Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 30 наурызда өткен есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы туралы ақпарат

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қалада 2023 жылғы 30 наурызда халыққа есеп беру кездесуі өткізілді, ол республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен қала әкімінің ресми сайтында кеңінен жарияланды.

Жүргізілген дайындық жұмыстары: кездесудің өтетін орны мен уақыты туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен қала әкімінің сайтында кеңінен хабардар ету, жарияланған баяндама, call-орталықтың жұмысы, Facebook, Instagram интернет-платформаларында есеп беру кездесуінің онлайн көрсетілімі, Telegram-бот, қала әкімінің ресми сайты, WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы ескертулерді, ұсыныстарды жинау жұмыстары кездесу өткізу күні барлық қалалықтар үшін есеп беру кездесуіне қол жетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Барлық тұрғындардың әлеуметтік желілер, электронды пошта және қала әкімдігінің телефондары, БАҚ арқылы сұрақтар қоюға, ұсыныстар айтуға мүмкіндіктері болды.

Есеп беру кездесуі қатысушыларының пікірлері, айтылған ескертулері мен ұсыныстарының талдауы, халық алдында есеп беру тұрғындардың өзекті мәселелерін шешудің ұтымды тетігі болғанын көрсетіп отыр.

Аталған диалог мемлекеттік органдардың жұмысын ашық және айқын көрсетуге, азаматтардың қала проблемаларын шешуге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Есеп беру кездесуіне дайындық және өткізу барысында қалалықтардан түскен барлық талаптар әкімдік бөлімдерімен, қалалық қызметтермен, ПИК төрағаларының кеңесімен, қалалық мәслихат депутаттарымен және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен толық пысықталды.

Мәселенің басымдылығына және бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес олардың 10 есеп беру кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау жөніндегі қалалық Іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Есеп беру кездесулерін өткізген уақыт ішінде әкімдікте қала тұрғындары талаптарының орындалуын бақылау жүйесі жасалған, олардың орындалуына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Әкімдік бөлімдері мен қалалық ведомстволардың басшыларына қабылданатын шаралардың уақыттылылығы және нақтылығы үшін жеке жауапкершілік жүктелген.        

Қала әкімі Р.Ә. Аңбаевтың 2023 жылғы 30 наурызда халыққа есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріліп отыр.

Дата публикации
20 июня 2023
Дата обновления
20 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
15 октября 2026
Информационное сообщение

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы