбайыңызды/ табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, некеңіздің тіркелуін қалайтын АХАТ бөлімін таңдау қажет /мысалы, СҚО Қызылжар ауданында бола тұра, Петропавл қаласының АХАТ бөлімін таңдауға болады. Егер мемлекеттік баж салығын Сіз төлейтін болсаңыз, «Төлеу» пунктін белгілеңіз.
Осымен, бір жаққа қатысты мәліметтерді толтыру аяқталып келеді, егер қызмет ақысын Сіз төлейтін болып белгілесеңіз, «Сұранысты жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Сізді келесі – төлеу кезеңіне аударып жібереді. 

6 қадам. Бұл кезеңде Салық органы мен СТК көрсететін терезе ашылады (910 – «Жалпы белгінген тәртіп» таңдау қажет), кейін, «Төлеу» батырмасын басу қажет (қызмет құны — 1 АЕК)

7 қадам. Бұдан кейін, Сізді электрондық үкіметтің төлеу шлюзына аударып жібереді, бұнда, көрсетілген тәсілдерінің бірімен мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болады.
Егер барлығын дұрыс жасап, төлем ойдағыдай өтсе, Сіз электронды чек пен қызмет төленгендігі туралы хабарлама аласыз.

8 қадам. Бұдан кейін, Сізді өзіңіздің электрондық-цифрлі қолтаңбамен бекітуге жататын «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.
9 қадам. Енді тек екінші арыз берушінің (болашақ жұбайыңыздың) қол қоюын күту қалды, яғни, ол өтінішті растау қажет (өтініш растауды 48 сағаттан артық емес уақыт күтеді, одан кейін жойылып кетеді).
10 қадам. Екінші арыз беруші (болашақ жұбайыңыз) порталдағы өзінің жеке кабинетіне кіргеннен кейін, «қызметтер алу тарихы» бөлімінде некені тіркеуге өтініш беру қызметі қосылғанын көреді.
1" қадам. «Толтыруға көшу» батырмасын таңдау қажет.
12 қадам. Пайда болған өтінімде барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты жіберу қажет.
13 қадам. ЭЦҚ қолданып, қол қою қажет.

Осымен аяқталды, осы сәттен бастап сіздер ресми түрде некені тіркеуге электрондық өтініш бердіңіз.
Өтінішті растағаннан кейін, өзіңіз таңдаған күні мен уақытта, Сіз АХАТ бөліміне келіп, ресми түрде ерлі-зайыптылар болып жарияланасыздар. АХАТ бөліміне келмеген жағдада, өтініш жойылып кетеді.
Сәттілік тілейміз!

 

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы