"Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi" КММ Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес 10 мемлекеттiк қызмет көрсетедi (мемлекеттiк қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы — 10).
Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;
Жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
iздестiру жұмыстарына арналған учаске;
Аударуға рұқсат беру ауыл шаруашылығы алқаптарының бiр түрiнен екiншiсiне;
Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру (II кезең);
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу);
Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру;
Жер учаскесiн жеке меншiкке бiр мезгiлде бөлiп-бөлiп сату;
Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою;
Жоғарыда аталғандардың iшiндегi ең сұранысқа ие мемлекеттiк қызмет түрi: "жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту" (2020 жылы 1818 қызмет көрсетiлген).
Қызметтер қағаз және электрондық форматта ұсынылады, сондай-ақ "электрондық үкiмет"веб-порталы арқылы қолжетiмдi.
Қызмет алушылардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендтер (мемлекеттiк қызмет көрсету ережесi) Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында "Мемлекеттiк қызмет көрсету" бөлiмiнде орналастырылған.
2020 жылы бөлiммен 3140 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электрондық нысанда, электрондық үкiмет веб-порталы арқылы — 1996, бөлiмнiң кеңсесi арқылы — 1071, Мемлекеттiк корпорация арқылы — 73.
2020 жылы 186 қызмет алушыға келесi мемлекеттiк қызметтер бойынша бас тартылды: "жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" — 66 бас тарту, "жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту" — 115 бас тарту, "жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" — 5 бас тарту.
Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысының күшi жойылды. Мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы.
"Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беруден" басқа барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн негiзде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтердi жылдам және сапалы көрсету үшiн барлық жағдай жасалған. Бiрiншi қабаттың фойесiнде дайын құжаттарды қабылдау және беру, сондай-ақ жауапты мамандардың консультациясы жүргiзiледi. Электрондық кезек жүйесi өтiнiш берушiлер мен қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасайды.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету "мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Заңға және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылдың 22 мамырында сағат 18:00-де "Facebook" тiкелей эфирiнде бөлiм басшысы Еркiн Жомарт жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көрсетуге қатысты сөз сөйледi. Барлық түскен сұрақтарға жауаптар берiлдi. Негiзiнен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн алуға қою, сондай-ақ жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобасын бекiту мәселесi қызықтырды.
Қала әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында және Facebook парақшасында электрондық үкiмет веб-порталында өтiнiм беруге арналған қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған.
25 маусымда бас маман бөлiм қызметкерлерiмен сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету; "мемлекеттiк қызметтер туралы" ҚР Заңы; "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"ҚР Заңы тақырыбында кеңес өткiздi.
Маусым айында бөлiмнiң 5 қызметкерi мемлекеттiк қызметкерлер үшiн "электрондық үкiмет" порталын пайдалану бойынша оқытудан өттi.
29 шiлдеде басшының орынбасары бөлiм қызметкерлерiмен: Мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету; "мемлекеттiк қызметтер туралы" ҚР Заңы; "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңы; "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" ҚР Заңы; "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" ҚР Заңы тақырыбында семинар-кеңес өткiздi. Кеңес барысында бөлiм қызметкерлерiне түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, мемлекеттiк қызметтердi уақытылы және сапалы көрсету бойынша ұсынымдар жеткiзiлдi және Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы нормалар түсiндiрiлдi.
16 қыркүйекте НҚА секторының меңгерушiсi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерiмен "елдi мекен шегiнде жер учаскесiн беру (2-кезең)" мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша онлайн оқыту өткiздi. 23 адам қатысты.
10 қыркүйекте Бас маман мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету тақырыбында жаппай оқыту өткiздi.
Оқыту кестесiне сәйкес "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" КЕ АҚ қызметкерлерi бөлiм мамандарымен ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуға қатысты онлайн оқыту өткiздi.
2020 жылдың 23 тамызында бөлiм маманы "МТРК" облыстық телеарнасына кезекке қою, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшiн мемлекеттен жер учаскесiн алу тақырыбында сұхбат бердi.
2020 жылғы 10 шiлдеде "Проспект СК" қалалық газетiнде Мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көрсету туралы мақала жарияланды.
20 қазанда "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы "КЕАҚ-мен" нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" тақырыбында семинар-кеңес өткiзiлдi. Кеңес барысында түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ұсыныстар жеткiзiлдi.
2020 жылғы 10 Қарашада бөлiммен қала тұрғындарына қызмет алушылардың құқықтары бойынша 120 дана ақпараттық брошюралар мен парақшаларды тарату бойынша акция өткiзiлдi.
2020 жылғы 7 желтоқсанда "Facebook" тiкелей эфирiнде бөлiм басшысы жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көрсетуге қатысты сөз сөйледi . Барлық түскен сұрақтарға түсiнiктеме берiлдi.
Жеке және заңды тұлғалар жүгiнген кезде қажеттi кеңестер көрсетiледi, мемлекеттiк қызметтер мен өтiнiштер бойынша құжаттаманы тiркеу журналдары, шағымдар мен ұсыныстар кiтабы, Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерi бар ақпараттық стенд бар.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы мәселелерi тұрақты бақылауда.
Басшы Ж. Еркiн
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 13 мемлекеттiк қызмет көрсетедi (бекiтiлген стандарттар — 13, регламенттер — 13).
Қызметтер қағаз және электрондық нұсқаларда, сондай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ұсынылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендтер (стандарттар, мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерi) Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
2019 жылда Бөлiм 2768 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде Е-лицензиялау электрондық үкiмет веб-порталы арқылы электрондық түрде — 2103, МО ХҚКО ИАЖ арқылы — 207, бөлiмнiң кеңсесi арқылы — 458.
2019 жылы 279 қызмет алушыға келесi мемлекеттiк қызметтер бойынша бас тартылды: «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» — 84 бас тарту, «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» — 177 бас тарту, «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау» — 17 бас тарту, «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» — 1 бас тарту.
Жоғарыда аталғандардың iшiнен ең талап етiлетiн мемлекеттiк қызмет: «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» (2019 жылы 1866 қызмет көрсетiлдi).
«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» мемлекеттiк қызметiнен басқасының барлығы тегiн негiзде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтердi жедел және сапалы көрсету үшiн барлық жағдайлар жасалған. Бiрiншi қабаттың кiреберiсiнде дайын құжаттарды қабылдау және беру, сондай-ақ жауапты мамандармен кеңес беру жүргiзiледi. Электрондық кезек жүйесi өтiнiш берушiлер мен көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қолайлы жағдай жасайды.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңға және бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылы 1 маман «мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы» тақырыбында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.
Жыл бойы бөлiм мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3 түсiндiру iс-шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiмен бiрлесiп наурыз, маусым, тамыз және желтоқсан айларында 200-ден астам адам қатысқан жұртшылықты тарта отырып, ашық есiк күндерiн өткiздi.
Подгора, Жас Өркен, Береке, Борки ш/а және қала орталығының тұрғындары үшiн 5 мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiн өткiзуге қатысты. Аталған жәрмеңкелерде 117 қала тұрғындарына түсiнiк берiлдi, жалпы жыл iшiнде электрондық қызметтердi iлгерiлету бойынша үнпарақтар, брошюралар түрiнде 940 ақпараттық материал таратылды.
Бөлiмде электрондық қызметтердi танымал етудi арттыру мақсатында, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгiзу бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қаласының № 2 бөлiмiмен Бөлiм қызметкерлерiн электрондық форматта мемлекеттiк қызметтердi алу дағдыларына оқыту өткiзiлдi.
2019 жылдың 30 қыркүйегiнде бөлiм қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету бойынша құқықтық оқыту өткiзiлдi. Қазан айында мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша ашық есiк күнi өткiзiлдi.
«СҚО әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» КММ-мен бiрлесiп «Жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi» тақырыбында брифинг өткiзiлдi, оған бөлiм басшысы қатысты.
Бақылау iс-шараларын қала әкiмiнiң аппараты жер қатынастары бөлiмiнде өткiздi. Тексеру барысында (МҚАД сарапшыларымен бiрлесiп тексеру жүргiзу кезiнде) жер қатынастары бөлiмi бойынша 2354 (Мемлекеттiк қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды және ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етудiң 348 фактiсi, 2006 жерге орналастыру жобаларын бекiту туралы бұйрықтарды «Е-Лицензиялау» МДҚ» АЖ уақтылы енгiзбеу фактiлерi) сәйкессiздiк анықталды.
«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» қызмет бойынша екiншi санатқа рұқсат беру ресiмiн бұзуға қатысты 2006 фактiлер бойынша МҚАД 12 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырды (айыппұл 2,4 млн. теңге).
Мамандандырылған әкiмшiлiк соттың 17 және 18 қыркүйектегi қаулысымен бөлiм басшысы ауызша ескертумен шектелiп, құқық бұзушылықтың маңыздылығының аз болуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылды.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Жер кодексiне өзгерiстер енгiзiлдi, атап айтқанда бөлiм құзыретiнен «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» қызметi алынып тасталды.
Жеке және заңды тұлғалар өтiнiш берген кезде қажеттi кеңестер көрсетiледi, мемлекеттiк қызметтер мен өтiнiштер бойынша құжаттаманы тiркеу журналдары, шағымдар мен ұсыныстар кiтабы, мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерi бар ақпараттық стендтер бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының мәселелерi тұрақты бақылауда.
Басшы Ж. Еркiн