Ляпин Юрий Афанасьевич

Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Чистовский кеңшарында дүниеге келген. Жоғары білімді, 1986 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 1974 жылдың сәуірінен басталып, Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Пресноредут орта мектебінің интернат тәрбиешісі болып жұмыс істеді. Кейін Кеңес әскері қатарында қызмет етті (1974 ж. - 1976 ж.). Әскери қызметтен кейін Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түсті (1976 ж. - 1978 ж.). Педагогикалық қызметін Соколов ауданының Березов сегізжылдық мектебінде еңбек, дене шынықтыру, тарих, сызу, сурет пәндерінің мұғалімі ретінде жалғастырды (1978 ж. - 1982 ж.). Кейін Полудино ауылына қоныс аударып, Булаев ауданының Полудин орта мектебінде АӘД, тарих пәндерінің мұғалімі, жүргізу нұсқаушысы болып жұмысын жалғастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Полудин балалар үйінің директоры қызметіне 1993 жылдан бастап кірісіп, 2020 жылға дейін осы қызметте жұмыс істеді. Жалпы педагогикалық өтілі – 46 жыл, осы еңбек ұжымындағы өтілі – 27 жыл.
Заман ағымына ілесуге ұмтылу, директорлық қолтаңбаның басты қасиеті ретінде, балалар үйі жұмысының басым бағыттарын заманауи педагогикалық технологияларды: денсаулық сақтау, тұлғаға бағытталған оқыту, ойын технологиялары, проблемалық оқыту технологияларын белсенді пайдалану түрінде айқындады, бұл балаларды мектепке сапалы дайындауға ықпал етеді.
Юрий Афанасьевич балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттеу мәселелерін үнемі бақылауда ұстап, кейін оларды дұрыс арнаға шебер бағыттады.
Барлық тәрбиеленушілер үйірме жұмысымен қамтылды, соның арқасында концерттік бағдарламамен тек балалар үйінің қабырғасында ғана емес, сонымен қатар ауылдық және аудандық мәдениет үйінің сахнасында өнер көрсетті, сондай-ақ «Солтүстік шұғыласы» балалар шығармашылығының аймақаралық байқауына қатысты (3-дәрежелі Диплом).
Юрий Афанасьевич баланың жеке тұлғасын ізгілікті, ұлттық және интеллектуалдық көріністерінде бай етіп қалыптастыруға ұмтылды. Әкелік талап қоя білді, қатал және принципшіл, сонымен бірге ізетті болды. Балалар Юрий Афанасьевичке сүйіспеншілікпен және құрметпен қарайды, ол әлі күнге дейін олар үшін білікті тәлімгер болып табылады. Юрий Афанасьевич балаларды отбасыларға беру мәселесін шешуге үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның жұмыс істеген уақытында 200-ден астам тәрбиеленуші отбасын тапты.
Юрий Афанасьевич көп жылдар бойы жетім балаларға арналған балалар үйлері мен білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесінің мүшесі болды.
Заманауи басқарушы ретінде Юрий Афанасьевич әрдайым қазіргі педагогикадағы жаңалықты іздеу үстінде болды және өз тәжірибесімен әріптестерімен жомарттықпен бөлісті.
Юрий Афанасьевичтің білім беру мекемесінің басшысы және үлкен әріппен жазылатын педагог ретіндегі қызметі мойындалып, ол марапатталды
-«ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен
-«ҚР Конституциясына 20 жыл» медалімен
-«Қазақстан Ұстазы» медалімен
-«Шапағат» медалімен
-«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Қоғамдық бірлестігінің белгісімен («Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»)
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен
-ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Құрмет грамотасымен
-СҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасымен
-облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен
-аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 21-4 шешімі