«Nur Otan» партиясының XVIII съезiнде айтылған Елбасының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» — «Бақытты отбасы» Бағдарламасының (бұдан әрi — Бағдарлама) жаңа бағыты iске қосылды.
Бағдарлама қатысушылары мына санаттар бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар болуы мүмкiн: көп балалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды асырайтын отбасы. Халыққа несиеге алынатын тұрғын үй бағасынан 10% көлемiндегi бастапқы жарнамен, сондай-ақ, 20 жылға дейiнгi несие мерзiмiмен 2% ең аз мөлшерлеме бойынша ипотекалық несие алудың пайызсыз шарттары ұсынылуда. Бағдарлама аясында бiрiншi және екiншi дәрежелi тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарламаның қаржылық операторы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ болып табылады.
Аталған Бағдарлама аясында көп балалы отбасы тiзiмiнде есепте тұрған азаматтардан 14 өтiнiш қабылданды. Оның iшiнде Банк 7 өтiнiштi мақұлдады. Бүгiнгi күнi мақұлданған өтiнiштер тiзiмiнен бiр несие берiлдi.