Мемлекет басшысының 4 бастамасын iске асыру бойынша қойылған мiндеттердi орындау мақсатында, «өнiмдi жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша Қордың филиалына жыл басында бұрын бөлiнген 1,2 млрд. теңге қосымша 600,0 млн. теңге бағытталды.
Ағымдағы жылдың басынан 3 448,2 млн. теңге сомасына 760 жоба қаржыландырылды, соның iшiнде өнiмдi жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 1 823,5 млн. теңге сомасына 561 жоба қаржыландырылды.
Келесi несиелеу бағдарламалары бойынша:
Игiлiк — 858,7 млн. теңге сомасына 358 жоба, 1501 бас IҚМ, 1994 ұсақ мал, 875 бас жылқы, 114 бас шошқа, 38 628 бас құс сатып алуға, 6 жоба ара шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Кәсiпкер — 739,8 млн. теңге сомасына 170 жоба, оның iшiнде 44 жоба ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 26 жоба сауда саласын дамытуға, 41 жоба жүк және жолаушылар көлiгiн сатып алуға, 5 жоба қоғамдық тамақтану қызметiн көрсетуге, 2 жоба медициналық қызмет көрсету саласы (дәрiхана және стоматология), сондай-ақ 52 жоба өзге де қызмет түрлерiне;
Ынтымақ — 13 жоба — 68,2 млн. теңге, 3 сүт қабылдау пунктi ашылды, халықтан сүт сатып алу үшiн айналым қаражаты толықтырылды;
Егiнжай — 48,8 млн. теңге сомасына 11 жоба, 16 000 га астам егiс үшiн айналым қаражаты толықтырылды;
Сыбаға — 108,0 млн. теңге сомасына 9 жоба, 294 бас импортталған IҚМ басын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшiн.
Сонымен қатар, несие қаражаты есебiнен 705 жұмыс орны құрылды, 465 адам 1 339,8 млн. теңге сомасына жеке iсiн ашты, 96 адам 483,7 млн. теңге соммасына өз iсiн кеңейттi;
Кәсiпкер әйелдердiң үлесi 491,9 млн. теңге сомасына 172 адам (немесе саны бойынша 33%).
2016-2018 ж.ж. Ауыл шаруашылығы кооперативтерiн дамыту бағдарламалары бойынша:
1 229,1 млн. теңге сомасына 43 АШК несиелендiрумен қамтылды (оның iшiнде 37 АШК сүт жабдықтарын, а/ш техникасын сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландырылды), 3229 адам мүшелерi бар, оның iшiнде 327 адам несие қаражатын алды, 3 385 бас ұрықсыз аналық IҚМ, 899 бас IҚМ бордақылау үшiн сатып алынды.
Несиелер берiледi:
«Игiлiк» несиелеу бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту бойынша 6,5 жылға дейiн-сомасы 4,0 млн. теңгеге дейiн, Якорлық кооперацияны дамыту бойынша, мерзiмi 7 жылға дейiн — 12 млн. теңгеге дейiн;
«Ынтымақ» ауыл шаруашылығы кооперативтерiн және «Бiрлiк» сүт қабылдау пункттерiн дамыту бойынша — 7 жылға дейiнгi мерзiмге 12,0 млн. теңгеге сомасына дейiн;
«Кәсiпкер» Бизнестiң басқа түрлерiн дамыту бойынша, 5 жылға дейiнгi мерзiмге — сомасы 6,0 млн. теңгеге дейiн;
Сыйақы мөлшерлемесi соңғы қарыз алушы үшiн жылдық 6%-ды, Якорлық кооперацияны дамыту бойынша — жылдық 4%- ды құрайды.
Кепiлмен қамтамасыз ету жылжымалы, жылжымайтын мүлiк, оның iшiнде ауылдық жерде орналасқан мүлiк болып табылады.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Zip
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының кредиттеу бағдарламалары Zip
Жылдың бiрiншi жарты жылдығында аудан М. Жұмабаев ветеринария бөлiмiнiң қорытындысы Zip