2021 жылғы 12 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша персоналды басқару қызметі облыстық бірыңғай персоналды басқару қызметімен бірлесіп мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілермен «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және олардың салдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында БПБҚ сектор меңгерушісі Исин А. А. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабында бекітілген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болған жағдайда мемлекеттік қызметшілер үшін қандай салдарлар туындауы мүмкін екендігі түсіндірілді. Барлық қойылған сұрақтарға жас мамандарға жауап берілді.