Меню

Страницы

Статья

Электрондық цифырлық қолтаңба

Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі

1 ҚАДАМ. «Криптопровайдер» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет. Шығарып көшіріп алу.

 

2 ҚАДАМ. Сертификаттарды online-да шығаруға тапсырыс беру

 

3 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының таңдалған Тіркеу орталығына өтініш, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну.

 

4 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталығы құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Деректерді өңдегеннен кейін, өтініште көрсетілген электрондық адреске тіркеу куәліктері жіберіледі.

 

Форматтағы пайдаланушының нұсқаулығы: Word, Rar CHM

 

Құжаттардың тізімі:

Бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) қамтитын заңды тұлғаны мемекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

 

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен тіркеу куәлігінің иесі-тапсырыс берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарының тұпнұсқалары және көшірмелері;

 

Заңды тұлғадан тапсырыс берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне сенімхат;

Тапсырыс берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне жұмыс орнынан анықтама

 

Егер заңды тұлғаның өкілі Тапсырыс берушінің атына Сертификатты алса, бірақ өзі Тіркеу Орталығына келмеген жағдайда өзімен бірге орнатылған үлгіде сенімхат (Ұйым басшысының қолы және Ұйымның мөрі міндетті) және өкілдің тұлғасын куәландыратын құжаттары (жеке куәлік, ҚР паспорты) қосымша болуы қажет.

 

Жеке тұлға үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі

 

1 ҚАДАМ. «Криптопровайдер» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет. Шығарып көшіріп алу.

 

2 ҚАДАМ. Сертификаттарды online-да шығаруға тапсырыс беру

 

3 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының таңдалған Тіркеу орталығына өтініш, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну.

 

4 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталығы құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Деректерді өңдегеннен кейін, өтініште көрсетілген электрондық адреске тіркеу куәліктері жіберіледі.

 

Форматтағы пайдаланушының нұсқаулығы: Word, Rar CHM

 

Құжаттардың тізімі:

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен тіркеу куәлігінің иесі - өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарының тұпнұсқалары және көшірмелері;

 

Егер жеке тұлғаның өкілі өтініш берушінің атына Сертификат алатын болса, бірақ Тіркеу орталығында өзі болмаса, онда өзімен бірге қосымша нотариалды куәландырылған сенімхат болуы қажет.

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы