Меню

Страницы

Статья

Қызмет туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ 2020 жылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласындағы қызметi туралы есеп

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес бөлiм «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру», «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру», «Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» үш мемлекеттiк қызметтi көрсетедi.

2020 жылдың 12 айы iшiнде 302 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» мемлекеттiк қызметi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы, «Электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

2019 жылмен салыстырғанда көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны — 628 мемлекеттiк қызметтi құрады (41 — бiлiктiлiк санатын беру; 545 — спорттық разрядтар беру; 42 — «спорт төрешiсi» санатын беру); 2020 жылы сол кезеңде — 204 мемлекеттiк қызметтi құрады (22 — бiлiктiлiк санатын беру; 175 — спорттық разрядтар беру; 7 — «спорт төрешiсi» санатын беру).

«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру» мемлекеттiк қызметi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

2020 жылы қызмет алушылардан өтiнiштер келiп түскен жоқ.

«Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызметi балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, мүгедектерге арналған спорт мектептерiмен көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны — 98 (2019 жылы — 339 мемлекеттiк қызмет).

Шағымдар мен мерзiмдердi бұзу болған жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қағидалар мен толық ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде, сондай-ақ бөлiмнiң ақпараттық стендiнде жарияланған.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы аясында 2020 жылдың 19 ақпанында «Балалар-жасөспiрiмдер гимнастика спорт мектебi» КММ-де «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ мамандары қала тұрғындары үшiн «Ашық есiк күнi» iс-шарасын өткiздi. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау, спорттық разрядтар мен бiлiктiлiк санаттарын беру бойынша 10 азаматқа түсiнiктеме берiлдi. 25 адам қатысты, ақпараттық брошюралар таратылды: электрондық қызметтердi iлгерiлету бойынша — 15; қызмет алушылардың құқықтары бойынша — 10.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы аясында 2020 жылдың 20 ақпанында «Қызылжар» балалар-жасөспiрiмдер футбол спорт мектебi» КММ «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ мамандарымен қала тұрғындары үшiн «Ашық есiк күнi» iс-шарасы өткiзiлдi. 12 азаматқа балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiне құжат қабылдау, спорттық разрядтар мен бiлiктiлiк санаттар беру бойынша түсiнiктемелер берiлдi. 35 адам қатысты, ақпараттық брошюралар таратылды: электрондық қызметтердi iлгерiлету бойынша — 20; көрсетiлетiн қызметтi алушылардың құқықтары бойынша — 15.

2020 жылғы 26 ақпанда бөлiм басшысы Данияр Бiржанұлы Жолдасбаев Солтүстiк Қазақстан облысының Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша брифингте сөз сөйледi

2020 жылғы 12.06 № 24 (811) «Qyzyljar nury» және 2020 жылғы 05.06 № 23 (854) «Проспект СК» газеттерiнде электрондық мемлекеттiк қызметтердi iлгерiлету және оларды «электрондық үкiмет» орталында алу мүмкiндiгi бойынша мақалалар жарияланды.

2020 жылдың 22 шiлде күнi сағат 11:00-де Facebook әлеуметтiк желiсiнiң тiкелей эфирiнде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Данияр Бiржанұлы Жолдасбаев сөз сөйледi.

Тiкелей эфир кезiнде 4 сұрақ келiп түстi, барлық сұрақтарға жауаптар берiлдi.

2020 жылдың 02 қыркүйек күнi сағат 16:00-де Facebook әлеуметтiк желiсiнiң тiкелей эфирiнде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi және бөлiмнiң функционалдық мiндеттерi бойынша дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Данияр Бiржанұлы Жолдасбаев сөз сөйледi.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында қала көшелерiнде, сондай-ақ «Рахмет», «Семейный», «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталықтарында электрондық мемлекеттiк қызметтердi әйгiлеу мақсатында бөлiм мамандарымен 130 кiтапша таратылды.

2020 жылы бөлiм мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы және электрондық мемлекеттiк қызметтердi әйгiлеу бойынша 800 кiтапша мен парақшаны таратты.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене
шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ
басшысының м.а. Ж. Мұхаметғалеев

Дата публикации
19 августа 2021
Дата обновления
19 августа 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы