Сұрақ: Биыл көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу (шатырды жөндеу, жеделсатыларды ауыстыру) жоспарлануда ма?
Жауап: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін қалпына келтіру (күрделі жөндеу) мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Күрделі жөндеу 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды негізде жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысу үшін құқық белгілейтін құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет (№1, №2 хаттама; құрылтай құжаттары, жобалау-сметалық құжаттама, жобаның сараптамасы). Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ беріледі, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, каб.106, тел. 46-94-77.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім пәтер иелерінің жалпы жиналысында қабылданады.
КПТҮ күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген кезде күрделі жөндеу кезектілік тәртібімен жүргізілетін болады. (http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Modernizaciya_ZHKH.html?lang=ru)
Сұрақ: Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) қалай құрылады?
Жауап: Көп пәтерлі тұрғын үй мүлкі меншік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі — МИБ) — коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.
МИБ құру үшін төрт құжат қажет: МИБ атынан өтініш, иелер МИБ құру және төрағаны таңдау туралы шешім қабылданған жиналыс хаттамасы, МИБ үлгілік жарғысы және МИБ тіркелуіне 1 АЕК мөлшерінде ақы төлеу туралы түбіртек.
Басқару нысаны әділет органдарында тіркеледі.
Сұрақ: Жеделсатыларды, газгольдерлерді есепке қалай қоюға немесе есептен қалай шығаруға болады?
Жауап: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тарамғы 30-1) тармақшасына сәйкес аудан мен облыстық маңызы бар қалаладың әкімдіктерінің құзыретіне елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша жұмысын ұйымдастыру кіреді.
«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңының 1-бабы 32-1) тармағына сәйкес қаупіті техникалық құрылғыларға:
бу және су жылыту қазандықтары, түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифттер жатады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» КММ
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігін пысықтаған.
Өтінімдер «Электронды үкімет» порталы арқылы беріледі. (http://elicense.kz/LicensingContent/ServicesList?scode=2019.МИИР.Р3).
Сұрақ: Егер пәтерде қыста суық болса, қайда барып жүгінуге болады?
Жауап: Себебін анықтау үшін, бірінші кезекте үйішілік желілерді тексеру үшін ПИК-ке жүгіну қажет. Егер кемшіліктер болмаса немесе олар жойылса, провайдер тарапынан проблемалар туындауы мүмкін. "Петропавл жылу желілері" ЖШС анықтама қызметіне 152, +7 (7152) 52-26-86 диспетчерлік қызмет телефоны арқылы хабарласу қажет. Не болмаса, 109 (WhatsApp 8-777-109-109-00) нөмірі бойынша IKOMEK -109 ситуациялық орталығына жүгінсеңіздер болады.
Сонымен қатар, "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ-де апта сайын (сәрсенбі, сағат 15.00, 106 кабинет) ПИК төрағаларымен және коммуналдық қызмет өкілдерімен жылыту маусымына дайындық бойынша штаб өткізіледі.
Бұдан басқа, жылумен жабдықтаудың төмен сапасы туралы шағымдар "Петропавл жылу желілері" ЖШС өкілдерімен бірлесіп, орынға барып қаралады. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама беріледі.