Меню

Страницы

Статья

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ

Сұрақ: Биылғы қаңтар айындағы ҰБТ сертификаты жазда ҚР университеттеріне оқуға түсу кезінде жарамды бола ма?

Жауап: Ережеге сәйкес ҰБТ жылына 3 рет өткізіледі (2 рет ақылы, біреуі дәстүрлі). ҰБТ бойынша шекті балл жинаған оқушылар ҚР университеттеріне түсу кезінде сертификатты пайдалана алады.

Сұрақ: Біз баламызбен ауданнан Петропавл қаласына көшіп келдік. Балабақшаға қалай жолдама алуға болатынын білгім келеді?

Жауап: Қазіргі уақытта порталда 2 жастан 6 жасқа дейінгі жас санатындағы 800-ден астам бос орын бар, кез келген адам кезекке тұрып, бірден жолдама ала алады.

Балабақшаға жолдама алу үшін ата-аналар ИНДИГО24.kz, (INDIGO24.kz) сайтына, жеке кабинетке (тек тіркеу жүргізілген құрылғыдан) кіруі керек.

  1. «Жолдама алу» батырмасын басу.
  2. «Бос орындарды іздеу» батырмасын басу"
  3. Баланың жасына сәйкес келетін бос орындары бар қолжетімді мектепке дейінгі ұйымдар шығады
  4. Ата-аналар балабақшаны таңдайды, содан кейін «Топты таңдау» батырмасын басу керек
  5. Балабақша топтары шығады, онда баланың жас санаты бойынша бос орындар бар
  6. Содан кейін «№ХХХ өтінім бойынша жолдама алу батырмасын басу қажет
  7. Танысу үшін баланы қабылдау үшін ақпарат, таңдалған балабақша, ата-ана жолдама бергісі келетін топ шығады.
  8. Содан кейін «Жолдама алу» бастырмасын басу
  9. Жолдама алынды.

Қиындықтар немесе басқа да қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналар Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 мекенжайындағы қалалық әкімдіктің № 14 кабинетіне келе алады немесе 36-64-19 тел. қоңырау шала алады.

Сонымен қатар, №14 кабинетте ата-аналардың қызметіне өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі орнатылған, онда қажет болған жағдайда мектепке дейінгі секторының әдіскерлері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеуге консультациялық және техникалық көмек (сүйемелдеу) көрсетеді.

Сұрақ: Балабақшада бірінші кезекте орын алу үшін қандай тұлғалар жеңілдігі бар санатқа жатады?

Жауап:

  1. Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары (құжаттың көшірмесі);
  2. арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабарсыз кеткендердің балалары (құжаттың көшірмесі);
  3. ата-анасы мүгедек болып табылатын тұлғалардың балалары;
  4. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар (құжаттың көшірмесі);
  5. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  6. жетім балалар;
  7. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  8. ата-анасы педагог болып табылатын тұлғалардың баласы;
  9. мүгедек баласы бар отбасынан шыққан бала

Сұрақ: Кім мектепте тегін тамақтана алады және мектепте тегін тамақтануды қалай алуға болады?

Жауап: Тегін тамақтануға:

  1. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар.
  2. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтындар
  3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  4. Төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмек қажет отбасыларда тұратын балалар.
  5. Алқалы орган айқындайтын өзге де санаттардың құқығы бар
  • Тегін тамақтану үшін Сіз құжаттардың толық пакетін ұсынуыңыз қажет:

(жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, баланың мәртебесін растайтын анықтамалар).

Құжаттарды тура

  • мектепке,
  • немесе білім бөліміне
  • немесе SAKURA ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады
Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы