Меню

Страницы

Статья

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

Сұрақ: жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қайда жүгіну керек?

Жауап: Сізге жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет (Театральная көшесі, 47, 1 қабат, тел.39-09-66). Бүгінгі күні құрылыс саласында 51 жұмыс орны, 21 жұмыс орны өнеркәсіп саласында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында — 77 жұмыс орны, ақпарат және байланыс саласында — 10 жұмыс орны, білім беру саласында — 49.

Петропавлда барлығы 218 бос жұмыс орны бар. Бос орындармен толығырақ сілтеме бойынша таныса аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/article/details/53046?lang=kk

Сұрақ: жұмыс беруші соңғы екі айда жалақы төлемейді, қарыз пайда болды.

Жауап: жалақы бойынша берешек болған жағдайда Сізге мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіну қажет (Абай көшесі, 64, 1 қабат, тел.50-33-42).

Сұрақ: егер тұрғылықты жері бойынша тіркелу болмаса АӘК рәсімдеуге бола ма?

Жауап: қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркеу – АӘК тағайындаудың міндетті шарты немесе тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу кезінде кемінде 6 ай.

Сұрақ: АӘК тағайындау кезінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы отбасының кірісіне енгізіле ме?

Жауап: отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ескеріледі.

Сонымен қатар, табыстың келесі түрлері ескеріледі;

  • жалақы;
  • зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
  • еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
  • бала бір жасқа толғанға дейін олардың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы;
  • үйде оқитын мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  • төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • алимент.

Сұрақ: неге мен 42500 теңге төлемді ала алмадым?

Жауап: 42500 төлемді тағайындаудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі өтініш берушілерде төтенше жағдай басталғанға дейін 12 ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмау фактісі болды. Яғни, егер жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген жарналарды аудармаған жағдайда немесе өтініш берушілер еңбек қатынастарын ресімдемей жұмыс істеген жағдайда (жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу) тиісінше төлем тағайындаудан бас тартылды.

Аталған себептер бойынша барлығы 6734 өтініш берушіге бас тартылды. ТЖ және шектеу шаралары кезеңінде барлығы 42 500 адам төлем алды

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы