
«Тамаша – 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің базасында Светлана Валерьевна Карабанова ірімшік өндіретін жаңа цех ашты.
Соңғы кездері ешкі сүтіне деген сұраныс артуда, өйткені оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы зор.
Светлана Валерьевна үнемі ассортиментін кеңейтіп отырады, жаңалықтар енгізеді, технологияларды белсенді меңгереді.
Бүгінгі таңда «Тамаша - 2050» ЖШС фермасы ірі ешкі фермаларының бірі болып табылатындығы және өнімдерге сұраныс бар екендігі бізді қуантады. Жақын арада ешкі ірімшігі Булаев майы сияқты ауданымыздың визиттік карточкасына айналады деп үміттенемін.