Петропавл қалалық мәслихатының «Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негіздемесі Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»     2015 жылғы 31 желтоқсандағы   № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы болып табылады.

Осы қаулының қабылдану мақсаты - техникалық қызметкерлерді және жалақысы төмен азаматтық қызметшілерді ынталандыру мақсатында  үстемақылармен ынталандыру болып табылады. Ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады. 

Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақыларын төлеуді қаржыландыру көзі Петропавл қаласының жергілікті бюджеті болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы  жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15427484

Басшы                                                      М. Ерханов

Петропавл қалалық мәслихатының «Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы
Дата публикации
04 февраля 2025