
3 қазанда аудандық мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Рахат Назымбекұлы және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Темірболатқызы педагогикалық еңбек қызметкерлеріне шын жүректен құттықтауларын білдірді. Үздік педагогтар дипломдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін Ақан Сері ат. Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық және джаз музыкасы оркестрінің қатысуымен концерттік іс-шара өтті.