Меню

Страницы

Статья

«Петропавл қаласы әкімдігінің ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі» КММ

Сұрақ: Аулаларды асфальттау бойынша тізімді кім жасайды? Балалар ойын алаңдарын орнату кезегінің тізімімен қайдан танысуға болады?

Жауап: 2020 жылдың жаз мезгілінде ТКШ бөлімі ПИК төрағаларының Кеңесімен бірлесіп аула аумақтарын кешенді тексеру үшін комиссиялық тексерулер жүргізді (аулаларды асфальттау, балалардың ойын алаңдарын орнату, автотұрақ салу, ауланы жарықтандыру).

Осының негізінде 2021 жылға аулалар кезегі құрылды. Бұл — ТКШ бөлімінің аулаларды абаттандыру мәселесіндегі жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді. Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайтында аулалар кезегімен танысуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl?lang=ru

Жаңа өтініштер бойынша комиссиялық тексеру ағымдағы жылдың жазғы кезеңіне жоспарланған. Сіздің өтінішіңіз қандай сатыда екенін 46-36-14, 46-18-69, 36-08-41 немесе 87716937275 (ТКШ бөлімінің басшысы) нөмірі бойынша біле аласыз.

Сұрақ: Неліктен жеке секторда қоқыс шығарылмайды? Қоқыс контейнерлері жоқ па?

Жауап: Бұндай мәселе бар. Бүгінгі таңда жеке секторлардан қоқысты 4 мекеме шығарады. Тұтынушылар өздері келісім-шартқа отырулары тиіс. Бірақ, жеке сектор тұрғындарының үлкен бөлігі келісім-шарт жасамаған. Мәселен, Жұмысшы кентінде 23 мың адам тұрады, оның 6,5 мыңы ғана қоқыс шығарушы мекемелердің қызметін қолданады. Яғни, қойылған бактар тек осы тұрғындарға ғана шақталған. Алайда, бактарға қоқысты келісім жасамаған тұрғындар да төгеді. Кесірінен қоқыс үйінділері жиналып қалады.

Бүгінгі таңда ТҮКШ бөлімі қоқыс шығаратын мекемелермен бірлесіп тұтынушылардың санын көбейту мақсатындағы жұмыстарды бастап кетті. Қосымша бактар алуды жоспарлап отырмыз.

Сұрақ: Ауладағы ағаштарды кесу мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

Жауап: алдымен ПИК төрағасына тұрғындар жиналысын өткізу керек, үй тұрғындарының кемінде 2/3 бөлігінің келісімі бар хаттаманы толтыру қажет. Содан кейін қалалық әкімдікке өтінішпен келу қажет (1 қабат, 125 кабинет). Өтініш қаралады және сіздің мекен-жайыңыз жұмыс жоспарына енгізіледі. Бүгінгі күні Петропавл қаласының ресми сайтында 2021 жылға арналған ағаштарды кесу бойынша аулалар тізімі орналастырылған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/article/details/52958?lang=ru

Сұрақ: өткен жылы Көп қабатты үйлердің қасбеттерін сырлау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Бізге қайда хабарласуға болады?

Жауап: Қасбеттерді сырлау бойынша жұмыстарды орындау үшін қалалық әкімдікке, 125 кабинетке өтінішпен жүгіну қажет. ТКШ мамандары кешенді комиссиялық тексеру жүргізеді, оң қорытынды болған жағдайда сіздің үйіңіз кезектілікке енгізілетін болады.

Сұрақ: Пәтер кезегінің артқа қарай шегіну себебі неде?

Жауап: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 73-бабының Заңына сәйкес, жыл сайын кезекте тұрғандарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кезекте тұрғандардың арасында тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру, қайта тұрмыс құру сынды жағдайлар кездеседі. Сондықтан арнайы тексеріс жүргізіп, сондай тұлғалар анықталған жағдайда комиссияның шешімімен кезектен алынады. Әр жағдай жеке қарастырылады. Кезекте тұрғандар тұрғын үй комиссиясының шешімімен келіспейтін фактілер бар. Тиісінше, тұрғын үй алу құқығын сақтау үшін азаматтар өз мүдделерін қорғап, сотқа жүгінеді. Сот азаматты кезекке қою туралы шешім қабылдаған жағдайда, әкімдік оны бастапқы қойылған күніне сәйкес өз кезегінде қалпына келтіруге міндетті.

Кезекте қалпына келтірілгендердің әрқайсысы бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бар. Бүгінгі таңда 6 азамат сотқа жүгініп, кезектеріне қайтарылды.

Сонымен қатар кезектілік тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/article/1?activities=34575&lang=ru

Сұрақ: Тұрғын үй кезегінің баяу жылжу себебі неде?

Жауап: 2021 жылы тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту жоспарланған. Жыл соңына дейін «Береке» шағын ауданында 556 пәтерлі жалға берілетін үйлерді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрғандар арасында бөлінетін болады. Кезектілік тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/article/1?activities=34575&lang=ru

Сұрақ: Жеке секторда қиыршық тасты төсеуге бола ма?

Жауап: Қала тұрғындары тарапынан қиыршық тас төсеу бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысты өтінімдер көптеп түсуде. Өткен жылы 138 көше, саяжай қоғамдарына апаратын 10 жол және 2 зиратқа апаратын жолға қиыршық тас төселді. Ағымдағы жылы біз бұл жұмысты жалғастырамыз, Биыл 50-ге жуық көшені қамтуды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар тұрғындардың өтініші бойынша орындалады. Егер сіз бұрын өтінішпен жүгінсеңіз, өзіңіздің кезегіңізді 46-36-14, 46-18-69, 36-08-41 немесе 87716937275 нөмірі бойынша тексере аласыз (ТКШ бөлімінің басшысы)

Сұрақ: Қыс келді, қар тек көшелерде тазаланады, ал дүкендердің жанында қар құрсаулары жатады, өту мүмкін емес? Бізге қайда жүгінуге болады?

Жауап: "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешіміне сәйкес,Заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде жеке тұрғын үйлердің меншік иелері іргелес аумақты өз бетінше тазалайды.Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарға жүргізілуі тиіс. Қарды жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға шығаруға жол берілмейді. Мұндай фактілерді анықтаған кезде ТКШ қызметкерлері ЖПҚ-мен бірлесіп заңға сәйкес айыппұл салады.

Сұрақ: Неге кейбір көшелердегі қар жақсы шығарылады ал кейбір жерде жол жиектерінде қар қалады?

Жауап: иә, бүгінгі күні мұндай мәселе бар. Біз алдын-ала әлеуметтік желілерде, қар тазаланатын көшелердің тізімін, жұмыстардың өту уақытын жариялаймыз. Бірақ, осыған қарамастан, автокөлік иелері көліктерді жол бойында қалдырады, бұл — қар жинау техникасының жұмысын қиындатады. Өз кезегінде ТКШ қызметкерлері автокөлік иелерінің жеке деректерін орнату үшін ЖПҚ шақырады. Бірақ көбінесе бұл көліктер қазақстандық есепке тіркелмеген, бұл — қиындық тудырады және көп уақыт алады.

Сұрақ: Мен пәтер кезегінде 257, ал қазір 1377. Бұған не себеп?

Жауап: ҚР «Тұрғын үй қатынастары жайындағы» заңнамаға еңгізілген өзгерістерге сәйкес, 2010, 2011, 2013 жылы түрлі санаттарға кезекке тұрған азаматтар бір кезекке біріктірілді (әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар.Одан бөлек бұл топқа ауған соғысының ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар,толық емес отбасылар және т.б біріктірілді. Нәтижесінде, 2013 жылы кезекке тұрғандардың кезегі артқа шегерілді.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы