
Облыстық бюджеттің қолдауының арқасында ауданның коммуналдық қызметтері үшін жалпы сомасы 89,2 млн теңгеге 6 жаңа техника сатып алынды. Олардың қатарында КАМАЗ, экскаватор-тиегіш және 4 жаңа Lovol тракторы бар. Бұл техника қазірдің өзінде көшелердің тазалығын қамтамасыз ету және қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеу үшін белсенді пайдаланылуда.
Бүгін ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қаликов К.Ж. және ТКШ бөлімінің басшысы Қыраубаев А.Ж. бірге Булаев қаласының негізгі коммуналдық қызмет нысандарын: ДЭУ-68, коммуналдық шаруашылық және «Булаев Су» кәсіпорнын араладым.
Тазалау және басқа да арнайы техниканың қысқы кезеңнің жалғасына және алдағы мерекелік іс-шараларға дайындығын тексердім. Ерекше назар ауа райының өзгерістеріне жеделден қою мәселелеріне аударылды.
Коммуналдық қызметтерге күнделікті жолдарды, көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізуге, тәртіпті сақтауға және туындаған мәселелерді жедел шешуге тапсырма берілді. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауданымызды абаттандыру мен тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды жалғастырамыз.