Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметке кіру ережесі

 

Мемлекеттік қызметке кіру "Мемлекеттік қызмет туралы"1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелген

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру

11-бапқа Қазақстан Республикасының 11.03.03 ж. № 393-II Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ред.)

11-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

12-бапқа Қазақстан Республикасының 11.03.03 ж. № 393-II Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ); ҚР 08.07.05 ж. № 75-III Заңымен (стар қараңыз. ред.)

12-бап. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқығы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, ауысу тәртібімен конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынбаған тәртіптік жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасуға жол берілмейді.
Конкурстық іріктеуден тыс мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, тоқтатқан және қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін судьялардың құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға байланысты қандай да болмасын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.
Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдаған лауазымды адамдар осы Заңның 28-бабында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

13-бапқа Қазақстан Республикасының 11.03.03 ж. № 393-II Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ред.)

13-бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Қазақстан Республикасының азаматтығын иелену;
егер тиісті лауазымдарға қатысты өзгеше Республика заңнамасында белгіленбесе, он сегіз жастан кем болмауға;
қажетті білімге, кәсіби дайындық деңгейіне ие болу және белгіленген біліктілік талаптарына сай болу.
Мемлекеттік қызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына өзі алған кірістер және салық салу объектілері болып табылатын меншік құқығында өзіне тиесілі мүлік туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

14-бапқа ҚР 4.06.01 ж. № 204-II Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ); ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен (стар қараңыз. ); ҚР 08.07.05 ж. № 75-III Заңымен (стар қараңыз. ред.)

14-бап. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Конкурс

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін, оның ішінде конкурстық комиссияны қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Конкурсты бос лауазымдары бар мемлекеттік орган не конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізеді.
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос лауазымға өткізілсе, онда болжамды еңбек шартының осы талабы конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуға құқылы.
алынып тасталды
Конкурстық комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға не осындай лауазымға түсуден бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.
Мемлекеттік органның басшысы конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны жарияланған лауазымға қабылдауға міндетті. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кіру үшін заңнамада көзделген талаптар сақталуға тиіс.
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бірақ ол мемлекеттік қызмет үшін ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері қалыптастыратын кадр резервіне алынуы мүмкін.
Кадр резервіне алынған конкурсқа қатысушылар олар қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан өтпей тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.
Конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы