Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу жүргізіледі.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторизациялануы тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін өтінімдер уәкілетті пайдаланушылардан жүйенің көмегімен қабылданады.
Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері:
2024 жылғы 23 тамыздан бастап 28 тамызға дейін.