Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын одан әрi жетiлдiру, оларды алу рәсiмiн түсiндiру, кеңiнен ақпараттандыру, электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мүмкiншiлiгiн және қол жетiмдiлiгiн насихаттау мақсатында мемлекеттiк қызметтер көрсететiн қалалық мемлекеттiк органдармен 2019 жылғы 27 желтоқсан сағат 11.00-ден 13.00-ге дейiн Студенческая к., 1 мекенжайында орналасқан Солтүстiк Қазақстан кәсiби-педагогикалық колледжiнiң ғимаратында Борки, Новопавловка, Солнечный кенттерiнiң тұрғындары үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлетiн болады.
Барлық ниет бiлдiрушiлерге ХҚКО қызметкерлерi электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер және электрондық сандық колтаңба ала бiлуге үйрену мүмкiндiгi берiлетiн болады.
Сондай-ақ, мекенжай анықтамаларын алып тастауға байланысты барлық ниет бiлдiрушiлерге тұрғылықты жерi бойынша тiркеу туралы мекенжай мәлiметтерiн «Электрондық үкiмет» порталы, әлеуметтiк желi, мобильдiк қосымша арқылы алу тәсiлдерi түсiндiрiлетiн болады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мамандары қатысады, олар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау, өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурулардың негiзгi себептерi туралы кеңес бередi; «Арнайы автокөлiк халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерi автокөлiк құралдарын тiркеу, ресiмдеу мәселелерi бойынша кеңес бередi; көшi-қон полициясы басқармасының мамандары тiркеу, шығару, жеке куәлiк және т. б. алу бойынша талаптарды бiлiктi түсiндiредi; Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының мамандары ҚР Салық заңнамасын сақтау, жеке кәсiпкер ретiнде тiркелу, салық түрлерi бойынша және басқа да мiндеттi төлемдер және т.б. бойынша консультациялар өткiзедi; СҚО Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерi өздерiнiң барлық қызметтерi бойынша түсiнiктемелер бередi; Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында түсiнiктеме бередi; «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ мамандары iсiн жаңа бастаған бизнесмендерге кеңестер берiп, қолда бар бағдарламалар туралы баяндайды; «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» мен «Центркредит» банкiнiң қызметкерлерi тұрғын үй алу шарттары, жаңа мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкiндiктерi бойынша ақпарат бередi.
Анықтама үшiн телефондар: бiлiм бөлiмi — 36-52-04; жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi — 53-09-29; жер қатынастары бөлiмi — 46-99-29; құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi — 46-71-58; ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi — 46-98-53; ветеринария бөлiмi — 50-48-98; кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi — 46-48-32; дене шынықтыру және спорт бөлiмi — 36-61-82, АХАТ бөлiмi — 31-06-26.
Барлық ниет бiлдiрушi қалалықтарды қатысуға шақырамыз.
Петропавл қаласының әкiмдiгi
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын одан әрi жетiлдiру, оларды алу рәсiмiн түсiндiру, кеңiнен ақпараттандыру, электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мүмкiншiлiгiн және қолжетiмдiлiгiн, тұрғылықты жерi бойынша тiркеу туралы мекенжай мәлiметтерiн «Электрондық үкiмет» порталы, әлеуметтiк желi, мобильдiк қосымша арқылы алу тәсiлдерiн насихаттау мақсатында мемлекеттiк қызметтер көрсететiн қалалық мемлекеттiк органдармен 2019 жылғы 28 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейiн «Dostyk Mall» сауда — ойын — сауық орталығының ғимаратында қала тұрғындары үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.
Жәрмеңкеге еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетi СҚО бойынша департаментi, мемлекеттiк еңбек инспекциясы, мемлекеттiк кiрiстер, денсаулық сақтау басқармалары, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» ҮЕҰ филиалы; Мемлекеттiк корпорацияның мамандандырылған бөлiмi, ҚIIБ көшi-қон полициясы бөлiмi; әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, «БанкЦентркредит» АҚ өкiлдерi шақырылды, олар тұрғындарды қызықтыратын барлық мәселелерге бiлiктi жауап берiп, мәселелердi шешу бойынша кеңес бердi.
Жәрмеңкеге 288 тұрғын қатысты, олар 408 мәселе бойынша түсiнiктеме алды. Бiлiм, жұмыспен қамту және тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi тұрғындар арасында ең көп сұранысқа ие болды. Барлығы 421 ақпараттық материал, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер алуға азаматтардың құқықтары және оларды көрсету сапасына шағымдану тәртiбi бойынша парақшалар, брошюралар таратылды.
Барлық ниет бiлдiрген тұрғындарға электрондық мемлекеттiк қызметтер алу рәсiмiне үйрену мүмкiндiгi берiлдi.
Жәрмеңке «QYZYLGAR», «МТРК» жергiлiктi телеарналар, «Проспект СК» қалалық газет арқылы жарияланды.

Құрметтi Петропавлдықтар!
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын одан әрi жетiлдiру, оларды алу рәсiмiн түсiндiру, кеңiнен ақпараттандыру, электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мүмкiншiлiгiн және қол жетiмдiлiгiн насихаттау мақсатында мемлекеттiк қызметтер көрсететiн қалалық мемлекеттiк органдармен 2019 жылғы 28 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейiн Жұмабаев к. 91 мекенжайында орналасқан «Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратында қала тұрғындары үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлетiн болады.
Барлық ниет бiлдiрушiлерге ХҚКО қызметкерлерi электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер және электрондық сандық колтаңба ала бiлуге үйрену мүмкiндiгi берiлетiн болады.
Сондай-ақ, 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамаларын алып тастауға байланысты барлық ниет бiлдiрушiлерге тұрғылықты жерi бойынша тiркеу туралы мекенжай мәлiметтерiн «Электрондық үкiмет» порталы, әлеуметтiк желi, мобильдiк қосымша арқылы алу тәсiлдерi түсiндiрiлетiн болады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мамандары қатысады, олар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау, өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурулардың негiзгi себептерi туралы кеңес бередi; «Арнайы автокөлiк» қызметкерлерi автокөлiк құралдарын тiркеу, ресiмдеу мәселелерi бойынша кеңес бередi; көшi-қон полициясы басқармасының мамандары тiркеу, шығару, жеке куәлiк және т. б. алу бойынша талаптарды бiлiктi түсiндiредi; Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының мамандары ҚР Салық заңнамасын сақтау, жеке кәсiпкер ретiнде тiркелу, салық түрлерi бойынша және басқа да мiндеттi төлемдер және т. б. бойынша консультациялар өткiзедi; СҚО Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерi өздерiнiң барлық қызметтерi бойынша түсiнiктемелер бередi; Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында түсiнiктеме бередi; «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ мамандары iсiн жаңа бастаған бизнесмендерге кеңестер берiп, қолда бар бағдарламалар туралы баяндайды; «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» мен «Центркредит» банкiнiң қызметкерлерi тұрғын үй алу шарттары, жаңа мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкiндiктерi бойынша ақпарат бередi.
Анықтама үшiн телефондар: бiлiм бөлiмi — 36-52-04; жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi — 53-09-29; жер қатынастары бөлiмi — 46-99-29; құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi — 46-71-58; ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi — 46-98-53; ветеринария бөлiмi — 50-48-98; кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi — 46-48-32; АХАТ бөлiмi — 31-06-26.
Барлық ниет бiлдiрушi қалалықтарды қатысуға шақырамыз.
Петропавл қаласының әкiмдiгi