Меню

Страницы

Статья

Абаттандыру ережелерін сақтау бойынша жадынама

Құрметтi солтүстiкқазақстандықтар және өңiр қонақтары!

Әрқайсымыз ыңғайлы және жайлы жағдайда өмiр сүрiп, жұмыс iстегiмiз келедi.

Ендеше, оны бiрге жасайық!

Сiздердiң назарларыңызды облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 сәуiрдегi №13/21 шешiмiмен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысы қалалары мен елдi мекендерi аумақтарын абаттандыру қағидаларына аударамыз.

Сондай-ақ Сiздерге көмек ретiнде абаттандыру қағидаларының жекелеген ережелерiн ұсынамыз.

I. Жеке және заңды тұлғалар:

  • көше атаулары мен үй нөмiрлерi көрсетiлген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
  • қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды;
  • дербес өз қаражаты есебiнен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлiнген аумақты санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;
  • ғимараттардың қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

II. Жол берiлмейдi:

  • жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерiн ластауға;
  • тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетiн мұнаралардың жанында, су айдынында, көпшiлiк демалу орындарында, тұрғын үйлердiң подъездерi жанында көлiк құралдарын жөндеуге және жууға.

III. Осы Қағидаларды бұзғаны үшiн «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексiнiң 505-бабына сәйкес жауапкершiлiк қарастырылған:

Яғни бұзушылық ескерту немесе айыппұл салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға — 48 100 теңге мөлшерiнде (20 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 72 150 теңге (30 АЕК);
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 72 150 теңге мөлшерiнде (30 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 96 200 теңге (40 АЕК);
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 96 200 теңге мөлшерiнде (40 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 120 250 теңге (50АЕК);
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 240 500 теңге мөлшерiнде (100 АЕК), бiр жыл iшiнде қайтадан бұзған жағдайда — 721 500 теңге (300 АЕК).

Құрметтi достар!

Қашан бiреу тәртiпке шақырып келедi және оны бiз үшiн басқа бiреу орнатады деп есептеудiң қажетi жоқ! Сондықтан бiзге, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiзге жайлы болатындай етiп жасау үшiн бәрiмiз «бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығара» бiлейiк, қымбатты отандастар!

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы