«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ 2020 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп
Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес көрсетiлген кезеңде Бөлiммен 17 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:
2020 жылы барлығы 13 541 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 3577 қызмет, электрондық үкiмет порталы арқылы — 9964 қызмет.
Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
Көрсетiлген кезеңде 126 қызмет алушыға атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезiнде мынадай себептер бойынша бас тартылды: отбасы құрамы туралы дұрыс емес мәлiметтер ұсыну, табыстардың артуы, табыстардың жасырылуы, сондай-ақ 26 қызмет алушыға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау кезiнде табыстардың асып кетуiне, Петропавл қаласында тұрақты тiркеудiң болмауына, ағымдағы жылы көрсетiлген әлеуметтiк көмекке қайта жүгiнуге байланысты. Барлық қызмет алушыларға түсiнiктемелер берiлдi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» және «Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» 2 мемлекеттiк қызмет бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидалары бекiтiлдi.
Қалған 15 мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес көрсетiледi.
Бөлiмде халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасалған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат бiрiншi қабаттың стендiнде, қызмет алушылардың көзбен көруiне қолжетiмдi деңгейде орналасқан. Онда барлық көрсетiлетiн қызметтер бойынша ақпарат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылған. Кабинеттер қажеттi компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындықтармен қамтамасыз етiлген. Бөлiмнiң күту залында теледидар экраны орнатылған, онда бөлiм көрсететiн мемлекеттiк қызметтер туралы бейнероликтер көрсетiледi, сонымен қатар барлық қажеттi ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң сайтында, Бөлiмнiң ресми сайтында орналастырылған, үлестiрме буклеттер мен жадынамалар бар.
Бөлiмнiң холында бөлiммен және жұмыспен қамту орталығымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпаратпен брошюралар орналастырылған қосымша-тiректер бар. Әрбiр келушi оларды танысу үшiн ала алады.
Мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға қызмет көрсету бiрiншi қабатта жүргiзiледi. 2020 жылы Жұмыспен қамту бөлiмi ғимаратының алдыңғы кiреберiсiне қайта құру жүргiзiлдi. Ғимараттың өзi тұтқалары бар кiреберiс баспалдақпен, сырғанамайтын жабыны бар пандуспен және шақыру кнопкасымен, тактильдi бағыттағыштармен, күту және дем алу орындарымен, Брайль тiлiндегi ақпараттық жазбалармен, қызметтердi алу тәртiбi туралы ақпараттық стендтермен, жеке үстелдегi ақпараттық материалдармен жабдықталған, балдақтарға арналған iлгектер, күту және қызмет көрсету орындары, кондиционер бар. Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттiлiктерi бар адамдарға арналған санитарлық бөлме бар, ол толықтай жабдықталған.
3 «Жұмыспен қамту» ақпараттық дүңгiршегi жұмыс iстейдi: бөлiм; халықты жұмыспен қамту орталығы; емхана ғимаратында орналасқан, онда қала тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша толық ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң және жұмыспен қамту бөлiмiнiң ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде, Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жөнiндегi бөлiмнiң ақпараттық стендiнде орналастырылған.
Бөлiммен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен тұрақты негiзде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпараты бар ақпараттық брошюраларды тарату бойынша, оның iшiнде электрондық форматта жұмыс жүргiзiлдi. Халықты ақпараттандыру мақсатында 2700 астам брошюралар таратылды.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыру тұрақты негiзде жүйелi жұмыс жүргiзiлдi.
Есептiк кезеңде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы келесi түсiндiру iс-шаралары жүргiзiлдi:
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берiлдi.
Жұмыс iздеп жүрген адамдарға 70 жұмыс берушiден 900 астам бос жұмыс орны ұсынылды, олардың 500 жуық бос жұмыс орны Жұмыспен қамту жол картасы бойынша.
Бос орындар жәрмеңкесiне 24 кәсiпорын мен ұйым қатысты, олардың iшiнде «ПетропавловскСпецКомунСтрой» ЖШС, «Құрылыс Сервис СК» ЖШС, «Коммунхоз» ЖШС, «Средазэнергомонтаж Петропавл» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «ЭТАЛОНСЕВЕРВОДСТРОЙ» ЖШС, «Су «Энергострой» ЖШС, «ЗМО» ЖШС, «BI Grup» ЖШС және басқалары.
Сондай-ақ, iзденушiлерге жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бойынша 164 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жұмыс iздеушi ретiнде жәрмеңкеге 30 жуық адам келдi, олар «Еңбек» бағдарламасын iске асыру шеңберiндегi мемлекеттiк қолдау шаралары туралы, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберiнде iске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша кеңестер алды, сондай-ақ жұмыс берушiлермен әңгiмелесуден өттi.
Бос жұмыс орындары туралы мәлiметтер Жұмыспен қамту бөлiмiнiң (http://ozsp-petropavl.sko.kz) және халықты жұмыспен қамту оралығының http://cz-petropavl.sko.kz) ресми сайттарында қолжетiмдi.
«Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттарды ресiмдеу».
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берiлдi.
Конференция барысында құжаттар тiзiмi мен тапсыру тәртiбi, осы мемлекеттiк қызметке жүгiнуге болатын тұлғалардың санаттары және орындау мерзiмi туралы түсiнiктемелер берiлдi.
1) «Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi, әрекетке қабiлетi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық кеңесiнiң ережесi».
Құқықтық жаппай оқыту барысында кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi, әрекетке қабiлетi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ психикалық ауруы немесе ақыл-есi кемдiгi салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға қамқоршылық және қорғаншылық белгiлеу тәртiбi туралы мәселе қозғалды;
2) «Өтiнiш беру тәртiбi және «42500» әлеуметтiк төлемiн қайта қарау рәсiмi».
Жаппай оқыту барысында өтiнiштердi беру тәртiбi және «42500» әлеуметтiк төлемiн қайта қарау рәсiмi туралы түсiнiктемелер берiлдi.
Конференцбайланыс барысында өтiнiш пен құжаттарды беру тәртiбi, тұрғын үй көмегiн тағайындау және қарау мерзiмi, мемлекеттiк қызмет алушылардың санаттары мен мөлшерi, сондай-ақ «электрондық үкiмет» порталы арқылы құжаттар беру туралы түсiнiктемелер берiлдi.
Конференция қорытындысы бойынша сұрақтар қойылған жоқ.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берiлдi.
Қала әкiмiнiң және Жұмыспен қамту бөлiмiнiң сайттарында, сондай-ақ әлеуметтiк желiлерде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер және оларды «электрондық үкiмет» порталы арқылы алу тәртiбi туралы слайдтар, қадамдық нұсқаулықтар, инфографикалар мен түсiндiру сипатындағы бейнероликтер орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн Бөлiмде тұрақты негiзде жұмыспен қамту орталығының мамандары мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерiн тарта отырып, секторлар арасында құқықтық жаппай оқыту жүргiзiледi.
Маусым айында қала әкiмi аппаратымен мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау iс-шаралары өткiзiлдi, оның барысында Жұмыспен қамту бөлiмiнiң атына 1 және жұмыспен қамту орталығының атына 3 ескерту анықталды, олар жойылды және алдағы уақытта мұндай қателiктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттiк қызмет көрсететiн мамандар арасында түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында 2020 жылғы 24-28 тамыз аралығында бөлiмнiң алты қызметкерi «Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелiлiгi мен сапасын басқару» тақырыбы бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi. Соңында қатысушылар сертификаттар алды.
Мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiм мамандарының жұмысы тұрақты бақылауда және мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Басшы Д. Асылбеков
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ 2019 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызметi туралы есебi
Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес көрсетiлген кезеңде Бөлiммен 18 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi : «Ақталған адамға анықтама беру»,«Жұмыс iздеушiлердi жұмыссыз ретiнде тiркеу», «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек көрсету үшiн құжаттарды рәсiмдеу», «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Қозғалысында қиындықтары бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi және есту қабiлетi бұзылған мүгедектер үшiн ым тiлi маманы қызметтерiн ұсыну үшiн құжаттарды рәсiмдеу», «Мүгедектерге мүгедектер арбаларын ұсыну», «Мүгедектерге олардың санаторлық-курорттық емделуiн қамтамасыз ету үшiн құжаттарды рәсiмдеу», «Медициналық және әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге арналған құжаттар рәсiмдеу», «Үйде күтiм жасау жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну бойынша құжаттамалар рәсiмдеу», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарына ұшыраған азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiр жолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақыны төлеу, куәлiктер беру»; «Жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беру», «Тұрғын үй көмегiн тағайындау», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға кететiн шығындарды өтеу», «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға жататындығы туралы анықтама беру», «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау», «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн жеке тұлғаларға жолдамалар беру», «Жұмыс iздеушiлердi тiркеу», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау».
2019 жылғы 3 қазаннан бастап екi қызмет: «Жұмыс iздеушiлердi тiркеу» және «Жұмыс iздеушiлердi жұмыссыз ретiнде тiркеу» мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiнен шығарылды.
2019 жылы барлығы 16 046 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде мемлекеттiк орган арқылы — 6119 қызмет, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 5554 қызмет, электрондық үкiмет порталы арқылы — 4330 қызмет.
Аса талап етiлетiн мемлекеттiк қызметтер — «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» — 2365 қызмет, «Жұмыс iздеушi тұлғаларды тiркеу» — 2666, «Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеушi тұлғаларды тiркеу» — 1951, «Жұмыс iздеушi және жұмыссыздарға көмек көрсету» — 1651, «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» — 1085 қызмет.
Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
Есептi кезеңде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ .
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу болған жоқ .
Әлеуметтiк-еңбек саласындағы барлық мемлекеттiк қызметтерге стандарттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен әзiрлендi және бекiтiлдi.
Бөлiмде халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасалған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпарат көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көзбен көру үшiн қолжетiмдi деңгейде бiрiншi қабаттың стендiнде орналасқан. Онда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде көрсетiлетiн барлық қызметтер бойынша ақпарат берiлген. Кабинеттер қажеттi компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшiн отырғызу орындарымен қамтамасыз етiлген. Бөлiмнiң күту залында Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы бейне роликпен телевизиялық экран орнатылған, сонымен қатар, барлық қажеттi ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң сайтында, Бөлiмнiң ресми сайтында орналастырылған, үлестiрме буклеттер мен жадынамалар бар.
Бөлiмнiң холлында брошюраларға арналған жапсырма бар, онда әрбiр келушi танысу үшiн брошюраны ала алады.
Мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға қызмет көрсету бiрiншi қабатта жүргiзiледi. Ғимарат тұтқалары, тайғанамайтын жабыны бар пандуспен және шақыру батырмасымен, тактильдi бағыттағыштармен, күту және демалыс орындарымен, Брайль тiлiндегi ақпараттық жазулармен, қызметтердi алу тәртiбi туралы ақпараттық стендтермен, жеке үстелде ақпараттық материалдармен жабдықталған, балдақтарға арналған iлгектер , күту және қызмет көрсету орындары, кондиционер бар. Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттiлiктерi бар адамдарға арналған санитарлық бөлме бар, ол толық жабдықталған.
Бөлiмнiң, Халықты жұмыспен қамту орталығының, 3-шi емхананың ғимаратында орналастырылған «Жұмыспен қамту» 3 ақпараттық киоскiсi жұмыс iстейдi: онда қала тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау мәселелерi, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша толық ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде, Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жөнiндегi бөлiмнiң ақпараттық стендiнде орналастырылған.
Бөлiммен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен тұрақты негiзде «Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiндегi менiң құқықтарым», «Мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қызмет алушылардың құқықтары», «Мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде — мен құқығым бар:» ақпараттық брошюралар тарату жұмыстары жүргiзiлдi , сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету түрлерi бар ақпараттық буклеттер таратылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында 2500-ден астам кiтапша таратылды.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыру жұмысы жүйелi түрде жүргiзiледi.
Есептi кезең кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету туралы келесi түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi:
Жыл бойы Бөлiм «Подгора», «Борки», «Жас Өркен», «Береке» шағын аудандарының және қаланың орталық бөлiгiнiң тұрғындарына арналған 5 Мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiне қатысты.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында бөлiм мамандары келесi курстардан өттi:
Соңында қатысушылар сертификаттар алды.
2019 жылдың 11 маусымы мен 28 маусымы аралығында қала әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау iс-шараларын өткiздi, оның барысында 34 ескерту анықталды.
Мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiм мамандарының жұмысы тұрақты бақылауда және Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Басшы Д. Асылбеков