
2016 жылы тұңғыш Президенттің Ұлт жоспарындағы 100-ші қадамды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік корпорация бүгінде төрт ірі мекеменің басын біріктіріп («Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық») отыр.
Жыл сайын мемлекеттік корпорация халықтың үлкен легін қабылдай отырып, 38 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді екн. Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорация арқылы азаматтар тізілімдегі 698 қызметтің 96,5% - дан астамын (674) ала алады, оның 85,5% - дан астамын электрондық портал арқылы алуға болады.
Корпорация құрылғалы бері қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету мақсатында автоматтандыру және ықпалдастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Бес жылдың ішінде біз жүзден астам қызметтерді оңтайландырдық, проактивті және композиттік қызмет көрсету форматтарын енгіздік, азаматтардың өмірін едәуір жеңілдететін көптеген пилоттық жобаны іске қостық. Жыл сайын мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету аясы айтарлықтай кеңейе түсуде.