Сұрақ: Ағымдағы жылы тұрғын үйлердің аулаларына көше жаттығу кешендері орнатыла ма? Аулалар қалай таңдалады?
Жауап: Көше жаттығу кешендерін орнату ПИК төрағаларының кеңесі бекіткен тізімге сәйкес, тұрғындардың өтінімдері бойынша жүргізіледі. Биылғы жылы 10 спорт кешен орнату жоспарланып отыр.
Өтініш берушілер өз кезегін Петропавл қаласы әкімдігінің сайтынан көре алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/article/details/52963?lang=ru
Сұрақ: Менің ұлым «Жастар» стадионында футболмен айналысады. Алайда, ондағы жағдайлар көңіл көншітпейді. Футбол манежын ауыстыру бойынша жұмыстар жасала ма?
Жауап: 2020 жылы біз жасанды жабынды ауыстыру, футбол манежінің конструкцияларын жылыту бойынша жұмыстар жүргіздік. Душ бөлмесі мен киім ауыстыратын бөлмелер ауыстырылды.
Сондай-ақ, футбол манежін орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары 15 ақпанға дейін аяқталады.