
Жаңа жыл қарсаңында Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Назымбекұлы Смағұлов Булаев қаласының әкімі Азамат Тоқышұлы Бірімжановпен және Аяз ата мен Ақшақармен бірге халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын отбасылардың балаларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Балаларға тәтті сыйлықтар берілді. Олар сыйлықтарды қуанышпен қабыл алды. 🎁✨
Балалардың ата-аналары көңіл бөліп, қамқорлық танытқандық үшін шынайы алғыс білдіріп, бұндай қолдау мереке күндері өте маңызды екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жататын отбасыларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтар беріп, мерекемен құттықтауға барады.
Құрметті Мағжандықтар!
Келе жатқан Жаңа жыл бақыт, амандық, жақсылық әкелсін! Жаңа Жыл құтты болсын!