Жигалов Николай Владимирович

1960 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Молодежное ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын бітірген. 1982 – 1983 жылдары агроном-тұқым өсіруші, 1983 – 1985 жылдары Булаев ауданы Қарагуга кеңшарының №3 бөлімшесінің басқарушысы болып жұмыс істеді. 1985 – 1988 жылдары – Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1988 – 1989 жылдары – Булаев аудандық ауылшаруашылық бірлестігінің (ААШБ) бас агрономы.
1989 – 1993 жылдары – Булаев аудандық ауылшаруашылық бірлестігінің (ААШБ) директоры. 1993 – 1996 жылдары – «Қарагугинское» ұжымдық кәсіпорнының директоры, 1997 – 1999 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының әкімі. 1999 жылдан бастап – «Қарагугинское» шаруа-фермерлік қожалығының басшысы. 2001 жылдан бастап – «ЖНВ» ЖШС директоры. 2013 жылғы 11 шілдеде Н.В.Жигалов қайтыс болды. Қарақоға ауылында жерленген.
ҚР Президентінің 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 734 Жарлығымен мемлекеттіліктің дамуы мен қалыптасуына, Қазақстан Республикасының егемендігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Жигалов Николай Владимирович «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Н.В.Жигалов басқарған «ЖНВ» ЖШС М.Жұмабаев ауданында ғана емес, облыста да көшбасшы болды. Облыстық Мәслихаттың 2012 жылғы 30 қарашадағы № 9/4 шешімімен Жигалов Н.В.-ға «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 қарашадағы № 9/4 шешімі