Сұрақ: Қалада қаңғыбас иттер көп, бұл адамдарға, әсіресе қарттар мен балаларға қауіп төндіреді. Қайда жүгінуге болады?
Жауап: Петропавл қаласының аумағында қаңғыбас жануарларды аулаумен «Петропавл қаласының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК айналысады. Қаңғыбас жануарлар анықталған жағдайда «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ (каб.311, тел: 50-27-34) немесе 109 нөміріне хабарласуға болады.
Сұрақ: Мен, ісін жаңа бастаған кәсіпкермін, бизнесімді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларына сенім арта аламын ба және қайдан кеңес алуға болады?
Жауап: Бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асырылуда, олардың бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы болып табылады.
Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым салаларының тізбесіне кіретін болса, сіз екінші деңгейдегі банктерде кредиттік қарыздарды ресімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана аласыз. Субсидиялау есебінен кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн.теңгеге дейін, өндірістік қажеттіліктерге – 20 млн. теңгеге дейін беріледі. Қызмет түрлері бойынша шектеулер жоқ. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін. Сіз кредиттерді кепілдендіру құралдарын салалық шектеулерсіз пайдалана аласыз, кепілдіктің ең жоғары мөлшері – кредит сомасының 85%-ына дейін. Сондай-ақ, сіз нысанға жетіспейтін инфрақұрылымды (газдандыру, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және т.б.) жеткізу бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер сіз инновациялық жобаны ұсынсаңыз, Сіз мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатыса аласыз. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2-5 млн.теңгеден бастап беріледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысына сәйкес "Қарапайым заттар экономикасы" басым жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы жұмыс істейді. Негізгі міндет – ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту және ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың кең ауқымын шығару. Толық ақпаратты www.damu.kz сайттан алуға болады немесе "Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ-ге (каб.311, тел: 50-27-34) хабарласуға болады.
"Бизнестің жол картасы 2025" шеңберінде экономиканың басым секторларының толық тізбесі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000968
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060#z30
"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000820
Сұрақ: Мемлекет қаражаты есебінен біздің кәсіпорынымызға дейін сумен жабдықтау жүргізіп, сол арқылы біздің шағын отбасылық бизнеске мемлекет қолдау көрсете ала ма?
Жауап:"Бизнестің жол картасы — 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен шағын және орта бизнеске су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері және басқалары сияқты жетіспейтін инфрақұрылымды салу және реконструкциялау бойынша қолдау көрсету көзделген.
Бұл қолдауды алу үшін сізге Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтініммен жүгіну қажет, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы: Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, каб.514, тел:36-04-02.
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ресми сайты:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидалары: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900001060
Сұрақ: Көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына шағын дүкендердің ("үй жанындағы дүкендер") маңындағы аумақтан тазаланбаған қар қолайсыздықтар туғызады. Қайда хабарласуға болады?
Жауап:"Үйдегі дүкендер" аумағынан тазаланбаған қар үшін учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыз. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қаланың және елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" 505 бабына сәйкес учаскелік полиция инспекторы тиісті шараларын қабылдайды.