28.06.2019
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын iске асыру мақсатында 2019 жылғы маусым айының 26-28 аралығында қала әкiмдiгiне бағынышты мекемелерiнiң қазақ тiлiн оқыту топтарының тыңдаушылары арасында а.ж. I жартыжылдық бойынша емтихан өттi. Сынақ «Қазтест» жүйесi бойынша болды. А1, А2, В1 деңгей тапсырмалары тыңдалым, лексика-грамматикалық, оқылым, диктант бөлiгiнен құралған. Сондай-ақ, латыннегiздi қазақ әлiпбиi мен емле ережелерiнiң құрылымын, емле нормаларының негiздерi түсiндiрмелерiне байланасты әңгiме қозғалды.


20.06.2019
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын iске асыру мақсатында 2019 жылғы маусым айының 26-28 аралығында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейiн қалалық әкiмдiктiң №323 кабинетiнде қазақ тiлiн оқыту топтарының тыңдаушылары арасында а.ж. I жартыжылдық қорытындысын шығару үшiн аралық сынақ өткiзiлетiндiгi жөнiнде хабарлаймыз.
Байланыс тел. 36-12-22
07.06.19







Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдарында мемлекеттiк тiлдiң рөлiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк қызметшiлер күнiне орай мемлекеттiк қызметшiлер арасында 2019 жылғы 5 маусым күнi И. Шухов атындағы кiтапханада «Үздiк қызметкер» атты байқау өткiздi. Байқаудың басты мақсаты — мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, мемлекеттiк тiлдi қолданудың беделiн арттыру; мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.
Байқау 3 тапсырмалардан тұрды: «Тұсаукесер». Бұл кезеңде үмiткерлер өздерiнiң мекемелерiн, өзi туралы таныстырып кеттi. Ал «Интеллектуалдық сұрақтар» кезiнде қазақтың салт-дәстүрлерi мен мақал-мәтелдерi бойынша сайыс ұйымдастырылды. «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасында қатысушылар ән шырқап, өлең оқып, өз өнерлерiн ортаға салды.
Байқаудың басты талабы-қатысушылардың мемлекеттiк тiлдi жетiк меңгерiп, ойын еркiн жеткiзу деңгейiн тексеру.
Байқау қорытындысы бойынша жеңiмпазадар анықталды. Олар:
I орын — Жантiлеу Рахимов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлiмi» ММ, аға сержанты:
II орын — Медет Жексенай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтының тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң офицерi:
III орын — Гариф Хамзаев, СҚО Полиция департаментi Петропавл қаласы Полиция басқармасы» ММ Криминалдық полиция бөiлiмiнiң жедел уәкiлi.
Байқау жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi арнайы дипломдар, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
21.05.2019
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдарында мемлекеттiк тiлдiң рөлiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк қызметшiлер күнiне орай 2019 жылғы 5 маусым күнi сағат 15.00-де И. Шухов атындаңы кiтапханада «Үздiк қызметкер» атты байқауын өткiзудi жоспарлап отыр.
Осыған байланысты байқауға мекемеден 1 үмiткер қатыса алады.
Телефоны: 36-12-22.
30.11.2018 ж.
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнiң арасында Тұңғыш Президентiнiң күнiне орай бiрiктiрiлген қазақ,орыс,ағылшын тiлiнде «Менiң тәуелсiз Қазақстаным» атты ашық сабақ өткiзiлдi.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсiнiктерiн кеңейту. Егемендi ел жетiстiктерi туралы таныстыру. Туған елi, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздiк қорын молайту, есту сақтау қабiлетiн дамыту, тыңдаушының елiне деген сүйiспеншiлiк мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу, сөздердi дұрыс айтуға үйрету, ауызекi сөйлеу дағдысын жетiлдiру; ауызша ойлау мен сөйлесу қабiлетiн дамыту; сөз тiркесiн және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.
Сабаққа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Мафруза Науанова қатысып, сабаққа келген мамандардыi аталған мереке күнiмен құттықтап, сәттiлiк тiледi.
Мемлекеттiк қызметшiлер 6 топқа бөлiнiп, әр түрлi тапсырмаларды мүлтiксiз орындап шықты.
Осы сабақта тыңдаушылар өз бетiнше үйрену мен тiлдiк және сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, бейнеролик, слайд арқылы көптеген мағлұмат алды. Онда аудирование, мәтiн, сөздiктер,сөз тiркестердi рет-ретiмен тиiстi пайдалана отырып, сөздiк қорын байыту мақсатында, сөйлем құрастыра бiлдi. Жалпы тыңдаушылар мемлекеттiк, ағылшын тiлде еркiн ресми түрде сөйлеп, өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Сонымен қатар тыңдалым, жазылым, оқылым бөлiктердiң тапсырмалары арқылы сабаққа қызығушылық таныта бiлдi.Тыңдаушылар арасында қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлiн жетiк меңгерген жастар да табылды, ал тiл бiлмегендер өздерiне тиiстi сөздердi жазып алды.
Халық тәуелсiздiгiнiң ең басты белгiсi — оның ана тiлi, ұлттық мәдениетi. Елбасымыздың жүргiзiп отырған Тiл саясатын iске асыру — өмiр талабы. Сабақта Қазақстан мемлекетiнiң тарихында үлкен орын алатын тарихи 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған оқиға туралы да айтылды. Осы оқиғаға тiкелей қатысқан адам естелiктерiмен бөлiстi.
Жалпы сабаққа 20 астам тыңдаушы қатысты. Шара барысында сабақты қорытындылай келе барлық қатысушылар рухани құндылықтар мен отансүйгiштiк сезiмдерiн бiлдiрiп, постерге алған-бiлген сөздер арқылы түйiн жасай бiлдi. Сабақ жоғары деңгейде өттi.

Сабақты жүргiзген: А. Сыздықова.
«Қазтест» жүйесiнiң мақсаты — азаматтардың қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. «Қазтест» еуропалық тiл бiлiмiнiң стандарттарына сәйкес келетiн 5 деңгейден (А1 — қарапайым деңгей, А2 — базалық деңгей, В1 — орта деңгей, В2 — ортадан жоғары деңгей, С1 — жоғары деңгей) тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында «Қазтест» жүйесi арқылы анықталатын мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 25%, 2020 жылға қарай 35%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 15%, мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай 20%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 10% арттыру бойынша нәтижелi көрсеткiштер көзделген.
Осыған орай жылда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының қызметкерлерiмен «Қазтест» жүйесi оқылым, оқылым, лексика бөлiктерi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiздi.
Петропавл қаласы әкiмiдiгi бөлiмдерiнен сынаққа а.ж. 1 жартыжылдығында 32 мемлекеттiк қызметшiлер қатысты. 31-64 — тiл үйренушi қарапайым деңгейде (А1) меңгерген; 65-104 — базалық деңгейде (А2) меңгерген; 105-119 — орта деңгейде (В1) деңгейде меңгерген; 120-134 — ортадан жоғары (В2) меңгерген; 135-145 — жоғары (В1) деңгейде меңгерген деп есептеледi.
Тыңдалым, оқылым, жазылым, көрсеткiштерi бойынша «Казтест» нәтижелер талдауы анықталады.
Осы жолы қазақ тiлi сабағының тыңдаушылары келесi нәтиженi көрсеттi: А1 — қарапайым деңгейдi 5 адам өттi; А2 — базалық деңгейдi 16 адам өттi; В1 — орта деңгейдi 6 адам өттi; В2 — ортадан жоғары деңгейдi 4 адам өттi; С1 — жоғары деңгейдi 1 адам өттi.
Қыркүйек айында «Қазтест» жүйесi бойынша қалған үмiткерлер «Қазтест» сынағынан өтетiн болады.




Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15-10-20/26 хатына сәйкес 2018 жылғы маусымның 25-26 күндерi Солтүстiк Қазақстан облысында «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өтедi.
Осыған орай, аталған iс-шараға Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi мiндеттi түрде қатысуы тиiс. Осы жолы 32 тыңдаушы қатысады. Бөлiмдерге ескерту хат жiберiлдi, басқа да өзгерiстер болған жағдайда қосымша ақпарат берiледi.
Қалған қызметкерлер ү.ж. күз айында тапсыратын болады.
Мемлекеттiк тiл саясатын қолдану, дамыту, насихаттау мақсатында ү.ж. 13 маусым күнi «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш байқау Петропавл қалалық әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекеме бөлiмдерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында өттi.
Елордамыз Астананың мерейтойына орай «Астана жазы» атты шара диктант түрiнде өткiзiлдi. Қатысушылар осы форматта өткен байқауда өздерiнiң сауаттылығын артып, сөздiк қорын нығайтып, тiл мәртебесiн көтердi.
Мемлекеттiк қызметкерлер күнi қарсаңында барлық қатысушылар мен жеңiмпаздар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады.


29.06.2017 ж.
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.
Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:
Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.
Байқаудың шарты:
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 9 команда қатысты, олар Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi «Бiрлiк», жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар«Патриоттар», бiлiм бөлiмi «Ақ көгершiн», ветеринария бөлiмi «Достар», тұрғын үй инспекциясы бөлiмi «Жас мамандар» , кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi «Болашақ-1», сәулет және қала құрылысы бөлiмi «Болашақ-2», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттiк жоспарлау қос бөлiмдерi «Достық» және «2032 Әскери бөлiмi» «Алтын қыран» топтары сайысқа қатысты.
Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 4 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада «Сәлемдесу», «Жер-судың аты — тарихтың хаты»:командаларға лэд-экраннан танымал жерлердiң суреттерiн көрсеткеннен кейiн олардың атауыларын анықтап, қысқаша тарихын айтып берулерi тиiс болды, «Қазақ сөзi»: — мемлекеттiк тiл туралы басталған қанатты сөздердi командалар аяқтап сондай ақ тiлдердi дамыту саласын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер туралы сұрақтарға жауап бердi, соңғы кезең «Мәңгiлiк Ел — Мәртебелi тiл» тақырыбында командалар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.
Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды. Нәтижесiнде:
I орын — «2032 Әскери бөлiмi»;
II орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттiк жоспарлау қос командасы;
III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi ие болды.
Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңiмпаздар 30 маусым күнi өтетiн облыстық кезеңге жолдама алды.


16.05.2017 ж.
2017 жылғы 16 мамырда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырған үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау көрсету; мемлекеттiк тiлдiң қолдану мәртебесiн арттыру; Iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi тiлдердi жастардың меңгеру деңгейiн анықтау; қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында «Тiл шеберi» атты 21-29 жастар арасындағы қалалық байқауы өткiзiлдi. Үш турдан құрылған шараға «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» 6 үмiткер қатысып, әр кезең бойынша өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Байқауға нәтижесiнде қатысушы үмiткерлердiң бағы анықталды:
I орын — Жақсылық Қадырбек, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы;
2 орын — Сайлау Айдана, № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң мұғалiмi;
3 орын — Байтемирова Назгүл, Петропавл қаласы әкiм аппаратының бас маманы.
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыс деңгейiнде де Жақсылық Қадырбек 1 орынға иеленiп, ү.ж. қыркүйек айында Астана қаласында облыс намысын қорғайтын болады.



Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.
Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:
Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.
Байқаудың шарты:
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 8 командада 25 адам қатысты, олар «Тәуелсiздiк құрдастары» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi), «Бiрлiк» (Петропавл қаласының қаржы бөлiмi), «Сұңқар» (Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi), «Болашақ»( Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), «Жас қыран» (Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi), «Достық» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi), «Жалын» (Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты), «Болашақ-2» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Экономика және бюджеттiк жоспарлау және iшкi саясат құрамы бөлiмдерi) топтары.
Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 3 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада өздерiн таныстыру, диалог және ән, би, өлең айту орындауы тиiс болды. Үмiткерлер өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.
Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды.
I орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi алды;
II орын — Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi алды;
III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi ие болды
Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды



Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.
Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:
Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.
Байқаудың шарты:
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 8 командада 25 адам қатысты, олар «Тәуелсiздiк құрдастары» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi), «Бiрлiк» (Петропавл қаласының қаржы бөлiмi), «Сұңқар» (Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi), «Болашақ»( Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), «Жас қыран» (Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi), «Достық» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi), «Жалын» (Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты), «Болашақ-2» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Экономика және бюджеттiк жоспарлау және iшкi саясат құрамы бөлiмдерi) топтары.
Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 3 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада өздерiн таныстыру, диалог және ән, би, өлең айту орындауы тиiс болды. Үмiткерлер өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.
Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды.
I орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi алды;
II орын — Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi алды;
III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi ие болды
Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды
