02.12.2020 ж.
БЖЗҚ салымшылары 155,3 миллиард теңге төлем алды
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 320 335 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 155,3 миллиард теңгеге 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 51,7 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 39,5 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 31,1 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 28,2 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 3,5 млрд теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 1,3 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.
02.12.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ-ның комиссиялық сыйақысы 2021 жылы қаншалықты төмендейдi?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №132 қаулысымен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамының комиссиялық сыйақысының 2021 жылға арналған шамасы:
1) инвестициялық табыс сомасының 2,0 пайызы;
2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,01 пайызы көлемiнде бекiтiлдi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес комиссиялық сыйақының шектi шамасы инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерiнiң айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.
Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгiленетiн комиссиялық сыйақының заңда белгiленген шектi шамалардан төмен нақты шамалары мынадай:
- инвестициялық табыс сомасынан — 3,75 есе;
- зейнетақы активтерiнен — 2,5 есе.
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және Қордың шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргiзедi. Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ комиссияларының мөлшерiн жыл сайын Ұлттық Банк Басқармасы айқындайды. Атап айтқанда, 2020 жылға комиссия мөлшерi инвестициялық табыстың 5%-нан 2%-на дейiн және зейнетақы активтерiнен айына 0,015%-дан 0,011%-ға дейiн айтарлықтай төмендетiлдi.
Заңға сәйкес БЖЗҚ комиссиялық сыйақының екi түрiн де алады және барлық шығындарды, соның iшiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншiктi капиталының өсiмi және меншiктi активтердi инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрi төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Комиссиялық сыйақының салыстырмалы және абсолюттiк шамаларының төмендеуi зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде Ұлттық Банктiң, сондай-ақ, қаржы құралдарын инвестициялық есепке алу, жеке зейнетақы шоттарын дербестендiрiлген есепке алу, салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтерiн көрсету жөнiндегi бiрыңғай оператор ретiнде БЖЗҚ жүргiзген жұмыстың нәтижесi болып табылады.
Жалпы инвестициялық басқаруға және кастодиандық қызметтерге комиссиялық шығыстар төмендетiлдi, бизнес-үдерiстердi автоматтандыру және қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, зейнетақы қызметтерiн электрондық форматқа көшiру және операциялардың жалпы көлемiндегi олардың үлесiн ұлғайту бойынша жүргiзiлген жұмыстар нәтижесiнде, сондай-ақ, әкiмшiлiк шығыстардың бiр бөлiгiн меншiктi активтердi инвестициялаудан түскен кiрiстерден жабу есебiнен БЖЗҚ-ның әкiмшiлiк шығыстары азайтылды.
Комиссиялық сыйақы шамасының айтарлықтай төмендеуi салымшылар мен алушылардың инвестициялық табысы мен зейнетақы жинақтарының көбеюiне оң әсерiн тигiзуде.
10.11.2020 ж.
Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшылары 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды
БЖЗҚ-ның 2020 жылғы 1 қазандағы негiзгi көрсеткiштерi
2020 жылдың тоғыз айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерiнде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсiмге негiзiнен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннiң арқасында қол жеткiзiлдi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасып, 12,2 трлн теңгенi құрады (2020 жылдың басынан бергi өсiм — 16%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсiм — 23%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жеттi (өсiм — 10%).
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бiрлiкке ұлғайды. 01.10.2019 жылы ЖЗШ саны 10,6 млн бiрлiктi (10 576 023) құраса, 01.10.2020 жылға қарай 11,7 млн-нан (11 729 797) асты. Осылайша бiр жылдағы өсiм 11% болды.
Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған — олар шамамен 11 миллион, дәлiрек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергi өсiм — 11%). Одан әрi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан шоттар — 521 681 (өсiм — 2%), ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да бiртiндеп өсуде, қазiр БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны — 56 517 (өсiм — 4%).
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан берi жалпы көлемi 777,07 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылды, бұл 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткiштен 61,7 млрд немесе 9% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,4% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 740,2 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер құрайды, 35,2 млрд теңге МКЗЖ бойынша, ал 353 млн теңге ЕЗЖ бойынша жинақталған.
Төлемдер 138,5 млрд теңгенi құрап, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 33% жасына байланысты төлемдерге (46,1 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (36,1 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша (27,6 млрд теңге), мұрагерлерге (24,5 млрд теңге), жерлеуге (3,01 млрд теңге), мүгедектiк бойынша төлемдерге (1,1 млрд теңге) тиесiлi болды.
10.11.2020 ж.
БЖЗҚ салымшылары 14 миллионнан аса қызмет алды
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсеттi. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық iндетке (COVID-19) байланысты бiрқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда көрсеткiштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткiштерге онлайн-қызметтердi ұсынудың оңтайлы жүйесiнiң арқасында қол жеткiзiлдi, себебi, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемiнiң 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдығы 20,2% немесе 2,2 млн қызметке өстi.
Осылайша салымшылардың көпшiлiгi БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен қызметтердiң толық спектрiн үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.
Шектеу шаралары жеңiлдетiлгеннен кейiн БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлiмшесi өз есiктерiн айқара ашты. Онда қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды тазалау және дезинфекциялау сияқты барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, бiздiң салымшыларымыз 9 айда 1 миллионға жуық, дәлiрек айтқанда 993 044 қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлiмдерi 1 қазандағы жағдай бойынша Қор салымшыларына 76,1 мың қызмет көрсеттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-ның кейбiр қызметтерi «»Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлiмшесiнде де ұсынылады. Осылайша БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ қалалар мен ауылдардағы салымшылар бұрын жақын маңдағы iрi елдi мекендерге баруды қажет еткен қызметтердi ендi еш қиындықсыз алады. Жыл басынан берi «Қазпошта» бөлiмшелерiнде салымшыларға 2930 қызмет көрсетiлдi. Ал «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төмендегi операция түрлерiн жүзеге асыруға болады:
• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);
• хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн).
БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны екi еседен аса артты: 2020 жылы 1,1 млн өтiнiш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңiнде 508,19 мың өтiнiш қабылданды.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да кеңес алуға болады.
05.08.2020 ж.
2020 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ өз салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледi
2020 жылдың алғашқы алты айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 30,2 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,2 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 13,7 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 1,4 млрд теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 805 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгенi құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.
04.08.2020 ж.
2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖЗҚ салымшылары 8,5 миллионнан аса қызметтi онлайн форматта алды
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуiне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының көбеюiне байланысты қауiптi вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар шектеу шараларын енгiзген болатын және өңiрлiк филиалдардың бiр бөлiгi қашықтықтан және байланыссыз қызмет көрсету режимiне ауыстырылып, жұмыстарын сол тәртiппен жалғастыруда. Десек те, бiрқатар шектеулерге қарамастан, БЖЗҚ салымшылары қызметтердi толық көлемде алуда.
Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы мен электрондық жүйелердiң дұрыс жұмыс iстеуiнiң арқасында қазiр «БЖЗҚ» АҚ қызметiнiң 90% — дан астамы онлайн түрде көрсетiлуде. Осылайша, бiздiң салымшылар қызметтердiң толық спектрiн өз денсаулығына қауiп төндiрмей, үйден шықпай-ақ ала алады. Атап айтқанда, БЖЗҚ-ның ресми сайтында және ұялы қосымшасында орналастырылған Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау, көшу және көптеген басқа да мәселелер бойынша берiлген өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау сияқты қызметтерге қол жеткiзе алады.
2020 жылдың 1 шiлдесiне БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионға жуық қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 2,7%-ға жоғары. Барлық қызметтердiң 91,4% немесе 8 566 698 операция электрондық форматта жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн формат танымалдығы 16,4%-ға өстi.
Кейбiр өңiрлерде алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету (филиалдың барлық қызметкерлерiнiң 50%-дан аспайтын құрамын жұмыспен қамтумен) режимi сақталғанына, ал қалған облыстардағы БЖЗҚ бөлiмшелерi бiрқатар шектеу шараларын қалдырғанына қарамастан, кейбiр салымшыларға бұрынғысынша Қор кеңселерiнде қызмет көрсетiледi. Бiрiншi жартыжылдықта бiздiң филиалдарда 730 911 қызмет ұсынылған екен.
Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды одан әрi жалғастыруда. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);
- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
- мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi ресiмдеу.
Қызметтердiң басқа түрлерiн БЖЗҚ-ның корпоративтiк сайтындағы, не ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы алуға кеңес беремiз.
БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететiн бөлiмдер де бар. Қазiргi уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлiгiн тарта отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi көзбе-көз алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу және халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топ мүгедектерiне) қызмет көрсету үшiн барып қызмет көрсетуге қажеттiлiк туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетудi барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады. Барып қызмет көрсету барысында 2020 жылдың 6 айы iшiнде 74 341 операция орындалды.
БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны iс жүзiнде 2,5 есеге артты, 2020 жылы 666 905 өтiнiш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңiнде 298 554 өтiнiш қабылданған.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтiк сайтында, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.
03.08.2020 ж.
Қазақстанның зейнетақы жүйесi көрсеткiштерiн әлем елдерiмен салыстырсақ
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк сайтындағы (www.enpf.kz) «Әлемнiң зейнетақы жүйелерi» бөлiмiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесi бар елдердiң негiзгi көрсеткiштерiне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негiзге ЭЫДҰ, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректерi алынды.
Шолуда жетi ел ұсынылған, олар — Австралия, Дания, Израиль, Мексика, Чили, Эстония және Қазақстан. Барлық елдердiң IЖӨ көлемi, халық саны, зейнеткерлiкке шығу жасы, зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi және тағы басқалар әртүрлi сипатқа ие. Алайда олардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесi бiрiктiредi және кез келген адам мынадай сiлтеме (https://www.enpf.kz/ru/pension-system/world/obzor-osnovnykh-pokazateley-stran-s-nakopitelnoy-pensionnoy-sistemoy.php) бойынша өтiп, материалмен толық таныса алады.
Сондай-ақ, корпоративтiк сайтта Армения, Норвегия, Малайзия, Сингапур және Швецияның зейнетақы жүйелерi бойынша ақпарат ұсынылған. Қор мамандары кестелер мен сызбаларды қолдана отырып, қазақ және орыс тiлдерiнде ыңғайлы пiшiмдегi материалдар дайындады. Бұл бөлiмдi шетелдiк мемлекеттер бойынша жасалған жаңа шолулар мен статистикалық деректер үнемi толықтырып отыратын болады.
10.07.2020 ж.
МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады
Қазiр Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлдi және салымшының жеке қатысуы талап етiлмейдi. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтiнiш ресiмдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне келудiң қажетi жоқ.
Естерiңiзге сала кетейiк, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бiрiншi жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.
Осылайша ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейiн (қоса алғанда) бiрiншi жарна түскен кезде автоматты түрде бiр миллионнан астам шот ашылды, дәлiрек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiнде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.
Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне өзiңiз келiп өтiнiш жасаған кезде ғана жүргiзiледi. Бiрақ БЖЗҚ кеңселерiне келмей-ақ ыңғайлы әдiс таңдауға да болады. Ол үшiн БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшiн Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен тiркелу жеткiлiктi. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бiр-екi қимылымен Сiз ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi ғана алып қоймай, зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және т.б. көре аласыз.
10.07.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам қызмет түрлерiн онлайн режимiнде алуда
Қазақстанның кейбiр қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтердi толық көлемде алуда.
2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерiнiң 90% астамы электрондық форматта көрсетiлдi. Қазiргi заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерiнiң сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердiң көп бөлiгiн үйден шықпай-ақ ала алады.
2020 жылдың алғашқы бес айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 8,2 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi, нақтырақ айтқанда 8 264 756. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 7,3% жоғары. Барлық қызметтердiң 91,1% немесе 7,5 миллионы электрондық форматта көрсетiлдi. Қазiргi уақытта ең танымал қызмет жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу болып табылады: бұл қызметтi 7,7 миллионнан астам салымшы таңдаған. Ол 2019 жылдың 1 маусымындағы көрсеткiштермен салыстырғанда 22,6% өстi. 7,5 миллионға жуық үзiндi көшiрме электронды түрде алынды.
Естерiңiзге сала кетейiк, ресми сайттағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте үзiндi көшiрменi ғана емес, БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау және (немесе) көшуге берiлген өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және т.б.
БЖЗҚ-ның алдына қойған мiндеттерiнiң бiрi — сапалы консультациялық қызметтер көрсету және Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды барынша дамыту. Осылайша ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны шамамен екi есеге өстi. 2020 жылы 558 005 өтiнiш жасалса, 2019 жылдың осы кезеңiндегi өтiнiш саны — 253 063.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы www.enpf.kz корпоративтiк сайтында, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.
10.07.2020 ж.
БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледi
2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 24,7 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер — 14,2 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 13,3 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 8,6 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 894,1 млн теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 661,7 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 22 393 теңгенi құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.
10.07.2020 ж.
БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бiрлiктен асты
БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 маусымындағы негiзгi көрсеткiштерi
2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бiрлiкке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бiрiншi қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бiрлiктi құраса, 1 маусымда бұл көрсеткiш 11,6 миллионға (11 682 546) жеттi.
Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бiр миллионнан асты, дәлiрек айтқанда 11 111 389. Одан кейiнгi орынды иеленген мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жеттi. Ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түстi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны — 55 320.
Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан берi сома 866 миллиард теңгеге немесе 8% ұлғайды.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы МЗЖ есебiнен қалыптасты және 11,4 трлн теңгенi құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд теңге болды (жыл басынан бергi өсiм 12%), ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеден асты (өсiм 7%).
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемiнде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткiштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95% астамы БЖЗҚ — ға МЗЖ түрiнде аударылған түсiмдердiң үлесiнде, оның сомасы — 408 млрд теңге, ал МКЗЖ — 20 млрд теңгеден астам, ЕЗЖ — 134 млн теңгенi құрайды.
Төлемдер 62,4 млрд теңге болды, оның басым бөлiгi жасы бойынша төлемдерге (24,7 млрд теңге), ҚР-дан тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (14,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (13,3 млрд теңге), мұрагерлерге (8,6 млрд теңге), жерлеуге (0,9 млрд теңге) тиесiлi.
2020 жылдың басынан бастап 1 маусымына дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 499 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 272,4 млрд теңгеге артық. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi инфляция 6,7% болғанда 8,9% құрады, яғни зейнетақы активтерi бойынша нақты кiрiстiлiк оң көрсеткiшке ие.
05.06.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ озық электрондық сервисiнiң арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсеттi
2020 жылдың 1 мамырына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерiнiң 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгiзiлген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетiлген қызметтердiң саны азаймақ түгiлi 2019 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда анағұрлым көбiрек болды. Мұндай жетiстiкке электрондық форматта қызмет көрсетудiң орнықты жүйесi арқылы қол жеткiзiлдi.
2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларына 7 миллионнан аса, дәлiрек айтсақ, 7 086 954 қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 15,3% жоғары. 6,4 миллион қызмет электрондық форматта ұсынылды. Қазiргi уақыттағы ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Салымшылар осы қызметтi 6,5 миллион реттен астам пайдаланып, ол 2019 жылғы 1 мамырдағы көрсеткiштермен салыстырғанда 26% өскен. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме шамамен 6,3 миллион рет электрондық нұсқада алынды. Бұл Қор салымшыларының Жеке кабинет қызметiнiң артықшылығын сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасында жоғары бағалағандарынын бiлдiредi. Өйткенi, кез келген азамат үзiндi көшiрменi екi-үш саусақ қимылымен-ақ алып, өзiнiң жинақтарын үнемi бақылауда ұстай алады.
Естерiңiзге сала кетейiк, Жеке кабинетте тек үзiндi көшiрменi ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.
Бұған қоса бiр жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу жөнiндегi ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу мақсатында жүгiнудiң қажетi жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткiштерiнен 12 есе артық.
Төтенше жағдай режимiнiң тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимiнiң сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бiрқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлiмшелерi кеңседе жұмыс iстеу үшiн филиал бөлiмшелерiндегi штат санының 50% аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.
Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);
- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
05.06.2020 ж.
Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерiн қалай бiлуге болады?
enpf.kz сайтындағы болжамды калькуляторға жаңа функция қосылды
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбiр салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердiң бiрi — Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзiнiң болашақ зейнетақы төлемдерiн дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлi зейнетақы жүйесi аясындағы мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.
Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшiн болжамды калькулятордағы туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажеттi бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебi екi-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.
Бұдан әрi Сiз БЖЗҚ-дан берiлетiн болашақ төлемдерiңiздi есептеу нәтижесiн көресiз, олар үш сценарийде берiледi: пессимистiк, шынайы және оптимистiк. Барлық үш нұсқа кiрiстiлiктiң болжамды деңгейiн ескередi. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көрiнiсте (болжамның тиiстi кезеңiнiң инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлiкке шығатын жасыңыз бен мерзiмдi, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т.б. көре аласыз.
Болжамды калькуляторға жаңа функция қосылғанын ескерте кеткiмiз келедi. Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан) болжамды мөлшерi зейнеткерлiк жасқа толуға жеткiлiктi болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау және зейнетақы төлемдерiн өмiр бойына алу мүмкiндiгi туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берiлетiн аннуитеттiк төлемнiң болжамды мөлшерiн сол жерде бiлуге мүмкiндiк бередi, осылайша Сiз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берiлетiн төлемдермен өзiңiзше салыстыруға қол жеткiзесiз.
Естерiңiзге сала кетейiк, enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшiн ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткiлiктi сомасын есептеу мүмкiндiгi де бар, ол үшiн Сiзге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.
05.06.2020 ж.
1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтерi Қазпоштаның 304 бөлiмшесiнде қолжетiмдi
Елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны сәттi атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзi болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткiзiлгеннен кейiн зейнетақы қызметтерi БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елдi мекендерде енгiзiлдi. Ендi салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан iрi елдi мекендерге бару керек болған қызметтердi еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзiнде ұлттық пошта желiсi операторының шамамен 200 бөлiмшесi iске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлiмшеден асып түстi. Әсiресе Қарағанды және Түркiстан облыстарында БЖЗҚ қызметтерi көрсетiлетiн Қазпошта бөлiмшелерiнiң саны тиiсiнше, 44 және 19 бөлiмшеге толықтырылады.
Естерiңiзге сала кетейiк, тұрғындар Қазпошта бөлiмшелерiнде мына қызмет түрлерiн ала алады:
• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);
• хабарландыру тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қазпоштаның жаңа бөлiмшелерi iске қосылғаннан кейiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республика бойынша белсендiлiгi 142%-ға артады. Қазақстандық ұлттық пошта желiсiнiң операторы арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарындағы елдi мекендер қосылды. Ал барлық елдi мекендердiң толық тiзiмiн enpf.kz сайтынан көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
30.04.2020 ж.
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметiнiң 85 пайызын сандық форматта көрсетедi
Әлемде коронавирустық iндетiнiң (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкiндiктерi жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистерi арқылы қызметтердiң барлық спектрiн алуға еш кедергi келтiрмейдi.
2020 жылдың бiрiншi сәуiрiне Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтiң 84,5% (3,9 млн.) электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда өсiм 6,8% құрады. Көрiп отырғанымыздай, бiздiң салымшылар ақпарат берудiң дәл осы тәсiлiнiң тиiмдi екенiне күн сайын көз жеткiзуде.
Мысалы, Жеке кабинетте тiркелiп, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға және өз жинақтарыңызды екi-үш рет басу арқылы онлайн тәртiбiнде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзiндi көшiрме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттiң артықшылығы — оны Сiз www.enpf.kz корпоративтiк сайтында да, бiздiң ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.
Жеке кабинетте үзiндi көшiрме ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын басқа да бiрқатар қызметтердi алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшiп-қонуға берiлген өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.
Электрондық қызметтердiң танымалдығына қарамастан Қазақстанда карантиндiк шаралар мен төтенше жағдай режимi енгiзiлгенге дейiн БЖЗҚ салымшыларына кеңселерде де белсендi қызмет көрсетiлдi. 2020 жылдың алғашқы үш айында ғана филиалдарда 646 мың қызмет көрсетiлдi, бұл операциялардың жалпы көлемiнiң 13,9%. Бiрiншi тоқсанда, яғни ТЖ режимi енгiзiлгенге дейiн 74 338 барып қызмет көрсетуi жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда өсiм 83,2% құрады. Халық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу мақсатында 200 мыңнан астам азаматқа 6802 барып қызмет көрсететiн презентация өткiзiлдi.
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмiнiң жеңiлдетiлгенiне бiр жылдай уақыт өттi. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу жөнiндегi ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу мақсатында жүгiнудiң қажетi жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты болмаса, қазiр ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы үш айында 70 мыңнан астам зейнетақы шоты ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 27,6% жоғары.
30.04.2020 ж.
Жеке зейнетақы шотынан берiлетiн үзiндi көшiрменiң түрлерi туралы
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы бiрнеше тәсiл арқылы бiлуге болатынын естерiңiзге салады, атап айтсақ:
•Электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тiркелген ЖСН мен парольдi пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».
•Жүйеде авторланып алғаннан кейiн Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.
«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшiн «Интернет» ақпарат беру әдiсiн таңдау қажет. Бұл әрекеттi enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде ЭЦҚ көмегiмен онлайн арқылы аласыз.
Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйi, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кiрiс туралы толық ақпаратты көре алады.
•egov.kz электрондық үкiмет порталында mgov.kz мемлекеттiк мобильдi деректер қорында тiркелген телефон нөмiрiне келетiн ЭЦҚ немесе бiр реттiк пароль көмегiмен алуға болады.
Сiздiң назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi екi түрлi форматта алуға болатынына аударамыз:
зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәлiметтер инвестициялық кiрiс есебiнсiз көрсетiледi,
зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы инвестициялық кiрiс есебi қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбiр салымшылар мен алушылар үзiндi көшiрмелердiң аталған екi түрiн салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көредi.
Сiзге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебi көрсетiлген үзiндi көшiрмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берiлетiн үзiндi көшiрменi алуға кеңес беремiз.
Сондай-ақ үзiндi көшiрменi жылына бiр рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға, сонымен бiрге электрондық пошта мекенжайына өзiңiз таңдап алған кезеңдiлiкпен алуға болады.
Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз Сiздiң меншiгiңiз болып есептеледi. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемiн алу құқығы туындаған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, олар аударған мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталатынына кепiлдiк бередi (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).
24.04.2020 ж.
Карантин кезiнде жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?
Бүкiл әлем бойынша коронавирус (COVID-19) iндетiнiң ойран салғанына бiраз уақыт өттi. Қауiптi дертке шалдыққандар саны бiр миллион адамнан асты. Қасiретi алапат ауыр сырқат Қазақстанды да айналып өтпедi. Елiмiзде тараған вирус барлық облыстарға жетiп, аурухана төсектерiне таңылған адамдар саны күн сайын артуда. Осыған орай елiмiзде төтенше жағдай енгiзу туралы шешiм қабылданып, iрi қалаларда карантин жарияланды.
Осының бәрi әрине, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдарының жұмыс тәртiбiне де әсер еттi. Инфекцияның таралу қауiпiне байланысты Қордың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Kөкшетау қалаларындағы өңiрлiк бөлiмшелерi күндiзгi құжат қабылдауды тоқтатып, салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша қашықтықтан қызмет көрсету режимiне ауыстырылды. Бұл филиалдардағы қашықтықтан қызмет көрсету тәртiбi белгiленген карантин режимi аяқталғанға дейiн жалғасады.
Тiзiмдi қатаң карантин режимiнiң енгiзiлуiне байланысты жаңа қалалардың атаулары толықтыруы мүмкiн. Бiрақ әзiрше Қордың басқа өңiрлiк бөлiмшелерiнде Қор көрсететiн қызметтердiң әлеуметтiк маңыздылығы ескерiле отырып, кейiнге қалдыруға болмайтын және күндiзгi қызмет көрсетудi талап ететiн жағдайларда, enpf.kz сайтында орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекшi қызметкерлер жұмыс iстеуде. Бұл филиалдарда құжаттарды қабылдау арнайы жабдықталған және үнемi дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылуды өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерi (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшiн) нөмiрi бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып, жүзеге асыруға болады.
Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерiнiң төмендегi басым (кейiнге қалдыруға болмайтын) түрлерi бойынша жүзеге асырылатынын ескертемiз:
- салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
- мүгедектiгiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұрагерлiк);
- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтiнiштердi ресiмдеу.
Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.
БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары кез келген мәселе бойынша төмендегi тәсiлдер арқылы жауап ала алады:
1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);
2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;
3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;
4) Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;
6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.
Олардың жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 9:00-ден бастап 18:00 дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.
Қордың кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де қызмет түрлерiн бiз электрондық сервистер — онлайн арқылы алуды табанды түрде ұсынамыз.
Мысалы, БЖЗҚ-дан алынатын ең танымал қызметтердiң бiрi — жеке зейнетақы шотынан үзiндi алу. Қазiргi уақытта оны үйден шықпай-ақ, бiрнеше минут iшiнде еш қиындықсыз оп-оңай алуға болады. Сiз үзiндi көшiрменi enpf.kz. сайтындағы жеке кабинет арқылы ала аласыз. Оған кiру үшiн сайтқа тiркелiп, өз деректерiңiз мен паролiңiздi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткiлiктi. Айта кетейiк, ЭЦҚ-ны қазiр egov.kz сайтындағы электрондық үкiмет порталында онлайн режимiнде алу қолжетiмдi.
Егер құпия сөздi ұмытып қалсаңыз немесе құпия сөз қауiпсiздiк талаптарына сай келмесе, онда Сiзге тiркеуден қайта өту керек. Ол үшiн сiлтеменi пайдалану қажет: www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлiмi, «Тiркеу/Парольдi ұмыттыңыз» қосымша бетi, барлық бағандарды толтыру, Қордың деректер базасында тiркелген электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмiрiн көрсету және «Жiберу» батырмасын басу. Көрсетiлген электрондық мекенжайға немесе ұялы телефон нөмiрiне бiр реттiк парольдi алғаннан кейiн «Бiр реттiк парольдi енгiзу» қосымша бетiн пайдалану қажет. Интернет-көшiрмеге қол жеткiзу үшiн e-mail немесе SMS арқылы алынған бiр реттiк парольдi енгiзiңiз және жаңа парольдi (қаласаңыз) тiркеңiз.
Одан кейiн Сiз өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, үзiндi көшiрменi ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де ала аласыз. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты төлемге өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.
ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi egov.kz электрондық үкiмет сайтынан да алуға болады. Алайда осы тұрғыда бiрқатар сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, электрондық үкiмет сайтынан алынған үзiндi көшiрмеде БЖЗҚ сайтынан алған үзiндi көшiрмеге қарағанда нелiктен азырақ сома көрсетiлген?
Бұған жауап берсек, egov.kz порталында жеке зейнетақы шоты туралы екi түрлi ақпарат алуға болады. Бiрiншiсi, «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу». Бұл анықтамада түскен жарналар туралы ақпарат көрсетiледi, яғни ол жерде Сiздiң жинағыңыз инвестициялық табыстың есебiнсiз көрсетiлген. Егер инвестициялық табыс есептелген үзiндi көшiрменi алғыңыз келсе, онда Сiзге egov.kz сайтындағы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi (инвестициялық табыс есебiмен) туралы ақпарат беру» деп аталатын басқа қызметтi пайдалануға кеңес беремiз. Айтқандай, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) egov.kz сайты арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi ЭЦҚ көмегiмен ғана емес, сондай-ақ салымшының (алушының) mgov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген ұялы телефон нөмiрiне сұраныс жiберiлгеннен кейiн келетiн бiр реттiк sms-паролiн қолдана отырып ала алады.
Қазiр көптеген адамдар компьютер немесе ноутбуктi пайдаланбайды. Барлық қызметтердi смартфон немесе планшеттер арқылы ыңғайлы және жылдам алуға дағдыланған БЖЗҚ салымшылары үшiн қарапайым және көпфункциялы ENPF қосымшасы бар. Ол қазақ және орыс тiлдерiнде, Google Play немесе AppStore арқылы қолжетiмдi.
Осы ұялы қосымшаға тiркелу үшiн пайдаланушы смс-хабарлама арқылы өзiнiң ұялы телефонына жiберiлетiн бiр реттiк парольдi пайдалана алады. Ұялы қосымшада авторланудың екi тәсiлi бар: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ ұялы құрылғыда бар болса, Android үшiн Touch ID және iOS үшiн IOS және Face ID арқылы кiруге болады.
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сiз жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрменi ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиi қойылатын сұрақтарға жауап беретiн онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа да көптеген мүмкiндiктерге қол жеткiзе аласыз.
11.03.2020 ж.
2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан берi 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлiгi, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiм — 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн Қор мамандарына жүгiнгендi жөн санайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ кеңселерiнде Қазақстан бойынша орта есеппен күн сайын 9 мыңдай операция орындалды.
Ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Бiр ай iшiнде 1,3 миллионнан астам үзiндi көшiрме (олардың 93,2 пайызы — электрондық форматта) берiлген. Сонымен қатар салымшылар мен алушылардың жеке деректемелерiн өзгерту қызметi де сұранысқа ие. Бұл қызметтер негiзiнен (85%) Қор кеңселерiнде көрсетiледi.
Айта кетелiк, егер электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, жеке деректемелердi (электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы) enpf.kz сайтында өзгертуге болады. Оны «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiне барып өзгертуге де мүмкiндiк бар.
Бiр ай iшiнде шамамен 51 мың салымшы жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерткен. Салымшылар үзiндi көшiрме алу тәсiлiн негiзiнен Қор кеңселерiнде (42,7 мың қызмет) және көшпелi қызмет көрсету барысында (5,7 мың қызмет) ауыстырған. Хабарлау тәсiлiн ауыстыру қызметiне сұраныс әсiресе қыз мезгiлiнде артады. Мысалы, 2020 жылдың алғашқы айында бұл қызмет бойынша өсiм — 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда екi еседен жоғары болды. Мұның негiзiнен «Мобильдiк кеңсе» жобасы есебiнен өскендiгiн айта кеткен жөн. Жоба аясында салымшыларға қызмет көрсетуде жасанды жер серiгi байланысы қондырғысымен жабдықталған шағын автобус пайдаланылады.
Осылайша шалғай елдiмекендердiң тұрғындары Мобильдiк кеңсе арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу, зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерту және басқа да қызметтердi ала алады.
Қазiргi уақытта БЖЗҚ мобильдi кеңселерi елiмiздiң 10 облысында (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары) жұмыс iстейдi.
Ал 2020 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы Батыс Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.
11.03.2020 ж.
Ерiктi зейнетақы жарналары — төлеу оңай!
БЖЗҚ салымшылары ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жасалған шарт бойынша жарналарды электрондық әдiспен қалай төлейдi?
Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлi банк қосымшаларын жиi пайдалануда. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдiстен қалыс қалмай, өз қызметтерiн әр түрлi электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесiн мемлекеттiк органдармен ғана емес, екiншi деңгейдегi банк жүйелерiмен де ықпалдастыруды қолға алды.
Ерiктi зейнетақы шоттарына жарналарды Kaspi.kz мобильдi қосымшасы арқылы аудару — БЖЗҚ салымшылары үшiн керемет жаңалық болды. Қазiргi уақытта Kaspi.kz қосымшасын пайдаланатын кез келген азамат ерiктi зейнетақы шотына жарналарды ешқандай комиссиясыз аудара алады. Бұл үшiн оның жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген әрi интернетке қосылған смартфоны немесе планшетi болса жеткiлiктi. Әрi қарай жарна аудару өте тез, жеңiл әрi ыңғайлы. Бұл үшiн Kaspi.kz қосымшасына кiрiп, «Төлемдер» бөлiмiндегi iздеу жолағына — «Ерiктi зейнетақы жарналары» деп жазу керек. Бұдан кейiн ЖСН бағанын толтырып, қажеттi соманы енгiзсеңiз болғаны.
Айта кетелiк, өзiңiздiң ғана емес, кез келген үшiншi тұлғаның — мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тiптi жас балаңыздың да ерiктi зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшiн оның жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзсеңiз жетiп жатыр. Ерiктi жарналарды кәмелетке толмағандардың атына да аударуға болады.
Бұдан басқа ерiктi зейнетақы шотын өзiне-өзi қызмет көрсетушi Halyk Bank терминалы арқылы да толықтыруға мүмкiндiк бар. Мұндай құрылғылар аталмыш банктiң әрбiр бөлiмшесiнде орнатылған. Бұл жерде төлем сомасының 0,3 пайызы көлемiнде комиссия ұсталынады (комиссия 100 теңгеден төмен болмайды).
Сонымен қатар ерiктi жарналарды дәстүрлi тәсiлмен — екiншi деңгейдегi банктердiң кассасы немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда да тиiстi комиссия қарастырылған.
11.03.2020 ж.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 100 мың теңгеден асты
2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төлендi
2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшiн зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде:
- зейнет жасына толуға байланысты — 7,4 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 4,8 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,6 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша — 2,5 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты — 311 млн теңге;
- мүгедектiгi бар жандарға — 200 млн теңге төлендi.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 100 803 теңге болды.
Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектiк, мұрагерлiк және сот шешiмi бойынша бiржолғы төлемдер кiредi. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 446 794 теңге болды.
27.01.2020 ж.
БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап бередi
1. Биыл 25 ақпанда менiң анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшiн құжаттарды қайда тапсыру керек?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың iшiнде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы. Осылайша Сiздiң анаңыз 59,5 жасқа толуға 10 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 15 тамызында зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш бере алады. Алайда есiңiзде болсын, зейнетақыны 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейiн рәсiмдеу керек. Егер анаңыз одан кешiктiрсе өтiнiштi 2021 жылы 60 жасқа толғанда беруiне тура келедi.
Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу бойынша бiрыңғай өтiнiш пен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.
Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтiнiшi Мемлекеттiк корпорацияға тiркелген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде немесе Қордан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар арнайы кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады.
Зейнетақыны рәсiмдеу үшiн ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
жеке басты куәландыратын құжат;
банк шотының нөмiрi;
жұмыс орнынан айлық табыстар және мiндеттi зейнетақы жарналары туралы анықтама;
еңбек кiтапшасы;
бiлiмi туралы диплом;
әскери билет (қорғаныс iстерi бойынша жергiлiктi басқармадан);
неке туралы куәлiк;
балалардың туу туралы куәлiктерi.
Туу туралы куәлiк жоқ болса, актiлiк жазбадан үзiндi-көшiрменi немесе азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттiк корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергiлiктi филиалдарының бiрiнен бiле аласыз.
2. Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кеншi болып еңбек еттiм. 55 жасымда зейнеткерлiкке шықсам деп едiм. Аннуитеттi пайдалана отырып, мерзiмiнен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңiз екен.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Бұл ретте зейнетақы аннуитетi шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда жүргiзiледi.
Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мақсатында жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын есептеу үшiн бiздiң сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады.
Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесiне тiкелей өзi келуi немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген тұлға құжаттарды Қор кеңсесiне тiкелей өзi әкелуi тиiс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тiзiмi Қор сайтында «Қызметтер» — «Салымшылар» — -«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлiмiнде орналасқан.
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.
3. Саламатсыз ба, бұдан екi жыл бұрын жұбайым екеумiз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едiк. Алайда қазiр қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенiм, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бiр бөлiгiн несиенi өтеуге пайдалансақ болады ма?
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын несиенi өтеуге пайдалану мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгiленген мақсатқа ғана, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға қолданылуы мүмкiн.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленедi.
Оларға қоса мүгедектiгi бар жандар I немесе II топтағы мүгедектiгiнiң мерзiмсiз, яғни, өмiр бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн ала алады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.
Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.
Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзiмiнен бұрын алуға мүмкiндiк бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол — 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс.
4. Қайырлы күн, мен зейнетақы шотымнан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайтының жеке кабинетiнен алып тұратынмын. Бiрақ соңғы бiрнеше айда жеке кабинетке кiрмеген соң, паролiмдi ұмытып қалдым. Не iстеймiн, тағы да Қордың бөлiмшесiне баруым керек пе?
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiру үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрi мен құпиясөз (пароль) керек. Егер паролiңiздi ұмытып қалсаңыз, онда қайта тiркеуден өтуiңiз қажет болады. Бұл үшiн Қор сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiрiп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтiп, Қордың дерекқорында тiркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетiп, «Жiберу» түймешiгiн басыңыз.
Енгiзiлген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiште немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмде көрсетiлген деректермен сәйкес болуы керектiгiн ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректердi ұсыну қажет. Көрсетiлген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келiп түскен бiр реттiк парольды алған соң, «Бiр реттiк пароль енгiзу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бiр реттiк парольды енгiзiп, жаңа паролiңiздi тiркеңiз. Сөйтiп үзiндi көшiрмеге қол жеткiзе аласыз.
5. Қайырлы күн! 2005-2006 жылдары менiң жұмыс берушiм зейнетақы қорына жарна ретiнде менiң жалақымның көлемiне сәйкес келмейтiн ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менiң бұрынғы әрiптесiм айтты. Менiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзiндi көшiрменi қалай алуға болады?
Сiздiң басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарыңыз бойынша тарихи мәлiметтердi алу үшiн Бiрыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорының жергiлiктi филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтiнiш беруiңiз керек. БЖЗҚ филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлiмiнде немесе 1418 тегiн телефон нөмiрiне хабарласу арқылы алуға болады.
16.01.2020 ж.
Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиiмдi
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашудың оңайлатылғанына бiр жыл болды.
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлген.
Жеке тұлға МЗЖ аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша танылады. Ал жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi бойынша барлық қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесiне тiкелей келген кезiнде хабардар етiледi. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетiне тiркелiп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi алып, одан зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және басқа да ақпараттарды көруге болады.
Жеке кабинетке қол жеткiзу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшесiнiң трансфер-агентiне жүгiнiп, шоттан ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге өтiнiш беру қажет.
Ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдаған соң, Қор қызметкерi enpf.kz сайты және мобильдi қосымша арқылы жеке кабинетке тiркелуге көмектеседi. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетiнде ақпарат алу тәсiлiн дербес түрде өзгерте аласыз.
20.12.2019 ж.
Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебiнде 200-ден астам адам бiлiмiн жетiлдiрдi
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында осымен төртiншi жыл қатарынан Қаржы журналистикасы мектебiнiң қарқынды курсын өткiздi.
Айта кетелiк, ақпарат беру-түсiндiру жұмыстары халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесi, Қор қызметтерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған. Осындай ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуде БЖЗҚ-ның басты көмекшiсi — әрине, бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан журналистермен, блогерлермен, сондай-ақ журналистика факультеттерiнiң оқытушылары және студенттерiмен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Өйткенi соның арқасында Қор жұмысының ашықтығы, айқындылығы қамтамасыз етiледi. Бұл өз кезегiнде салымшылардың Қорға деген сенiмiн арттыра түседi.
Атап өту керек, курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылды: зейнетақы жүйелерi және «БЖЗҚ» АҚ қызметi туралы; отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi; жинақтау кезеңi — жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап, төлемдердi рәсiмдегенге дейiн; зейнетақыны жоспарлау және есептеу, дербес кеңес беру; зейнетақы қызметтерiне тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; қолданыстағы электрондық қызметтер.
БЖЗҚ басшылығы мен мамандары оқыту кезеңi барысында ашық ақпарат көздерiндегi ақпараттармен жұмыс iстеу бойынша тәжiрибелiк кеңестер берiп, күрделi қаржылық көрсеткiштер мен статистикалық деректердi түсiнуге көмектестi. Қор сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегiмен зейнетақыны жоспарлау және төлемдердi болжамдау бойынша ақыл-кеңес берiп, зейнетақы жүйесiнiң дамуы жайында әңгiмеледi және әр түрлi сұрақтарға жауап бердi. Оқыту курсының соңында қатысушылар алған бiлiмдерiн қорытындылау үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша Kahoot интерактивтiк ойынына қатысты.
Қаржы журналистикасы мектебi осымен төртiншi жылы қатарынан өткiзiлiп келедi және оған қатысуға ниет бiлдiрушiлер саны жылдан жылға арта түсуде. Бұған дейiн курстар негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Ал биылғы жыл бұл тұрғыда айрықша жыл болды. Өйткенi бұл жолы шара Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында өткiзiлдi. Әрбiр қалада қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық байқалып, барлық сұрақтар қызу талқыланды.
2019 жылы жалпы оқыту курстарын өткiзу қорытындысы бойынша 200-ден астам адамға арнайы сертификаттар табыс етiлдi. Алдағы жылы шараны Қазақстанның басқа да қалаларында өткiзу жоспарлануда.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
09.12.2019 ж.
Үзiндi көшiрменi қалай тез алуға болады?
«БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi мен электрондық сервистерiн пайдаланушылар саны жыл санап артып келедi. Бұл ретте Қор мамандары салымшылардың ұсыныс-тiлектерiне ерекше көңiл бөледi. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi алуды тездету үшiн ENPF мобильдi қосымшасы жаңартылды. Ендi ыңғайлы жасалған интерфейс смартфон немесе планшетiңiз арқылы үзiндi көшiрменi тиiстi батырмаларды бар болғаны үш-ақ рет басып алуға мүмкiндiк бередi. Бұл үшiн «Жеке кабинет» белгiшесiн басып, одан әрi «Қызметтер» бөлiмiнен «Электрондық үзiндi көшiрме» iшкi бөлiмiн таңдау қажет. Үзiндi көшiрменi кез келген кезең бойынша қалыптастыруға болады. Одан басқа үзiндi көшiрменiң арнайы QR-коды бар. Онда БЖЗҚ уәкiлеттi қызметкерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылған осы үзiндi көшiрменiң электрондық нұсқасына веб-сiлтеме көрсетiлген.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-II Заңының 7-бабының 1 тармағына сәйкес электрондық құжаттың дәрежесi қағаз нұсқасындағы қол қойылған құжатпен бiрдей.
Зейнетақы шотының жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымша арқылы бiлу үшiн Сiзде шотыңыздан ақпарат алу тәсiлi ретiнде интернет байланысы тәсiлi таңдалған болуы керек. Егер таңдалмаса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қор бөлiмшесiне барып, қосымша келiсiмге қол қойсаңыз жеткiлiктi. Кейiн логин мен құпия сөздiң немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен авторланып, шоттың жай-күйiн бiлуге болады. Бүгiнде логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрi қолданылады.
Пайдаланушылар ұялы қосымшада тiркелу үшiн бiр реттiк парольдi қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретiнде жiберiледi.
Осылайша ұялы қосымшада екi әдiс бойынша: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөздi (пароль) енгiзу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесiне арналған Touch ID және IOS жүйесiне арналған Face ID сканерлiк жүйесiн қолдана алады.
Қордың ұялы қосымшасы әдеттегiдей Google Play және App Store порталдарынан тегiн жүктеп алынады. Бұл ретте пайдаланушы қазақ немесе орыс тiлiн таңдай алады.
Күнi бүгiнге дейiн БЖЗҚ ұялы қосымшасын екi миллионнан астам адам жүктеген. Яғни, Қордың электрондық қызметтерi салымшылар арасында жоғары бағаға ие болып отыр.
15.11.2019 ж.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттiлiгiн еске салады
«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлiк жасқа толған (ерлер — 63 жас және одан жоғары, әйелдер 59 жас және одан жоғары) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерiн алу қажеттiлiгiн хабарлайды.
БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi алушы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына, оның жұмыс кестесiн ескере отырып, кез келген ыңғайлы уақытта жүгiну керектiгiн еске саламыз. Бұл ретте өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толуға 10 күн қалғанда беруге болады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына мына төмендегi өзгерiстердiң енгiзiлiп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгендiгiн хабарлаймыз:
1) әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.
2) БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебiнен зейнетақы төлемдерi:
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға SMS, электрондық пошта, пуш-хабарлама, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-тың пошталық хабарламасы арқылы тұрақты негiзде ақпарат беру жұмыстарын жүргiзiп келедi.
БЖЗҚ зейнеткерлiк жасқа толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар, бiрақ күнi бүгiнге дейiн оларды қандай да бiр себептермен алмаған адамдарға «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының бөлiмшесiне жүгiну қажеттiгiн тағы да ескертедi.
14.10.2019 ж.
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесi туралы бiлiмдерiн жетiлдiрiп, сертификаттар алды
«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi — халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететiн қызметтерi, зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметтiң нәтижелерi, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлi өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкiлдерi, журналистика факультеттерiнiң студенттерi және блогерлер үшiн Қаржы журналистикасы мектебi үлгiсiнде дәрiстер жүргiзiп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы қажеттi мағлұматтар».
Мектептi өткiзудегi мақсат — Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша журналистердiң, блогерлердiң және журналистика факультетi студенттерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкiлдерiнiң олармен кәсiби тұрғыда бiрлесе әрекет жасауына мүмкiндiк беру.
Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады: зейнетақы жүйесiнiң модельдерi, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.
Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшiн Қор сайты және басқа да ақпарат көздерiмен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы кеңестер берiледi.
Аталмыш шара осымен төртiншi жыл өткiзiлiп жатыр. Бұған дейiн ол негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебi Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.
Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.
11.10.2019 ж.
БЖЗҚ өзiнiң географиясын кеңейтiп жатыр
Тағы 126 елдiмекеннiң тұрғындары БЖЗҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы алуға қол жеткiздi
Ағымдағы жылдың сәуiрiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта елiмiздiң шалғай орналасқан елдiмекендерiнiң тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн бiрлескен жобаны iске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.
«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде зейнетақы қызметтерi көрсетiле бастады.
Еске саламыз, бұған дейiн «БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi Қазпоштаның 94 елдiмекендегi бөлiмшелерiнде қолжетiмдi болатын. Ендi олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлiмшесi қосылды. Осылайша бөлiмшелердiң жалпы саны 220-ға жеттi.
Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi ала алады:
Атап өту керек, 2019 жылы республика өңiрлерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретiлетiн қызметтерiмен қамту деңгейi 102 пайызға дейiн өстi.
Зейнетақы қызметтерi ұлттық пошта желiсi арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдiмекендерiнде көрсетiлiп жатыр. Елдiмекендердiң толық тiзiмiн Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.
01.10.2019 ж.
Жоғары оқу орындары студенттерiне арналған байқау
Биыл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттерi арасында — «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттiк жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет бiлдiрушi студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.
Байқауға қатысу үшiн студент жеке өзi немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бiрге жоба әзiрлеуi қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерiктi жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиiмдi жеткiзуге бағытталуы тиiс. Яғни, ақпаратты әр түрлi байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс iстеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т.б.), IT шешiмдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т.б.) және басқа да әдiстер арқылы халыққа жеткiзетiн дайын әрi тиiмдi шешiм болуы қажет.
Қиялға ерiк берiп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздiк идеялар үшiн бағалы сыйлықтар табыс етiледi. Олардың iшiнде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.
Талпынып, әрекет етiп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенiң өмiрiңе оң өзгерiстер енгiзуi ғажап емес! Дәл сенiң жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкiн! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлiмi мен әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында.
Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтiнiмi, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттердi student@enpf.kz электрондық поштасына жiберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментiне 331-66-99 (iшкi 5220) телефон нөмiрi арқылы хабарласуға болады.