
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Фаткулович Камалов Мағжан Жұмабаев ауданының активіне Мағжан Жұмабаев ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа бастығы Елеусізов Нұрсұлтан Есенкелдіұлын таныстырды.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау, жергілікті және аумақтық органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Аудан әкімі Қ.Қ. Омаров Нұрсұлтан Есенкелдіұлын Мағжан Жұмабаев ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдыңғы бастық Елемесов Назымбек Келденбайұлына алғыс білдірді.