Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдары үшiн құрылған бiрыңғай конкурстық комиссия ШЕШТI:
«Б» корпусының төменгi болып табылатын мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына — экономикалық секторының бас маманы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлiмi» КММ, (негiзгi қызметкер үш жасқа толғанға дейiн, бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңге, 2023 жылғы 20 сәуiрге дейiн), мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-4, бойынша орналасуға үмiткер — Тастенов Алтынбек Жоламанұлы ұсынылсын.