Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық қолжетімді пунктері (ҚҚП)

Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастыру 2005–2007 жылдарға арналған Мемлекетік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақпарат және байланыс Агенттігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп интернет жүйесіне қосылатын қоғамдық қолжетімді пунктінің екі типін жасау бойынша жұмыс жүргізді.

ҚҚП халықтың ақпараттық және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін «электронды үкіметке» қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет алудың электронды формасы өз басымдықтарына ие, мысалы, уақыт үнемдеу, кешенді қызметтер алу мүмкіндігі.

Пішін үйлесіміне байланысты ҚҚП екі түрлі болады, 1 типті ҚҚП және 2 типті ҚҚП.

1типті ҚҚП — бұл компьютерлік қабілеті бар кез-келген азаматтың өздігінен өзіне қажетті, ақпаратты ала алатын қоғамдық жерде орнатылған USB-портымен жабдықталған, ақпараттық киоск. Соған қоса, ақпаратты ең аз уақыттың ішінде ала аласыз.

2 типті ҚҚП дербес компьютерден, принтер және сканерден құралған. Осы пішін үйлесімі азаматтар, ақпаратты ұзақ уақыт ала алатын орындарға орнатуға арналған. Соған қоса, электронды, ақпаратты алу кезінде құжаттарды сканерден өткізуге немесе басып шығаруға, кеңес алуға болады. ҚҚП көмегімен анықтамалық ақпарат алуға, құжаттар және анықтамалар басып шығаруға, виртуалды қабылдауға өтініш жазуға, үкіметпен өткізілетін сұхбатқа қатысуға, электронды поштамен жұмыс жасауға болады. ҚҚП шығу қазақстандық сегментке кіретін сайттардан ғана мүмкін болады.

Петропавл қаласында мына мекен жай бойынша орналасқан 1 типті 10 ҚҚП, 2 типті 2 ҚҚП қызмет көрсетеді:

  1. ТЖ вокзалы — Ахременко к., 2;
  2. «Көктөбе» Сауда үйі 1-ҚҚП — Жамбыл к., 150А үй;
  3. СҚМУ 1-ҚҚП — Абай к., 8;
  4. Облыстық әкімдік 1-ҚҚП — Қазақстан Конституциясы к., 58;
  5. № 8 мектеп 1-ҚҚП — Мир к., 169;
  6. «Қазақтелеком» АҚ 1-ҚҚП — Бөкетов к., 36;
  7. Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) 1-ҚҚП — Әуезов к., 157;
  8. Қалалық әкімдік 1-ҚҚП — Қазақстан Конституциясы к., 23;
  9. «Казпошта» АҚ 1-ҚҚП — Пушкин к., 61;
  10. ХҚКО, әділет департаменті 1-ҚҚП — Қазақстан Конституциясы к., 72;
  11. С.Мұқанов атындағы кітапхана 2-ҚҚП — Қазақстан Конституциясы к. 25;
  12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2-ҚҚП — Казахстанская правда к., 35.
Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы