«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы жобаға пресс-релиз

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»

 

қаулы жобаға

 

пресс-релиз.

 

 «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.

 

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды.

 

Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді.

 

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды.

 

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14650188 )  орналастырылған.

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы жобаға пресс-релиз
Дата публикации
30 сентября 2023