02.04.2021
БЖЗҚ өз салымшыларына 704 миллиард теңгеден аса қаржы төледi
2021 жылдың 1 наурызына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- бiржолғы зейнетақы төлемдерi — 649,9 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,3 млрд теңге;
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 15, 9 млрд теңг;е
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 13,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 4,5 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 0,9 млрд теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 0,4 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 28 322 теңгенi құрап, ай сайынғы ең жоғарғы төлем сомасы 522 610 теңге болды.
02.04.2021
БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 217,9 млрд теңгенi құрады
БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 наурызындағы негiзгi көрсеткiштерi
2021 жылдың 1 наурызына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өстi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,3 трлн теңге (жыл iшiндегi өсiм — 14%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 314,5 млрд теңге (өсiм 22%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсiм 12%) жеттi.
2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi екi ай iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 217,9 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс есептелгенiн атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 78 млрд теңгеге (немесе 56%) артық. Ағымдағы жылдың кiрiстiлiк көрсеткiштерi де өткен жылдың сәйкес кезеңiнiң көрсеткiштерiнен де асып түстi. Мәселен, 2021 жылдың басынан бергi кiрiстiлiк 1,3% инфляция кезiнде 1,7%-ды құрады (өткен 2020 жылдың осындай кезеңiндегi кiрiстiлiк 1,3% инфляция кезiнде 1,3% құрады). Егер кiрiстiлiктi жылдық мәнде қарайтын болсақ (2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы ақпанға дейiнгi соңғы 12 айда), онда ол инфляция 7,4% болғанда 11,4%-ды (өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 6% инфляция кезiнде 7,8% болды) құрады.
Салымшылардың шоттарына 2021 жылдың басынан берi жалпы көлемi 191,6 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 16,4 млрд теңгеге немесе 9% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 94,8% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша жүзеге асырылған 181,6 млрд теңге (өсiм 9%) түсiмдер құрады, 9,9 млрд теңге (өсiм 13%) МКЗЖ бойынша түстi, 104 млн теңге (өсiм 34%) ЕЗЖ бойынша аударылды.
Қордан төленетiн төлемдер, ең алдымен, бiржолғы зейнетақы төлемдерi (БЗТ) есебiнен айтарлықтай өстi. Тек екi айдың iшiнде БЖЗҚ салымшыларына 704 млрд теңгеден астам төлем төлендi, төлемдердiң басым бөлiгiн 649,9 млрд теңге мөлшерiндегi БЗТ құрады. Төлемдер сомасы бойынша екiншi орында сақтандыру ұйымдарына жасалған 19,3 млрд теңге аударымдар тұр. Одан кейiн жасына байланысты төлемдер 15,9 млрд теңге, мұрагерлiк бойынша 13,3 млрд теңге, ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша 4,5 млрд теңге, жерлеуге 0,9 млрд теңге және мүгедектiк бойынша төлемдер 0,4 млрд теңге болды.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бiрлiктi құрады (жыл iшiндегi өсiм — 10%). Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды — 10 986 723 бiрлiк (жыл iшiндегi өсiм 11%). Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 532 757 бiрлiк (өсiм 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 60 177 бiрлiк (өсiм 9%).
02.04.2021
БЖЗҚ өз салымшыларына 704 миллиард теңгеден аса қаржы төледi
2021 жылдың 1 наурызына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- бiржолғы зейнетақы төлемдерi — 649,9 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,3 млрд теңге;
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 15, 9 млрд теңг;е
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 13,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 4,5 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 0,9 млрд теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 0,4 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 28 322 теңгенi құрап, ай сайынғы ең жоғарғы төлем сомасы 522 610 теңге болды.
10.08.2020 ж.
Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық кiрiстiлiгi инфляциядан 14 пайызға артық
Зейнетақы активтерiнiң жинақталған кiрiстiлiгi 2014 жылдан бастап 2020 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi кезеңде жинақталған инфляция 64% болған кезде 78%-ды құрады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде қамтамасыз еткен нақты кiрiстiлiк 14% болды. Осы кезеңдегi инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiнiң 30%-дан астамын немесе 3,8 трлн теңгенi құрады.
Қазiргi уақытта БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кiретiнi бәрiмiзге белгiлi.
Жеке зейнетақы шоттарына түсетiн және есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (ҚРҰБ) түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды.
Тәуекелдердi азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазiргi уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi — АҚШ долларымен номиналданады.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады.
Инвестициялық кiрiс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кiредi.
Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 шiлдесiне дейiн салымшылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық кiрiс есепке алынды. Есептелген кiрiстiң 69%-ын қаржы құралдары бойынша сыйақы түрiндегi кiрiс құрады, табыстың 29%-ы құралдарды валюталық қайта бағалаудан түстi, қалған кiрiс нарықтық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы өзге активтер мен активтердi қайта бағалау нәтижесiнде алынды.
2020 жылғы наурыздан бастап зейнетақы активтерiнiң инвестициялық табыстылығына АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруi үлкен әсер еттi. Наурыз айында таза инвестициялық кiрiс 521,8 млрд теңгенi құрады. Содан кейiн, сәуiрден бастап Ұлттық валюта бағамының нығаюы байқалды, бұл алдыңғы өсiммен салыстырғанда терiс қайта бағалауға себеп болды. Алайда, маусым айында зейнетақы активтерi бойынша таза инвестициялық кiрiстiң 44,05 млрд теңгеге өсуi байқалды.
Сонымен бiрге, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл iшiнде талдау орынды екенiне назар аударамыз. Қысқа мерзiмдi деректер (күнделiктi, ай сайынғы және т.б.) — көрсеткiш бола алмайды, себебi олар күнделiктi нарықтық конъюнктураға тәуелдi.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерiн есепке алудың бүкiл жүйесi ашық: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттен көру мүмкiндiгiне ие, сонымен қатар, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады. Мұндай ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.
18.05.2020 ж.
Зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай?
Сұрақты риторикалық деп айтуға келмейдi. Әсiресе, COVID-19 короновирусына, валюта курсының, мұнай бағасының құбылуы және басқа да факторларға байланысты қаржы нарығында орын алған тұрақсыздық инвестициялық табыстың өзгеруiне әкеп соққан, карантин режимiне орай табысынан айырылу бойынша 42 500 теңге мөлшерiндегi мемлекеттiк жәрдемақы алу мәселесi қайнап тұрған тұста, тiптi бұл қаржы «БЖЗҚ-дан алынып жатыр екен» деген де пiкiрлер тарап кеттi. Сәуiр айының соңында «БЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Жанат Құрманов жағдайды түсiндiру мақсатында БАҚ-та сұхбат бердi.
Бүгiн бiз оқырмандардың назарын азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарына қатысты ең маңызды мәселелерге аударғымыз келедi.
Бiрiншiден: зейнетақы жинақтары — салымшының меншiгi, оның сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. Оған салымшының еркiнен тыс ешкiм билiк жүргiзе алмайды, яғни үшiншi тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтiн басқа да төлемдер жасай алмайды.
Екiншiден: жинақтар үздiксiз инвестицияланады, яғни олар «тұрған жоқ», салымшыға «жұмыс iстеуде». ҚР Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiн инвестициялайды. Инвестициялаудың басты қағидаты — бұл олардың сақталуы, яғни қандай да бiр себептермен оларды жоғалту тәуекелiн азайту. Зейнетақы жинақтары тұрақты пайда әкелiп, қамсыз қарттықты қамтамасыз ету үшiн көбейiп отыруы тиiс.
Үшiншiден: барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi әрбiр салымшының шотына күнделiктi есептелетiн инвестициялық табыстан тұрады және кез келген салымшы БЖЗҚ ұялы қосымшасы немесе БЖЗҚ сайтындағы өзiнiң жеке кабинетi арқылы өз жинақтарын «24/7» режимiнде бақылай алады.
Ендi осының бәрiне толығырақ тоқталып өтсек.
Салымшылардың зейнетақы активтерi жан-жақты бақылауда және олардың сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. Бұл бiздiң азаматтарымыздың қарттыққа жинаған ақшасы. Оны тек заңмен белгiленген шарттарда ғана алуға болады.
Барлық мемлекеттiк жәрдемақылар мемлекет бюджетiнен немесе Үкiметтiң бюджеттен тыс қорларынан төленедi, ал БЖЗҚ-дағы қаражатқа олардың қатысы жоқ. Бұл салымшылардың жеке ақшасы.
«БЖЗҚ» акционерлiк қоғамының өзi зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жинау, өңдеу, есепке алу және есептеу, халыққа зейнетақы қызметтерiн көрсету жөнiндегi уәкiлеттi оператор болып табылады. Ал зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады.
Зейнетақы активтерi түрлi қаржы құралдарына зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуын және табыс мөлшерiнiң инфляциядан жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында инвестицияланады.
Инвестициялау үшiн қаржы құралдарын таңдау кезiнде Ұлттық банк тәуекел-табыстылық қатынасындағы ең жоғары теңгерiмдiлiкке ұмтылады. Егер қаржы нарығындағы жағдай өзгерсе және жекелеген инвестициялық құралдар бойынша табыстылық төмендесе, онда бұл басқа құралдар бойынша табыстылықпен өтеледi.
Әрбiр салымшының БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) бар, оған барлық келiп түсетiн зейнетақы жарналары, сондай-ақ заңнамада белгiленген комиссиялық сыйақы шегерiлгенде алынған инвестициялық табысы есепке алынады. Комиссиялық сыйақы 2020 жылы алынған инвестициялық табыстың 2,0 пайызын және зейнетақы активтерiнiң айына 0,011 пайызын құрайды. Бұл заңда белгiленген нормалардан тиiсiнше 3,7 есе және 2,3 есе төмен.
Зейнетақы жинақтары Қазақстан iшiнде де, халықаралық нарықтарда да, әртүрлi елдердiң активтерi мен валюталарына инвестицияланғанына қарамастан БЖЗҚ әр күннiң қорытындысы бойынша азаматтардың жинақтарын қайта бағалауды жүзеге асырады. Инвестициялық кiрiс салымшыға күн сайын есептеледi және әр күннiң қорытындысын күнделiктi көрiп отыруға болады. Тiптi адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алып жүрген болса да, оның жинақтарына инвестициялық кiрiстiң есептелуi жалғаса бередi. Ол әрбiр салымшының жинақ сомасына және салымшылардың ақшалары инвестицияланған қаржы құралдарының кiрiстiлiгiне байланысты. Басқаша айтқанда, инвестициялық табыс күн сайын салымшылардың шоттарына олардың жинақтарына сай бөлiнедi.
Инвестициялық табысты есептеу қалай жүргiзiледi? Алдымен БЖЗҚ әр күнге есептейтiн зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң (ШБ) ағымдағы құнына байланысты болатындығынан бастайық. Әр салымшының жеке зейнетақы жинақтары теңгемен және ШБ санымен есептеледi.
Салымшының ЖЗШ-сындағы ШБ саны оның шотына зейнетақы жарналары аударылған сайын түскен жарна сомасын ШБ-ның ағымдағы құнына бөлу жолымен есептеледi. Нақты мысалмен қарастырайық. Мәселен, Сiздiң ЖЗШ-ға 10 000 теңге зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. ШБ құны 2020 жылдың 01 наурызында, мысалы 806,3948806 деп алсақ, сiздiң ЖЗШ-ға есептелетiн ШБ саны 10 000 теңге / 806,3948806= 12,4008724 құрайды.
Зейнетақы жинақтарын басқа күнге, мысалы, 2020 жылдың 01 мамырына алынған инвестициялық табысты ескере отырып есептейтiн болсақ, шартты белгiнiң ағымдағы жаңа құны есептелетiн болады, мысалы, 835,2253117. Сiздiң ЖЗШ-ға есептелген ШБ саны ағымдағы жаңа құны бойынша мынадай сипатта қайта бағалануы тиiс: 12,4008724 * 835,2253117 = 10 357,52 теңге.
Осылайша, Сiздiң зейнетақы жинағыңыз 2020 жылдың 01 мамырында 10 357,52 теңгенi құрады, бұл ретте бiз мысалға алып отырған зейнетақы жинағы 10 000 теңге мөлшерiндегi зейнетақы жарнасынан және 357,52 теңге инвестициялық табыстан тұрады. Жинақтардың ұлғаюы ШБ құнының өсуiнен көрiнiс тапқан инвестициялық табыстың есептелуiне байланысты.
ШБ құны БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы басты бетте күн сайын жаңартылып отырады
Осылайша, әр салымшының зейнетақы жинақтарының мөлшерi зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысқа, сондай-ақ жарналардың уақытылы және тұрақты кезеңдiлiкпен түсуiне тәуелдi. Сондықтан ЖЗШ-ға жарналардың тұрақты және толық көлемде түсуi маңызды.
Инвестициялық қызмет нәтижесiнде және шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi күн сайын өзгеруi мүмкiн. Сол үшiн де инвестициялық басқаруды инвестиция салынғаннан кейiн ұзақ мерзiм (кемiнде бiр жыл) өткiзiп барып және ұзақ мерзiмдi перспективада бағалаған жөн.
Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 641,8 млрд теңге, табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. Осылайша зейнетақы активтерiнiң таза кiрiстiлiгi оң (инфляциядан жоғары) нәтиже бердi.
2020 жылдың басынан бастап 01 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 536 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен (154,9 млрд. теңге) салыстырғанда 381,1 млрд теңгеге артық. Бұл инвестициялық кiрiстiң белгiленбеген шама екендiгiнiң дәлелi, ол қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, алушы зейнетақы төлемдерiне құқықты алған кездегi инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк көзделген. Зейнетақы жинақтарының мөлшерi жарналар сомасы, олардың түсу тұрақтылығы мен инвестициялық табысқа байланысты.
Мiне, осындай қарапайым экономика мен математика, оны түсiнген әрбiр салымшы өз жинағының қалай ұлғаятынын, онымен не болып жатқанын және төлемдердiң мақсатқа сай дұрыс жүзеге асырылуын еш қиындықсыз бақылай алады.
Бүгiнгi күннiң сандық көрсеткiштерiмен, айлар мен жылдар бойынша жеке-жеке, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi ақпаратпен, сондай-ақ қаржы құралдары бөлiнiсiндегi инвестициялық портфельдiң құрылымы туралы деректермен Сiз ай сайын Қордың сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде төмендегi шағын бөлiмдерден таныса аласыз:
- «Инвестициялық қызметке шолу» https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/review.php
- «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi құрылымы» https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/structure.php
27.04.2020 ж.
2020 жылдың бiрiншi тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледi
2020 жылдың 1 сәуiрiне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- зейнеткерлiк жасқа толуы бойынша төлемдер — 16,7 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер — 11,6 млрд тенге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 8,4 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 7,1 млрд теңге;
- жерлеуге берiлген төлемдер — 780 млн теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 476,5 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетiн (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгенi құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы — 506 980 теңге болды.
24.04.2020 ж.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан берi 879 миллиард теңгеге ұлғайды
«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 сәуiрiндегi негiзгi көрсеткiштерi
Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бiрi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың бiрiншi тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергi өсiм 8% құрады.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% — ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгенi құрап (өсiм 30%), ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсiм 10%).
Айта кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлiрек айтқанда — 10 698 980 бiрлiк. Өткен жылдың сәуiр айынан бастап өсiм 3% көрсеттi. ЖЗШ-лардың басым бөлiгiн бұрынғысынша мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн шоттар құрады — 10,1 млн, одан әрi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары — 514,8 мың шот. Ерiктi зейнетақы жарналары да сенiмдi қарқынмен өсуiн жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуiрiне 55 371 шот болды.
2020 жылдың бiрiншi тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткiштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), мұрагерлерге аударымдар (7,1 млрд теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге) төлемдер берiлдi.
Ерекше атап өтетiн жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуiрге дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кiрiс есептелдi. Бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық, өсiм 583% құрады. Ал 2019 жылдың бiрiншi тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған едi. Бұл ретте инвестициялық қызмет нәтижесiнде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiстiң мөлшерi әрқашан өзгерiп тұруы мүмкiн екендiгiн және оны ұзақ мерзiмдi перспективада қарау қажет екенiн есте сақтау маңызды.
2019 және 2020 жылдардағы көрсеткiштердi салыстырып қарағанда көрiп отырғанымыздай, инвестициялық кiрiс — бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi, тiркелмеген шама. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебiнен инвестициялық кiрiс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерiнiң барлық инвестициялық портфелiн ұзақ мерзiмде әртараптандыру есебiнен өтелетiн болады.
26.03.2020 ж.
БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылдың басынан бергi инвестициялық табысы 332 миллиард теңгенi құрады
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түстi (жыл басынан бергi өсiм 4% пайызды құрады).
Зейнетақы активтерiн әр түрлi валюталардағы сенiмдi қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кiрiстiлiктi, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруi тәуекелдерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. Зейнетақы активтерi құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлiгi (портфельдiң 30,6%- ға жуық көлемi) — АҚШ долларында.
Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрiн кеңейтудiң арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кiрiс үлесi тұрақты түрде өсуде.
2020 жылдың басынан берi таза инвестициялық кiрiс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңiнде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бiрiншi жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кiрiс 192,45 млрд теңгенi құрады (2019 жылдың осы кезеңiнде 54,74 млрд теңге).
Зейнетақы активтерi бойынша жинақтардың сақталуы мен кiрiстiлiктiң теңгерiмдi деңгейiн ұзақ мерзiмге қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқарушы ретiнде ұлттық валюта — теңгемен де, шетел валютасымен де инвестициялар қабылдайтын әртараптандырылған инвестициялық портфельдi қалыптастыру тұжырымдамасын ұстанады.
БЖЗҚ 2013жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
02.03.2020 ж.
Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзiндi көшiрменi онлайн тәртiбiнде алады
Зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.
Еске сала кетелiк, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегiн алуға құқылы. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық.
Бүгiнде салымшылар мен алушылар зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты:
• Қор кеңсесiне тiкелей келу;
• пошта байланысы;
• электрондық тәсiлдер:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта;
- интернет байланысы (логин мен құпиясөз (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмi және ұялы телефонға жүктелген ENPF мобильдi қосымшасы);
- электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет (ЭЦҚ немесе mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына келетiн бiр реттiк sms-пароль) арқылы ала алады.
Ең ыңғайлы және жылдам тәсiл — бұл үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкiмет порталының жеке кабинетi арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильдi қосымшасын пайдалануға болады.
Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы алған. Бiр жыл iшiнде интернет байланысы тәсiлiн таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейдi. 860 мың адам үзiндi көшiрменi электрондық пошта арқылы алады. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ филиалына келiп алу — танымалдығы жағынан екiншi орында. Бұл тәсiлдi шамамен екi миллионға жуық адам таңдаған. БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта байланысы арқылы алушылар саны бiртiндеп азаюда. Бұл жағдайда iшiне үзiндi көшiрме салынған хат оларға жылына бiр рет жiберiледi. Қазiргi уақытта бұл тәсiлдi таңдағандар саны — 1,3 млн адам. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмен.
Еске саламыз, салымшы мекенжайын ауыстырған жағдайда бұл туралы Қорға хабарлауға мiндеттi. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi көшiрме салынған хатты оған жiбермеуге құқылы.
Салымшы ыңғайлы хабарлау тәсiлiн таңдау үшiн жеке басын куәландыратын құжатпен Қордың жергiлiктi кеңсесiне жүгiнуi тиiс. Егер ЭЦҚ болса, Қор кеңсесiне келмей-ақ, хабарлау тәсiлiн enpf.kz сайтының Жеке кабинетi арқылы таңдауға немесе өзгертуге болады.
28.02.2020 ж.
2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейдi
2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негiзгi көрсеткiштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгенi құрап, бiр жыл iшiнде 16 пайызға өстi.
Зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан. Ал МЗЖ есебiнен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгенi құрады. Бiр жыл iшiндегi өсiм — 15 пайыз.
Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 251,2 млрд теңгеге (өсiм — 25%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсiм — 4%) жеттi.
2020 жылдың қаңтарында зейнетақы жинақтары шамамен 97 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл сан мынадай кiрiс және шығыс ағындарынан қалыптасты:
- 86,7 млрд теңге жарналар түрiнде келiп түскен, бұл көрсеткiш 2019 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 22 пайызға жоғары. Аталмыш соманың 94 пайызы МЗЖ есебiнен толықты — бұл 81,6 млрд теңге. Одан әрi МКЗЖ — 4,9 млрд теңге, ЕЗЖ — 16 млн теңге.
- жыл басынан берi таза инвестициялық табыс ретiнде 28,2 млрд теңге түсiп, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелдi. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен (15,4 млрд теңге) екi еседей жоғары.
Соңғы 12 ай iшiнде зейнетақы жинақтарының табыстылығы — 6,68 пайызды, ал инфляция деңгейi — 5,6 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие.
- 146 мыңнан астам алушы үшiн зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгенi құрады.
05.02.2020 ж.
БЖЗҚ электронды үлгiдегi қызметтерiнiң үлесi 80 пайызға жеттi
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгiде көрсететiн қызметтердi белсендi түрде енгiзуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегiмен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердiң бiрқатары жаңартылып, жетiлдiрiлдi. Солардың бiрi — Қордың мобильдi қосымшасы.
Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн мобильдi қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады. Бұдан басқа Push-хабарлама қызметi енгiзiлдi. Оны пайдалану үшiн ұялы қосымшаны ашып, «Баптау» бөлiмiне кiрген соң, (push-хабарламаны қосу/өшiру) осы қызметтi iске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары келiп түскендiгiн экранда пайда болатын қысқаша хабарлама арқылы дер кезiнде бiлiп отырасыз.
Танымал мессенджерлерге орнатылған сервистер де салымшылардың сұранысына ие болуда. Мысалы, Telegram мессенджерi қажеттi ақпараттарды алуға, қысқаша үзiндi көшiрменi электрондық поштаға жiберуге, Жеке кабинеттiң паролiн қалпына келтiруге, Қор жаңалықтарымен танысуға және оның бөлiмшелерiнiң мекенжайын бiлуге мүмкiндiк бередi.
Бүгiнде БЖЗҚ өзiнiң ресми сайты мен мобильдi қосымшасы арқылы мынадай электрондық қызметтердi көрсетедi:
1) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;
2) жеке деректемелерге, оның iшiнде хабарлау тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;
3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi көшiрменi қарау;
4) ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға жiберу;
5) ЖЗШ бар болуы туралы анықтама алу;
6) ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа редакциядағы шартты («телнұсқа») алу;
7) I немесе II топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу туралы өтiнiш беру;
8) төлемдер және (немесе) қоныс аудару жөнiндегi өтiнiштердiң мәртебесiн, яғни орындалу барысын қадағалау.
Айта кету керек, салымшылардың сұранысы бойынша ең жиi көрсетiлетiн қызмет: жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме беру. 2019 жылы үзiндi көшiрме электрондық үлгiде 13,5 миллион рет сұралған. Одан басқа, цифрлық технологиялардың көмегiмен жеке деректемелердi өзгертуге 62,3 мыңнан астам өтiнiш және жеке зейнетақы шотын ашуға 5 мың өтiнiш қабылданып, хабарлау тәсiлiн белгiлеу/өзгерту бойынша 31,5 мыңнан астам келiсiм рәсiмделген. Басқа электрондық үлгiдегi қызметтер бойынша да өсiм байқалады.
Осылайша БЖЗҚ әрбiр салымшыға қолжетiмдi жоғары технологиялық ұйым ретiнде халыққа өз қызметiн үздiксiз ұсынуда.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
04.02.2020 ж.
БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетiлдi
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсiм 36 пайызға жеттi. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн тiкелей Қор мамандарына жүгiнгендi қалайды. Елiмiз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерiнде шамамен 13 мың операция орындалады.
2019 жылы сәуiр айында БЖЗҚ шалғай елдiмекендердi зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн Қазпоштамен бiрге осы ұлттық оператордың бөлiмшелерi арқылы зейнетақы қызметтерiн көрсету бойынша ортақ жобаны iске қосқан едi.
Қордың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде орналасқан Қазпошта бөлiмшелерiнiң операторлары оқыту курсынан өткен соң, келушiлерге зейнетақы қызметтерiн көрсете бастады. Осылайша қазiргi және болашақ салымшылар БЖЗҚ-ның әр түрлi қызметтерiн, оның iшiнде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн интернет-байланысы тәсiлiне ауыстыру қызметiн алуға қол жеткiзiп, Қазпошта бөлiмшелерi арқылы транфер-агенттiк қызмет көрсету аясында барлығы — 1 298 операция жүзеге асырылды.
03.02.2020 ж.
БЖЗҚ өзiнiң салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледi
2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшiн 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның iшiнде:
- зейнет жасына толуға байланысты — 69,8 млрд теңге;
- мүгедектiгi бар жандарға — 1,8 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 50,5 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша — 27,9 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты — 3,2 млрд теңге;
- өмiрдi сақтандыру бойынша ұйымдарға — 56,9 млрд теңге
- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге төлендi.
Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төлендi. Бұл жерде өсiм сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екi есе жоғары — 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп — былтырғы жылы зейнетақы аннуитетiн алу үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бiрге мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкiндiгi туындады.
03.02.2020 ж.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты
Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бiрi — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткiштер бойынша даму серпiнi оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлiрек — 10 672 567 бiрлiктi құрап, бiр жыл iшiнде 3 пайызға өстi. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған — 9,9 млн бiрлiк. Бұдан кейiнгi орында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар — 0,5 млн бiрлiк. Ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсiм байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны — 54 365 бiрлiкке жетiп, 2018 жылғы көрсеткiштен салыстырғанда 14 пайызға көбейдi.
Зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан. МЗЖ есебiнен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгенi құрап, 2019 жылдың басынан берi 15 пайызға өстi.
Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 246,1 млрд теңгеге (өсiм — 25%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсiм — 4%) жеттi.
2019 жылдың басынан берi салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс — 641,8 млрд теңге. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы — 6,57 пайыз. Ал инфляция деңгейi — 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие.
31.01.2020 ж.
БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсiмiнiң оңайлатылғанына бiр жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн БЖЗҚ-ның жергiлiктi кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Алғашқы жарна келiп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөнi, басқа да жеке деректемелерi жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды.
Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесiне тiкелей келген кезiнде хабардар етiледi. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетiне тiркелiп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi алып, одан зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және басқа да ақпараттарды көруге болады.
Жеке кабинетке қол жеткiзу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшесiнiң трансфер-агентiне жүгiнiп, шоттан ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге өтiнiш беру қажет.
Ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдаған соң, Қор қызметкерi enpf.kz сайты және мобильдi қосымша арқылы жеке кабинетке тiркелуге көмектеседi. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетiнде ақпарат алу тәсiлiн дербес түрде өзгерте аласыз.
27.01.2020
2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi
Зейнетақы активтерiн басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.
Алматы, Қазақстан — 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң көлемi — 10 798,31 млрд теңге болды.
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.
2019 жылы зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,57 пайызды құрады. Ал инфляция деңгейi осы кезеңде 5,4 пайыз болды. Бұл зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендiгiн көрсетедi.
2019 жылы есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 699,77 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
• бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 665,06 млрд теңге;
• бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған табыстар (шығындар) (35,35) млрд теңге;
• шетелдiк валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) (7,37) млрд теңге;
• сыртқы басқарудан түскен табыстар 12,94 млрд теңге;
• басқа активтердi (ТҚҚ) қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) 19,8 млрд теңге;
• басқа да табыстар 44,69 млрд теңгенi құрады.
Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң басым бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына (40,45 пайыз) тиесiлi. Өйткенi ол тұрақты және табысты қаржы құралы. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны — 4 368,01 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 7,64 пайыз. Есептi күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуiне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,8 пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болды.
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай шет елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны — 1 235,06 млрд теңгенi құрап, портфельдегi үлесi — 11,44 пайызды көрсеттi. Есептi күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi шет елдердiң МБҚ өтелуiне қатысты алынған орташа табыстылық шетел валютасында жылына 2,2 пайызды құрады.
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының портфельдегi үлесi — 14,86 пайыз болды. Осы қаржы құралының ағымдағы құны — 1 604,96 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 23,47 пайыз. Есептi күнге қарай ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,4 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсеттi.
Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң қаржы құралдары былайша көрсетiлген: портфельдiң 10,96 пайызы осы банктердiң облигацияларына тиесiлi. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы — 10,0 пайыз, ал АҚШ долларында — 6,4 пайыз. Депозиттердiң үлесi — 2,36 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы теңгеде — 9,1 пайыз.
Атап өту керек, 2019 жылы зейнетақы активтерiн Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң депозиттерiне орналастыру көлемi 22,74 млрд теңгеге (немесе 8,19%) төмендедi.
Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелi валюталық тұрғыда былайша келтiрiлген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемi — 66,69 пайыз, АҚШ долларында — 30,20 пайыз, басқа валюталарда — 3,11 пайыз болды.
Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.
04.11.2019
2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негiзгi көрсеткiштерi
2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгенi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 10,2 трлн теңге; мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 233,6 млрд теңге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы — 1,9 млрд теңге болды.
Жыл басынан берi зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өстi. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша түсiмдер — 714,3 млрд теңге; таза инвестициялық табыс көлемi — 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдерi — 154,2 млрд теңге болды.
Есептi кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның iшiнде 273,6 мың шот МЗЖ есебiнен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейiнгi салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы мiндеттi зейнетақы жарналарының орташа сомасы — 17 149 теңгеге жеттi.
2019 жылдың 9 айы iшiнде белсендi салымшылардың саны — 6,1 млн адам, олардың iшiнде 6 және одан да көп жарна жасағандар — 4,6 млн адам болды.
(2018 жылы белсендi салымшылардың саны — 6,4 млн адам, олардың iшiнде 6 жарнадан 12 жарнаға дейiн аударғандар саны — 4,96 млн адам болған едi).
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,3 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.
Жыл басынан берi зейнетақы төлемдерi 154,2 млрд теңгеге жеттi. (Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның iшiнде:
- зейнет жасына толуға байланысты — 51,0 млрд теңге;
- 1 және 2 топтарда мерзiмсiз мүгедектiгi бар жандарға — 1,3 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 35,1 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша — 20,2 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты — 2,3 млрд теңге;
- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге;
- өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) — 44,1 млрд теңге төлендi.
Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердiң орташа сомасы 21 022 теңгенi құрады. Бұл ретте ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.
МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жеттi. Оның iшiнде жинақтардың орташа сомасы ерлерде — 1,2 млн теңге, ал әйелдерде — 0,92 млн теңгенi құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемi — 5,1 млн теңге, ал әйелдерде — 3,9 млн теңгеге жеттi.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан ойлану керектiгi туралы тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын белсендi жүргiзiп келедi. Мысалы, 2019 жылдың 9 айы iшiнде ел өңiрлерiндегi түрлi кәсiпорындарда 25,5 мың көшпелi шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.
Есептi кезеңде зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге асырылды. Олардың басым бөлiгi, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгiде орындалды. Есептi кезеңде БЖЗҚ кеңселерiнде 2,5 млн қызмет көрсетiлдi. Қордың республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215 кеңсесiнде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың 220 елдiмекенде орналасқан бөлiмшелерiнде БЖЗҚ қызметтерi iшiнара қолжетiмдi.
БЖЗҚ-ның әр түрлi байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтiк желiлер, мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша қойған 508,2 мың өтiнiшi қаралып, өңделдi.
Тұрғындарға арналған «Ашық есiк күндерi» және журналистер мен сарапшыларға арналған «Қаржы журналистикасы мектебi» шаралары тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады. Олардан басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткiзiледi.
Қор сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және жетiлдiру жұмыстарын тұрақты жүргiзiп келедi. Мысалы, Қор мамандарының күшiмен әзiрленген ұялы қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түстi. Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.
16.08.2019
2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негiзгi көрсеткiштерi
Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары
2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрi бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 8 пайызға, ал бiр жыл iшiнде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өстi.
Зейнетақы шоттарының барлық түрi бойынша келiп түскен зейнетақы жарналарының сомасы жыл басынан берi 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгенi құраса, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жеттi.
2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан берi 152 мыңдай шотқа көбейiп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерiлдi), 10,3 млн бiрлiктi құрады.
2019 жылдың жетi айы iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 124 млрд астам теңгенi құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер — 43,9 млрд теңге, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер — 26,2 млрд теңге, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемiнiң елеулi түрде артқанын атап өткен жөн (2018 жылдың 7 айы iшiнде ол 11,1 млрд сәл астам теңгенi құраған едi). Өйткенi 2019 жылы мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiлген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өттi. Сәйкесiнше өз пайдаларына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мүмкiндiгiне ие болды. Бiрақ бұл үшiн Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегi зейнетақыны төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Жыл басынан бастап күнi бүгiнге дейiн 1,2 мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгердi. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық жинақтары есебiнен шамамен 16,2 млрд теңгенi аударды. Осылайша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшiн Қордан МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу түрiндегi жеңiлдiк толығымен жүзеге асырылып жатыр.
2019 жылдың 7 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан берi 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткiштi жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетiп отыр.
01.08.2019
2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi
2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 9,99 трлн. теңгенi құрады.
Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2018 жылдың шiлде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай iшiнде) 9,4 пайызға жеттi. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi.
2019 жылдың басынан берi есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд. теңгеден асты.
Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi борыштық қаржы құралдарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның iшiнде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық — жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдiк валютада — жылдық 3,7 пайызды құрады.
Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесiлi. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бiрi. Есептi күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 4,5 пайызды құрады.
Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шiлдесiне 1 446,22 млрд теңгенi құрап, жыл басынан берi 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегi үлесi 14,47 пайызды құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiнде шетел мемлекеттерiнiң МБҚ өтеуге орташа алынған кiрiстiлiгi есептi күнге 3,2 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдарының 2019 жылдың 1 шiлдесiндегi облигациялары зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң 13,71 пайызын құрады. Есептi күнге ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен — жылдық 5,0 пайызды құрады.
Екiншi деңгейлi қазақстандық банктердiң қаржы құралдары былайша келтiрiлген: портфельдiң 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кiрiстiлiгi ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердiң үлесi орташа алынған кiрiстiлiкпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жеттi.
БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша көрiнiс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар — 68,23 пайыз, АҚШ долларында — 31,36 пайыз, басқа валюталарда — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,42 пайызын құрады.
Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:
https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/f65/f657f047351a31b5e726c10056d5da2c.pdf
Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.
01.08.2019
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындысын жариялады
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi сенiмдi оң динамиканы көрсетедi: 2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгенi құрап, жыл басынан берi 7%-ға немесе 615 млрд. теңгеге ұлғайды.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруi 464,8 млрд. теңге мөлшерiнде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд. теңге мөлшерiндегi зейнетақы төлемдерiнiң, сондай-ақ, 257,5 млрд. теңге көлемiндегi инвестициялық кiрiстiң түсулерiмен байланысты.
01.07.2019 ж. қарай мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгенi, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен — 220,0 млрд. теңгенi, ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен — 1,9 млрд. теңгенi құрады.
2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өстi (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).
Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн. шотты құрады.
Техникалық (сәйкестендiрiлмеген) шоттар саны есептiк кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейiн 7%-ға азайды.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшiн жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейiнгi топты құрады, 36,2% — 21-ден 30 жасты, 18,3% — 31-ден 40 жасты, 13,6% — 41-ден 50 жасқа дейiнгi, 9,9% — 51 жастан жоғары топтарды құрады.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгенi құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд. теңгенi құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлендi. Салыстыру үшiн — өткен жылдың осы кезеңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 100,9 млрд. теңгенi құрады.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 257,5 млрд. теңгенi құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтерi соңғы 12 айда 4% мөлшерiнде нақты оң кiрiстiлiкке ие.
«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. — 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлерi 59,8 мың көшпелi тұсаукесерлер өткiзiп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдiң жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор кеңселерiнде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор қызметiнiң 80,5%-ы электронды форматта (онлайн) жүргiзiлдi.
2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор әртүрлi байланыс арналары арқылы келiп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерiн қабылдап, өңдедi.
03.06.2019 ж.
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан берi жинақталған инвестициялық табыс оң сипатқа ие
Ағымдағы жылдың 4 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемi 154,9 млрд теңгенi құрады. Өткен 12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 10,7 пайызға жетсе, бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,9 пайызды көрсеттi. Осылайша жылдық мерзiмде зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы инфляциядан 5,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Әдетте нарықтық бағалау барысында зейнетақы активтерiнiң портфелiнде бiр қаржы құралы табыс әкелсе, екiншiсi шығын әкелетiнi белгiлi. Бұл жалпы әлемдiк құбылыс. Дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан берi оның зейнетақы активтерiне есептелген қорытынды инвестициялық табыс оң сипатқа ие. Мысалы, 2015 жылдан 2018 жылға дейiнгi аралықта жинақталған оң сипаттағы шынайы табыстылық (жинақталған инфляцияны шегергенде) 8,43 пайызды құрады.
Зейнетақы жинақтарының шынайы табыстылығы 2018 жылы 5,97 пайызды, (бұл ретте жалпы табыстылық 11,27%, ал инфляция деңгейi 5,3%) және 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде жинақталған шынайы табыстылық 9,93 пайызды (бұл ретте жалпы табыстылық 59,38%, ал инфляция 49,45%) құрады.
Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледi және оның көлемi шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшерi мен аударылу жиiлiгiне байланысты.
Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бiрлiгiнiң (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбiр жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгемен және шартты зейнетақы бiрлiгi санымен есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбiр зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бiрлiгiне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемiнде зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. 2019 жылдың 23 мамырына қарай ШЗБ құны — 760,5 теңге дейтiн болсақ, Сiздiң шотыңызға есептелетiн ШЗБ саны 13,2 бiрлiк болады (10 000 теңге/ 760,5 теңге).
2019 жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 762 теңге болды делiк. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерiлдi. Ендi осы күнгi ШЗБ санын есептеп шығарайық. Сiздiң шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негiзiнде былайша қайта бағаланады: 13,2 ШЗБ * 762 теңге = 10 058 теңге. Осылайша Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 24 мамырына қарай 10 058 теңге болады. Бұл жерде зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (58 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралатындығын айта кеткен жөн.
Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейдi. Соның арқасында ШЗБ құны 1,5 теңгеге артты (762 теңге — 760,5 теңге).
ШЗБ құнын Қордың www.enpf.kz сайтының басты бетiнен күн сайын көруге болады. Зейнетақы жинақтарының көлемi жарналардың мөлшерi мен тұрақты аударылуына және инвестициялық табыс сомасына тәуелдi. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды.
БЖЗҚ — Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық легiнiң бiрыңғай әкiмшiсi және операторы. Қордың басты мақсаты — Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкiндiгiне ие болуы үшiн оларға барлық қажеттi жағдайды жасау. Бұл үшiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi одан әрi арттырылып, зейнетақы активтерiнiң есебi шынайы жүргiзiледi, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн арттыруға көмек көрсетiледi.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
22.04.2019 ж.
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу
2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 115,8 млн теңгеге өстi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгенi құрады (жалпы соманың 97,8%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкiл жинақтың 2,2%) және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).
Шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бiрлiктен асты.
Жыл басынан берi Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,8 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.
2019 жылдың екi айы iшiнде зейнетақы төлемдерi 43,0 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 62,8 млрд теңге төлендi. Оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемi жетiлдiрiп келедi. Жыл басынан берi салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi. Бұл ретте электрондық тәсiлмен қызмет көрсету басымдыққа ие — 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берiлген үзiндi көшiрмелердi есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.
«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негiзде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсiпорындарда және сауда орындарында көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiзедi. Жыл басынан берi 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.
2019 жылдың басынан берi бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдiмекендердiң тұрғындарынан) 21 986 жарна келiп түстi. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетiн зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
05.03.2019 ж.
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу
2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгенi құрап, соңғы 12 ай iшiнде 1,6 трлн теңгеге көбейдi. Еске сала кетелiк, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған едi. Осы кезең iшiнде салымшылардың шоттарына үлестiрiлген зейнетақы активтерiнiң өсiмi 21 пайызға жеттi. Бұл ретте зейнетақы активтерi зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.
2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсiмдерiнiң сомасы 70,8 млрд теңгенi құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңiнде бұл көрсеткiш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесiнше бiр жыл iшiндегi өсiм 5,5 млрд теңгеге жетiп отыр. Бұл ретте түсiмдердiң басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналарына (МЗЖ) тиесiлi — 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн мiндеттi зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгенi құрады.
2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары.
12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейi 5,2 пайызды көрсеттi. Яғни, бiр жыл iшiнде зейнетақы активтерi бойынша нақты, таза табыстылық — 6,1 пайызды құрады.
2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкiнiң басқаруына берiлген зейнетақы активтерi портфелiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздардың үлесi 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында — жылдық 4,4 пайызды құрады.
Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының үлесi 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегi көрсеткiштен бiршама жоғары (01.02.2018 ж. — 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттiк ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 5,0 пайызды құрады.
Зейнетақы активтерiнiң портфелiнде ҚР екiншi деңгейдегi банктерi облигацияларының үлесi — 13,3%-ға пайызға жетiп, өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiшпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 15,82%) төмендедi. ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемдi табыстылық жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсеттi.
Шет мемлекеттердiң шетел валютасында номиналданған мемлекеттiк құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесi 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. — 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсеттi.
Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтiрiлген: зейнетақы активтерiнiң 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған.
Зейнетақы активтерi портфелiнiң 72,7 пайызы — рейтингi «AAA»-дан «BBB» дейiн болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы — рейтингi «BB+»-тен «B-»-қа дейiн болатын қаржы құралдарына орналастырылған.
БЖЗҚ-ның сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келедi.
2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бiрлiктi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған шоттар 9,9 млн бiрлiк (95 пайыз), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бiрлiк болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бiрлiктi құрады. Олардың iшiнде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртiбi 2019 жылдың 08 қаңтарында енгiзiлген.
2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемiнде қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электрондық қызметтердiң үлесi 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша 58,7 мың өтiнiшi қаралды. Кәсiпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелi таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оларға 65,3 мың адам қатысты.
2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдерi 31,53 млрд теңгенi, оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгенi, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,65 млрд теңгенi, ҚР шегiнен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер 2,66 млрд теңгенi, мұрагерлiк бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгенi құрады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келiп түстi.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Бiрыңғай жиынтық төлем өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкiндiгiне ие азаматтар барлық төлемдердi оңайлатылған тәртiпте төлеп, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатыса алады.
Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады..
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Жыл басынан берi фрилансерлер мен жеке кәсiпкерлердiң «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түстi
2019 жылдың қаңтар айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келiп түстi.
«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгiзiлген өзгерiстерге байланысты, мынадай өзгерiстер күшiне ендi:
– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын төлейтiн агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.
Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бiрақ мiндеттi емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзiнiң ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшiн ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына төлейдi. Әрi қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзiнiң осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететiн болады.
Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар әрi азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналарын салық агентi болып табылатын жұмыс берушi ғана төлейдi.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы