Хабарландыру
2020 жылғы 24 ақпан
Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесi 56, анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық почта mzhumabaeva-akimat@sko.kz «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:
Бас маман-хатшы, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ, (негiзгi қызметшiнiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша демалысы кезеңiне, 2022 жылғы 11 қаңтарға дейiн), 1 бiрлiк.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-G-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 90963 теңгеден 122463 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:
Ауылдық округ әкiмi аппаратының iсiн жүргiзу, ауылдық округ әкiмiнiң өкiмдерi мен шешiмдерiнiң жобасын әзiрлеу, олардың орындаушыға уақытында жеткiзiлуiн қадағалау, белгiлi бiр нотариалды әрекеттер жасау, интернет-қордың (сайттың) жұмысын ұйымдастыру. Азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерiн, шағымдарын есепке алу, олардың мазмұнын қарау және уақытында ауылдық округ әкiмiнiң қарауына беру. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және бақылау, ЕУОЛ бағдарламасымен жұмыс жасау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. Кадрлық iс жүргiзу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, орындаушыларға жоғары тұрған органдардың, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiн уақытында жеткiзу. Ауылдық округ әкiмi аппаратының құжаттарын номенклатураға сәйкес мұрағатқа тапсыру. Ауылдық округ әкiмiнiң тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргiзу. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргiзуге жауапты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары бiлiм: «құқық» немесе «бiлiм», немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия, зоотехния), немесе «әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес» (маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару)), немесе «қызмет көрсету» (туризм) бейiндерi бойынша.
Мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк: «құқық», немесе «бiлiм», немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния), немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (туризм (салалары бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)) бейiндерi бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару;
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшiн үмiткерлердi тестiлеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуi. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлуi. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдердi қамтиды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесу өткiзуi:
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Байқаушыларды қалыптастыру:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына сарапшылар және байқаушылардың қатысуына рұқсат етiледi. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң mzh.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi, 7 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, почта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесi 56, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты, персоналды басқару жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi, немесе mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық почта арқылы, немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Анықтамаларды 8(71531)21449, факс 8(71531)21557 арқылы алуға болады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.