Сұрақ: қараусыз қалған жер учаскелерін алып қою жұмыстары қалай жүргізіледі?
Жауап: Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімімен пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі, одан әрі мемлекеттік бақылау жүргізу үшін жер инспекциясы басқармасына жолданады.
Байланыс деректері:
Басқарма 8 (7152) 46-74-02;
Бөлім 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Металл гараждарды бөлшектеу
Жауап: Жер қатынастары бөліміның мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп гараждардың меншік иелерін белгілейді. Меншік иелеріне бөлшектеу мерзімдері белгіленеді, елемеген жағдайда жауапкершілікке тартылады.
Бөлім 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Үй салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап: Үй салу үшін жер учаскелері дайындалған алаңдарда кезекке сәйкес беріледі. Егер Сіз кезекте тұрмасаңыз, онда кезекке қою үшін жер қатынастары бөліміне өтініш беруіңіз керек.
Бөлім нөмірі 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Саяжай қоғамдарында тасталған учаскелер бар. Оларды өзіміздің атымызға қалай аударуға болады?
Жауап: Жер қатынастары бөлімімен иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүйелі негізде жүргізіледі.
Мұндай жерлер анықталған жағдайда бөлім есепке қою үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) хат жолдайды.
Жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепте болған уақытта басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Иесі жоқ жылжымайтын затты қала әкімдігінің есебіне қойған күннен бастап бір жыл өткеннен сотқа жүгінеді. Сондай-ақ жер учаскесіне жеке меншік құқығынан ерікті түрде бас тартқан кезде жер учаскесін иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепке алу үшін учаске иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша өтініші негіз болып табылады және бұдан әрі жоғарыда көрсетілген рәсім жүргізіледі. ТОлық ақпарат үшін 8 (7152) 46-02-06 хабарласыңыздар.
Сұрақ: Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін беру сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Кеңес алу үшін жер қатынастары бөліміне хабараса аласыз. 8 (7152) 46-02-06