
Итқұлов Ерік Серікбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Железное ауылында дүниеге келген.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.
2008 - 2015 жылдары Петров орта мектебінің информатика және физика мұғалімі болып еңбек етті.
2015 - 2017 жылдары Петропавл қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің инспекторы болды.
2017 - 2020 жылдары Петропавл қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.
2020 - 2022 жылдары Петропавл қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болды.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Петропавл қаласы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы