Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жүйесін жаңғырту

18.03.2021

2021 жылғы 17 наурыз

Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшiн дәстүрлi iс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) iндетiне байланысты салымшылармен қазiр Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткiзу мүмкiн емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлерi оны кезектi рет виртуалды кеңiстiкте өткiздi.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегiмен үйiнен шықпай-ақ онлайн-iс-шараға қосылып, «Ашық есiк күнiне» қатыса алды.

Iс-шараның тақырыбы — «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтерi». Өткен 2020 жылы адамзаттың жаңа сынаққа тап болғаны белгiлi — бұл covid-19 коронавирустық iндетi. Бiрқатар карантиндiк шектеулер мен локдаун режимi қабылданды, осыған байланысты қызметтердi қашықтықтан, онлайн-форматта алу қажеттiлiгi өстi.

БЖЗҚ дамыған және дұрыс жолға қойылған электрондық технологиялардың арқасында алға қойылған мiндеттi атқара бiлдi және виртуалды кеңiстiкте көрсетiлетiн қызметтер көлемiн 92% дейiн жеткiздi. Бұл салымшыларға енгiзiлген шектеулерге қарамастан қажеттi қызметтердi алуды жалғастыруға мүмкiндiк бердi. Ал әзiрше ғаламтор әлемiн ендi ғана меңгерiп келе жатқан азаматтар үшiн Ашық есiк күнi өткiзiлдi. Бiздiң мамандар оларға жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға көмектестi, enpf.kz сайты мен мобильдi қосымшада зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi қалай қадағалауға болатынын көрсетiп, шарттардың деректемелерiн өзгертудi үйреттi, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыларын есептеп бердi.

Iс-шараға елiмiз бойынша көптеген адам қатысты, олардың әрқайсысы электрондық форматта өткiзiлген «Ашық есiк күнiне» ризашылығын бiлдiрiп, Қор қызметкерлерiнiң қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты түсiнiктi әрi қарапайым әдiстермен жеткiзе бiлетiндерiн атап өттi.

01.03.2021 ж.

Баспасөз анонсы

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қвзметтерді алуға болады.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында 17 наурыз сағат 10:00-де онлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e29e86d55774adef39405bd8189d3527c осы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін 184 919 6424 және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз: c3C6.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында 17 наурыз сағат 12:00-де онлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1430f8dccb541a5da2bbd3df8c24e2a3 осы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін 184 508 2501 және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз: drMH.

Естеріңізде болсын, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында 17 наурыз сағат 15:00-де онлайн-форматта «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e721d1e51fd5fbeff806f46d8283c6f98 осы сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін

event-мәжіліс нөмірін 184 616 5222 және

event-мәжіліс паролін енгізіңіз: dPYe.

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы