Меню

Страницы

Статья

Ізгілік бастауы - адалдық

Жалпы, мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуды және ең бастысы – өзгеге үлгі бола білуді қажет етеді.

Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, бірақ кәсіби тәжірибемен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болу да өте маңызды. Адамгершілік – адам бойындағы әдептілік, ол – ізгілік, адалдық ұғымдарымен егіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады.

Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.» деп атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында ел мүддесіне адалдық, оның алдындағы борышын сезіну сияқты мызғымас құндылықтар мемлекеттік қызметті атқару ерекшеліктерімен және «Адал азамат» идеалдарымен тығыз байланысты екендігі көрсетілген. Тұжырымдама «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида негізге алынып жасалған.

Аталған құжатты іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілерге қосымша әлеуметтік кепілдіктер беріліп, мемлекеттік қызметшілер бұрын тек жоғары лауазымға өту арқылы өсе алса, енді көлденең ілгерілеуге де мүмкіндігі (атқаратын лауазымында сыныпты кезең-кезеңмен арттыру мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадының сабақтастығы мен кадр құрамының тұрақтылығына оң әсер ететін болады. Ең бастысы, лауазым ішінде көлденең ілгерілеу мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді), артық жұмыс істегені үшін лайықты материалдық өтемақы беру, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері берілетін болады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметті дамыту мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

- ашықтық және айқындық: барлық жұмысқа алу және ілгерілету рәсімдері мүмкіндігінше ашық және көпшілікке түсінікті болады;

- меритократия: мемлекеттік қызметке іріктеу және қызметі бойынша ілгерілету сіңірген еңбегіне, құзыретіне және кәсіби дағдыларына негізделеді;

- икемділік: мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа икемді тәсілдерді, инновациялар мен технологияларды енгізу;

- үздіксіз оқыту: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін оларды кәсіби дамыту;

- клиентке бағдарлану: озық жұмыс істеу, түпкілікті нәтижеге бағдарлану және қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- прагматизм: практикалық пайда мен тиімділікке қол жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолданудың басымдығы;

- жауапкершілік және есептілік: азаматтар мен мемлекет алдында қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту. Жұмыста жоғары әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл.

«Адал азамат» идеясын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілер арасында патриотизм пен кәсібилік идеалдарын насихаттауға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.

Жол картасының мақсаты «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді саналы түрде трансформациялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдептілік бейнесін құрайтын құндылықтар жүйесін ілгерілету болып табылады.

«Мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірі кәсіби қызметпен тығыз байланысты. Мәдениет, білім, тәрбие деңгейі адамның іс- әрекетінде көрінетін ішкі рухани әлемін бейнелейді. Бұл тұста зұлымдық пен әділетсіздікке жол бермейтін ар-ождан – ішкі бақылаушы ретінде ерекше орын алады.

Ардан аттамау, әдеп қағидаларын бұлжытпай орындау, жоғары жауапкершілікті сезіну мемлекеттік қызметшіге тән негізгі қасиеттер болуы керек.» деп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбай атап өткендей мемлекеттік қызметші өзі қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуі тиіс. Өйткені қоғам азаматқа мемлекеттік қызметші мәртебесін бере отырып, одан жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің тиімді іске асырылуын күтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) мемлекеттік қызметшілерді өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуына міндеттейді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;

5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Этикалық қағидаттар халықтың мемлекеттік институттарға және іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімінің жалпы деңгейін қолдаудың негізі болып табылады.

Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық қалыптасуын жетілдіру дәстүрлі, ұлттық – мәдени құндылықтарға сүйене отырып, республика дамуының әлеуметтік – тарихи факторларына бағдарланып жүзеге асуда.

Қазіргі қазақстандық қоғам мемлекеттік қызметшілерден мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуді, өз күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін елдің игілігі мен өркендеуі жолында жұмсауын күтеді.

Мемлекеттік қызметшінің жеке дамуы жалпы қоғамдағы өзгерістердің бастауы болуы мүмкін. Оның тұлғасы қоғамға үлгі болуы керек. Ол үшін әрбір мемлекеттік қызметші жағымды адамгершілік және кәсіби қасиеттерін дамытуы және бұл жұмыстың нәтижелері оның күнделікті қызметінде көрінуі тиіс.

Ата-бабаларымыз адалдықты, ар-абыройды баға жетпес құндылыққа балаған. «Пайда ойлама, ар ойла», «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озады.Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық...» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, адам үшін ар-ұждан бәрінен қымбат, бәрінен биік.

«Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы.» деген мемлекет басшысының сөздері әрбір мемлекеттік қызметшінің өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.

Қазіргі күнде өңірімізде мемлекеттік қызметшілер арасында адал қызмет атқарып жатқан мінсіз бедел қызметшілеріміз өте көп.

Солардың бірі – мемлекеттік қызметте отыз жылдық тәжірибесі бар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бағдат Сәрсенбайқызы Мұқанова.

Ол 1988 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетін «тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тамамдаған, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ведомстволық медальдарымен, облыс басшылығы мен басқарманың Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бағдат Сәрсенбайқызы өзінің мансаптық жолын Петропавл қаласының әкімдігінде маман болып бастап, ұзақ жылдар бойы ішкі саясат саласында қызмет етіп келеді. Оның жұмысындағы ең басты міндет – өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси, этносаралық жағдайды сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы жалпы ұлттық бірлікті нығайту үшін өзінің білімі мен кәсіби тәжірибесін қолдану.

Ол – «Желтоқсан-86» қозғалысының ардагері. Жұбайымен бірге ұл тәрбиелеп өсірді, жұмыстан бос уақытында немересін тәрбиелеумен айналысады.

Махаббат Төлегенқызы Дүйсенбаева жиырма жылға жуық Аққайың ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметте мінсіз қызмет етіп келеді. Баспасөз хатшысы болып бастаған соңғы жылдары Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады.

2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2021 ж.), Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2011 ж., 2021 ж.), Аққайың ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен (2019 ж.), «Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық бірлестік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және т.б. Құрмет грамоталарымен марапатталған. Кезінде, ол басқарған мемлекеттік орган «Болашаққа парасыз» конкурсына қатысып, жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін 1-орын алған.

          Махаббат Төлегенқызы аудан дамуының барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен тұрғындардың әл-ауқаты аудан әкімі аппаратының сапалық қызметіне байланысты деп санайды.

Жұбайы-полиция офицерімен бірге ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің мінсіз беделіне ие жас әрі келешегі зор қызметкерлердің бірі – он жылға жуық қызмет өтілі бар Дархан Мұратұлы Кәрімжан.

         Ол 2015 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, бірнеше рет Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, алғыс жарияланды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

         Дархан Мұратұлы мемлекеттік қызметтегі мансабын Ақжар ауданы әкімі аппаратында бас маман болып бастаған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар, қазіргі уақытта СҚО әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің бас маманы.

         2024 жылдың соңында жүздеген ізденушілер арасында өңірлік конкурстың барлық кезеңдерінен өтіп, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Өңірлік кадр резервіне іріктелді.

         Жұбайымен бірге ұл тәрбиелеп отыр.

Жапарова Айдана Құсманқызы 10 жылдан астам облыстық білім басқармасында қызмет атқарады. Бұл жауапты, әдепті сауатты маман, оның міндетіне мемлекеттік органда іс жүргізуді ұйымдастыру, жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, облыстың білім бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарына есептерді қалыптастыру бойынша көмек кіреді. Айдана Құсманқызының адал еңбегі білім басқармасының Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.

         Айдана Құсманқызы - көп балалы ана, жұбайымен бірге төрт қыз тәрбиелеп отыр.

         Біздің өңірде адал, әділ және өздеріне жүктелген міндеттер мен міндеттемелерді адал орындайтын мінсіз беделі бар мемлекеттік қызметшілер баршылық екенін тағы да бір атап өтемін. Келесі жарияланымдарда оқырмандарды жаңа есімдермен таныстырамыз.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі

аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі                        С. Серікбаев

Дата публикации
31 января 2025
Дата обновления
31 января 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы