
Бүгін Булаев қаласында "Жастар" орталық стадионында "Ақ-бидай-2022" спорттық мерекесі аяқталды.
Жарысқа 17 ауылдық округ пен Булаев қаласынан 350-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс волейбол, баскетбол, футбол, гір спорты, дойбы, шахмат, жеңіл атлетика, үстел теннисі, еркін күрес, бокс бойынша ауданның мықты командалары арасында өтті.
Жалпы командалық орындар келесідей бөлінді: 3-ші орынды Возвышен ауылдық округінің командасы, 2-ші орынды Булаев қаласының командасы, 1-ші орынды Қарақоға ауылдық округінің командасы иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған барлық командалар сертификаттармен, кубоктармен, дипломдармен марапатталды.