Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Басқару саласындағы маңызды теминдердің бірі — электрондық сандық қол қою болып табылады. (ЭСҚ). Оны құжаттардың заңдық маңыздылығын растау үшін қолданады.
Электрондық сандық қол қою — бұл электрондық құжаттың оны жасанды құжаттан сақтауға арналған реквизиті. ЭСҚ қойылған қойдың иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ, электрондық құжаттағы, ақпараттың қатесін анықтауға мүмкіндік береді.
Электрондық санды қол қою — бұл маңызды құжаттармен алмасуға арналған өте ыңғайлы замануи құрылғы, электрондық қол қою механизімін енгізудің арқасында, Қазақстан өңірлерінің шекаралары енді экономикалық қарым-қатынас жасауға кедергі болмайды.
Қол қоюды пайдалану өте оңай. Ол арнайы қабілет пен ептілікті, білімді қажет етпейді. Электронды құжаттармен алмасатын әр пайдаланушыға бірегей ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.
Маңыздысы құпия (жабық) кілт болып табылады, ол арқылы электронды құжаттарды шифрлау жүзеге асырылады және электронды сандық қол қою жасалынады. Сонымен қатар, кілт пайдаланушыда қалдырылады және оған жеке тасымалдауышта тапсырылады. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа жүйе пайдаланушыдан құпияда сақтау қажет.
ЭСҚ дұрыстығын тексеру үшін ашық кілт пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Куәландыратын орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған. Куәландыратын Орталық кілттердің сенімді сақталуын және тіркелуін қамтамасыз етеді.
Ашық кілт жабық кілтпен бірге жүреді.
Сандық қол қоюды пайдалана отырып Сіз:
2008 жылғы 20 қыркүйектен бастап ҰКО ұсынған электронды сандық қол қоюдың кілттері мен сертификаттарын Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан Ұлттық Куәландыратын орталықтың тіркеу орталықтарынан немесе www.pki.gov.kz мекен жайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыратын орталығының сайтында on-line мәлімдемесін рәсімдеп алуға болады.
Электрондық құжаттарды жасау және қолдану кезіндегі қарым-қатынастар «Электрондық құжат және электронды сандық қол қою туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңымен реттеледі.