Меню

Страницы

Статья

Азаматтар үшін үкімет мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының бөлiмi туралы ақпарат

Телефондары: 8 (71531) 2-13-14, 8 (71531) 2-13-75

Жетекшi — Iлиясов Ермек Қуандықұлы

Орналасқан мекен-жайы: Булаево қ., Юбилейная к-сi, 62

Жұмыс кестесi: күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс күнi.

 

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетiнiн бiлесiз бе? Ол қандай жағдайда төленедi және оған өтiнiштi қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегiдей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтiнiш берудiң бiрнеше жолы бар:

Egov.kz порталы арқылы

Порталға кiрiп, iздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау» деген қызмет атауын терiңiз

Қызметтi онлайн сұратыңыз

Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды

Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгiңiздi растаңыз

ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз

Қызметтiң нәтижесiн жеке қабинетiңiзден бiле аласыз.

ХҚО арқылы

ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз

ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлiк, жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз

Жұмыспен қамту орталығы арқылы

Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тiзiмi тапсырылады.

Ескерту, жәрдемақыға өтiнiш берушi жұмыссыз ретiнде тiркелген және бұған дейiн ресми жұмыс iстеген азамат болуы керек.

Өтiнiш 8 жұмыс күнi iшiнде қаралады

Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейiн төленуi мүмкiн және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады

Жәрдемақы мөлшерi азаматтың әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi төлемдер негiзiнде тағайындалады

Iске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

Бүгін #oqy&toqy айдарында кәмелет жасына толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге арналған анықтаманы алу жолдары жайлы айтпақпыз. Бұл қызметті онлайн алу үшін қолыңызда балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болса жеткілікті.

Egov.kz порталына кіріңіз:

Аталмыш қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз;

Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз;

Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз;

Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз;

«Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз;

Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз;

ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз.

Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Мобильдi азаматтар базасына онлайн тiркелу

Егер сiзге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бiрретiк жасырынсөз арқылы кiру керек болса, сiзден ұялы телефоныңыздың мобильдi азаматтар базасында тiркелуi талап етiледi.

Бұл базада тiркелу өте оңай. Толығырақ Oqy&Toqy айдарында:

1. Egov.kz порталына кiрiңiз

2. Оң жақ төменгi бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз

3. Камера батырмасына басып, бейнетүсiрiлiмге рұқсат берiңiз

4. Байланысқа шыққан операторға жеке куәлiгiңiздi көрсетiңiз

5. ЖСН нөмiрiңiздi, телефон нөмiрiңiздi, телефонға келiп түскен бiр реттiк кодты хабарлаңыз

6. Сiз тiркелдiңiз!

Мобильдi базада тiркеу сiзге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.

«Азаматтарға арналған үкiме» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

  1. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу
  2. Кепілдің (қайта салынған кепілдің) туындауын тіркеу
  3. Пайдалану құқығының, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмірлік асыру құқығының пайда болуын тіркеу
  4. Меншік құқығының пайда болуын тіркеу
  5. Заңдық өзгерістердің туындауын тіркеу
  6. Шарт талаптарының өзгеруін тіркеу
  7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркеу
  8. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылған құқық иесі туралы мәліметтің өзгеруін тіркеу
  9. Кондоминиумды тіркеу
  10. Заңды тұлғалардың таратылуын тіркеу
  11. Жылжымайтын мүлік кепілінің тоқтатылуын тіркеу
  12. Заңдық талап-арыздардың тоқтатылуын тіркеу
  13. Заңды тұлғалар филиалдары мен өкілеттіктерін есептік тіркеуден шешу
  14. Жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге тіркелген құқықтар туралы анықтама беру
  15. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігінің жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама беру
  16. Заңды тұлғалар филиалдары мен өкілеттіктерін есептік тіркеу
  17. Тұратын жерінен мекен-жай анықтамасын беру
  18. Уақытша, ақысыз жер пайдалану құқық актісін беру
  19. Уақытша, ақылы (ұзақ, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқық актісін беру
  20. Тұрақты жер пайдалану құқық актісін беру
  21. Жер учаскесіне жеке меншік құқық актісін беру
  22. Мұрағаттық анықтамаларды беру
  23. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру
  24. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру
  25. Жеңілдіктерге ие тұлғаларға анықтама беру
  26. Қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру
  27. Әскери қызметті өткендігі туралы анықтама беру
  28. Техникалық паспорт беру
  29. Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу
  30. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
  31. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметке лицензия беру
  32. Жерге орналастыру саласындағы қызметке лицензия беру
  33. Тұрғын үй көмегін тағайындау
  34. Мүгедектерді сурдо-тифло заттарымен және гигиеналық заттармен қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу
  35. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан көмекке мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
  36. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою
  37. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою
  38. Шақырылушыларды әскери есептен шығару
  39. Запастағы солдаттар мен сержанттарды әскери есептен шығару
  40. Запастағы офицерлерді әскери есептен шығару
Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы