Петропавл қаласының елтаңбасы Петропавл қаласының рәмізі болып табылады.
Осы ереже Петропавл қаласы елтаңбасының (бұдан әрі — Елтаңба) сипаттамасын, оның жаңғыртылуы мен ресми қолданылуын анықтайды.
1. Елтаңбаның сипаттамасы
Елтаңба айналасы дәстүрлі қазақ ою — өрнегімен жиектелген шаңырақтың бейнесін ұсынады. Елтаңбаның төменгі жағында — «Петропавл» деп жазылған лента.
Шаңырак 21 ғасырдың басындағы қаланы топығырақ сипаттайтын 4 элемент — нышанды біріктіреді:
«кілт» — географиялық орналасқан жері «Қазақстанның солтүстік қақпасы»;
«бидай масағы (бауы)» — ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуі дамыған аграрлы аймақ орталығы;
«тістегершік» — өнеркәсіп және машина жасау;
«ашылған кітап» — білім және мәдениет.
Түрлі — түсті бейнедегі Елтаңба — 2 түсті: сары және көк-жасыл.
2. Елтаңбаны жаңғырту
Жаңғыртылған Елтаңба бейнесі оның мөлшерінен байланыссыз қала әкімі аппаратында сақталатын этолонның түрлі-түсті немесе қара-ақ бейнелеріне дәл келуі тиіс.
Елтаңбаның бұрмалану жағдайларын болдырмау мақсатында оны жаңғыртқан жағдайда нобай қала сәулетшісімен міндетті бекітуіне жатады.
3. Елтаңбаны қолдану
Елтаңба бейнесі қойылуы мүмкін:
Елтаңбаны коммерциялық, жарнамалық және өзге-де мүдделерде қалалық қәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қолдануға рұқсат етіледі.
Петропавл қаласының дамуы мен оның тыныс-тіршілігінің ерекшелітерін көрсететін визит картасы Елтаңба болып табылады. Ол периметрі бойынша қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен шеңбер түрінде орындалған және стильге келтірілген скиф қалқанды бейнелейді. Шаңырақ (қазақтың дәстүрлі киіз үйінің төбесіндегі орталық саңылауы) Елтаңбаның оюына үйлесімді келіп тұр, оны бекітетін доғалар шеңберді 4 бөлікке бөледі, оның әрқайсысында XXI ғасырдың басындағы Петропавлды сипаттайтын 4 негізгі элемент бейнеленген. Жоғарғы секторда «Қазақстанның солтүстік қақпасы», қаланың географиялық орналасқан жерінің нышаны кілт орналасқан. Бұдан әрі қала, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін маңызы зор болып келетін бидай масағы орналасқан. Төменгі бөлігінде қаланың жоғары мәдени және білім-деңгейін көрсететін ашылған кітап бейнеленген. Келесі секторды өнеркәсіп пен өндірісті бейнелейтін тістегершік алып жатыр. Мемлекеттік тілде қала атауы жазылған лента композицияны аяқтайды.