Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 26 қыркүйекте қала әкімінің халықпен кезекті кездесуі өтті.
Мынадай дайындық жұмысы жүргізілді: кездесу өткізу уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен қала әкімінің сайтында кеңінен ақпараттандыру жүргізілді, Facebook, Instagram, youtube интернет-платформаларында есеп беру кездесудің онлайн-көрсетілімі, Telegram-бот, қала әкімінің ресми сайты, WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы ұсыныстар мен ескертулер жинау, кездесу өткізу күні аталған жұмыс барлық тұрғындар үшін есеп беру кездесуінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Барлық тұрғындар әлеуметтік желілер, ситуациялық орталық, қала әкімдігінің ресми сайты арқылы сұрақ қою, ұсыныстарын білдіру мүмкіндігіне ие болды.
Есеп беру кездесулері қатысушыларының пікірі, айтылған ұсыныстар мен ескертулерін талдау – халық алдында жария есеп беру кез-келген адамның өмір сүру сапасына тікелей байланысты өзекті пробелмаларды шешудің пәрменді тетігіне айналғанын көрсетіп отыр.
Бұл диалог мемлекеттік органдардың жұмысын жария және ашық етуге, тұрғындарды қаланың проблемаларын шешуге белсенді қатысу үшін тартуға мүмкіндік береді.
Есеп беру кездесуіне дайындық және өткізу кезінде тұрғындардан түскен барлық талаптар әкімдіктің бөлімдерімен, қалалық қызметтермен, ПИК төрғаларының кеңесімен, қалалық мәслихат депутаттарымен және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен толықтай пысықталды.
Барлығы 61 ұсыныс және ескерту түсті, оның 15-і мәселелердің басымдылығына және бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Есеп беру кездесуін өткізу кезінде әкімдікте тұрғындар талаптарының орындалуын бақылау жүйесі пысықталып, олардың орындалуына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Әкімдік бөлімдерінің және қалалық ведомстволардың басшыларына қабылданатын шаралардың уақыттылығына және пәрменділігіне жеке жауапкершілік жүктелген.
Петропавл қаласының әкімі С.М. Мұхамедиевтің 2023 жылғы 26 қыркүйекте халықпен кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – қоса беріліп отыр.