Меню

Страницы

Статья

Мағжан Жұмабаевтың ескерткіш орындары

Мағжан Жұмабаев мұражайы

Сарытомар а., Мағжан Жұмабаев ауданы

Виртуалды турды бастау

 

1993 жылы Сарытомар ауылында Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына орай салынған. 2008 жылы мұражайға мемлекеттік мәртебе берілді.

Директоры – Жүніспаева Айгүл Тендікқызы. 

Мұражайдың негізгі экспонаттарын М.Жұмабаевтың туыстары мен әйелі Зулейха мұражайға тапсырған, құнды экспонат – Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы Ташкентте жарық көрген 3-ші өлеңдер жинағы.


Мағжан Жұмабаевтың ата-баба тасы бар аллеясы

Жастар а., Мағжан Жұмабаев ауданы

Орнатылған жылы 1993 ж., Жастар ауылынан 2 км қашықтықта, Сасықкөл көлінің жанында орналасқан. Бұл жерде Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің үйі болған.

Қайта жаңарту жылы 2023 ж., жоба құны 15 млн. теңге.


Мағжан Жұмабаев атындағы "Мағжан орталығы" ғылыми-мәдени орталығы

Петропавл қ.

Петропавлда ұлы ақын, философ және ағартушы Мағжан Жұмабаевқа арналған Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-мәдени хаб «Мағжан орталығы» ашылды. 

Жаңа орталық тек естелік орны ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер, мәдени және білім беру бағдарламалары, халықаралық диалогтар мен шығармашылық жобалар өткізілетін заманауи интеллектуалды кеңістік болуға арналған. 

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы ұйымының басшылығы, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.



«Мағжан орталығының» ішкі кеңістігі ақын тұлғасының жан-жақтылығын және оның шығармашылық мұрасының ауқымын көрсетеді. Мұнда Мағжан Жұмабаевтың жұмыс кабинеті ол өмір сүріп, жұмыс істеген ортаға жақындатылған тұрмыстық заттармен және жиһазбен қалпына келтірілген. Түрлі іс-шаралар өткізуге арналған конференц-зал жабдықталған, Мағжанның шығармалары, баспа басылымдары және белгілі қазақстандық және шетелдік жазушылар мен ақындардың кітап жинақтары бар заманауи кітапхана жұмыс істейді. Мұрағат құжаттарын зерттеуге арналған кабинет және «Мағжан» журналының редакциясы жұмыс істейді. Зиялы қауымға арналған шығармашылық алаң, сондай-ақ кездесулер, пікірталастар мен тақырыптық кештер өтетін «Мағжан тану» әдеби клубы ерекше орын алады.


Magzhan Creative & IT орталығы

 Булаево қ.

Виртуалды турды бастау

Цифрлық әлем мен ұлттық қолөнер тоғысындағы инновациялық хаб.

Мұнда жастар жасанды интеллект, 3D-модельдеу және дыбыс жазу студиясында контент жасауды меңгереді.

Бүкіл өңір таланттарының тартылыс орталығы.


Мағжан Жұмабаев атындағы сквер

 Петропавл қ.

Ескерткіш ақынның 125 жылдығына орай 2018 жылы ашылды


Көрнекті қазақ ақыны және ағартушысы Мағжан Жұмабаев бейнеленген мурал.

 Петропавл қ., К.Сүтішев к-сі, 65 

Петропавл қ., Мағжан Жұмабаев к-сі, 95


 

 

Дата публикации
22 июля 2026
Дата обновления
24 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы