Мағжан Жұмабаев ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Мағжан Жұмабаев ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Агроөнеркәсіп саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі және адал еңбегі үшін Әлібай Құсайынов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты аудан әкімі Рахат Смағұлов табыс етті.

Айта кетейік, биыл ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімі 65 миллиард теңгені құрап, соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.