Солтүстікқазақстандықтар жыл басынан бері үш мыңнан астам көлікті тіркеді

Солтүстікқазақстандықтар жыл басынан бері үш мыңнан астам көлікті тіркеді

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық автокөлік иелері төрт мыңнан астам көлікті өздері тіркеді. Олардың ішінде екі мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркеді және 1200-ден астамы жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды.

Салыстыру үшін 2020 жылы СҚО тұрғындары egov.kz порталы арқылы 2956 автокөлік қайта ресімдеп, 6006 жүргізуші куәлігін алған болатын.

«Бұрын автокөлікті тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкімет порталында тіркеу мүмкін болатын. Енді мемлекеттік қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимінде қол жетімді. Енді сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлік құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмірлік белгіні онлайн таңдайды», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Жұмабай Еркін.

Онлайн мәміле аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні «Электрондық үкімет» порталындағы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетінше алуға болады. На сегодняшний день регистрацией транспортного средства через Kaspi приложение воспользовались –606 североказахстанца.