Сұрақ: Мемлекеттік Туды үйдің балконына орнатуға бола ма?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануға болады
Сұрақ: карантиндік шектеу шаралары кезеңінде Петропавл қаласының діни объектілері қалай жұмыс істейді?
Жауап: «Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №40 қаулысының 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне шектеу енгізілді.
Сұрақ: жазғы уақытта еріктілер Пестрое көлінің жағажайында, Жеңіс саябағында және қаланың басқа жерлерінде экологиялық сенбіліктер өткізді. Осы акцияға қатысу үшін қайда хабарласуға болады және қала еріктілері қатарына қалай қосылуға болады?
Жауап: шынында да, қала еріктілері жыл сайын қаланың қоғамдық орындарында қоқыс жинау бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еріктілер қарттар мен мұқтаж адамдарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша ерікті жұмыстарды жүзеге асыруда. Акцияларға қатысу және еріктілер қатарына кіру үшін Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығына Н.Назарбаев көшесі, 69 немесе 500-168 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Сұрақ: қоғамдық бірлестіктің басшысы болып табыламын, ағымдағы жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың қандай тақырыптарын білгім келеді?
Жауап: Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде көзделген 5 мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс: салауатты өмір салтын қалыптастыру; отбасылық құндылықтарды және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау; жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды іске асыру; радикалды идеологияға терроризмге қарсы сананы және иммунитетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру тақырыптары бойынша өткізу жоспарланған.